Қысқаша мағлумат
Біртегіс – біржақты иілмелі жалаң өрім, оң және теріс жағы өзгеше болады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс және жылтыр болады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады (1-сур.).
Туынды біртегіс – жалаң өрім, екі иілмелі біртегістің үйлесуінен тұрады. Осы өрімде біртегістің бір ілмек бағаншасының арасына басқа біртегістің бағаншалары енгізілген.
Өрімнің басты артықшылығы – үзілгенде ілмектердің тарқатылуға төзімділігі жоғары, бұл жай шұлық, спорттық және басқа бұйымдарда аса маңызды.
Туынды біртегіс құрылысының ерекше айырмашылығы аралықтардың болмауы, сондықтан оның ені және ұзына бойы созылуы иірмелі біртегіске қарағанда аз болады. Сондай-ақ, туынды біртегіс қарапайым біртегіске қарағанда тым берік болады. Көбінесе сырт киім трикотажын дайындауға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |