Түрі: Сайыс сабағы Барысы



бет3/6
Дата15.05.2022
өлшемі26,56 Kb.
#34493
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мафруза. Туған тілім - тұғырым сайыс сабағы

Сұрақтар:

  1. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

  2. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? (1989 жыл 22 қыркүйек)

  3. ҚР-ның «Тіл туралы» заңы неше тараудан, неше баптан тұрады? (6 тарау, 27 бап)

  4. ҚР-ның «Тіл туралы» заңы қашан қабылданды? (1997 жылы 11 шілде)

  5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі тілдер тобы)

  6. «Қой аузынан шөп алмас» сөз тіркесінің баламасын айт. (Жуас)

  7. «Аузын қу шөппен сүрту» сөз тіркесінің баламасын айт. (Сараңдық, дым жоқ)

  8. Тілге қатысты мақал айт.

  9. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)

  10. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

  11. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)

  12. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)

  13. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

  14. Басқа тілден енген сөздер (кірме)

  15. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)

  16. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)

  17. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

  18. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....

  19. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)

  20. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм

  21. Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы . Алматы

  22. Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. Тәуке

  23. Қазақстандағы ең терең көл. Алакөл 

  24. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Рақымжан Қошқарбаев 

  25. Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел. Қытай 

  26. Ұлы жүздің биі. Төле би 

  27. Қазақтың батыр қыздары. Маметова, Молдағұлова

  28. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір

  29. «Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші. Б.Төлегенова / К.Байсеитова

  30. Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы. «Қыз Жібек»

  31. Қазақстанның ең алғашқы астанасы. Орынбор

  32. Соңғы Конституцияның шыққан жылы. 1995

  33. Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 1997

  34. Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы. 1997

  35. Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланған жыл. 1991

  36. Қазақстан облыстарының саны. 14

  37. Киіз үй неден тұратынын белгіле. шаңырақ, уық, кереге

  38. Әбілхан Қастеев кім? Суретші

  39. Бауыржан Момышұлы кім? Батыр, жазушы

  40. Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта. Құсбегі

  41. Көшпелілердің баспанасы. Киіз үй

  42. Құрманғазыдан бата алған күйшіні ата? Дина Нұрпейісова

  43. Тұңғыш қазақ ғалымы? Шоқан

  44. Балалар әдебиетінің негізін салушы? Ы.Алтынсарин

  45. Тұңғыш педагог? Ы.Алтынсарин

  46. Қазақстандағы ең тұщы көл? Марқакөл

  47. Тұңғыш қазақ газеті? «Түркістан уәлаяты»

  48. Жүз жасаған ақын? Жамбыл

  49. Тоқтар Әубәкіровтың туған жері? Қарағанды

  50. Тудың авторы? Ш.Ниязбеков

  51. Елтаңбаның авторы? Жандарбек Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

  52. Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов. Н.Назарбаев 

 Жүргізуші: Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан ұшқыр ойды қастерлеген. Ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да тіл болған халық. Сөз қадірін ұғынып, ана тілін ардақ тұтқан бүгінгі сайыскерлеріміз «Ұшқыр ой» кезеңінде ат сүрінгенше ақыл тапқан ата дәстүрін жалғастыра алар ма екен? Сайыскерлер, сөз кезегі өздеріңізде. Берілген сұрақтарға қысқа да нұсқа, ұтымды жауап берулеріңіз керек. Ойларыңыз ұшқыр, сөздеріңіз сұлу, ақылдарыңыз тапқыр болсын. Сәттілік тілеймін сіздерге!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет