Қысқаша мағлумат
КТ (МТ) – бірфонтуралы трикотаж машинасы. Жатық, тегіс, түкті жаймаларды өндіреді. Осы машиналарда біртегіс өрімін тоқуға жене тегіс немесе өрнекті өрімді жаймаларды алуға болады.
Өндірген жаймаларды іш, сырт киім, спорттық бұйымдарына және технологиялық қажетке жаратуға болады. Ілмек құрау процесі трикотаж тәсілімен орындалады, машина ілгекті инелермен жабдықталған. Инелер горзонтальді немесе вертикальді қозғалтпай бекітеді. КТ (МТ) машинасында инелер тік (вертикальді) орналасқан.
Ілмек құрау мүшелері КТ- 1, КТ- 2, және КТ- 3 шеңберлі трикотаж машиналары келесі ілмек құрау мүшелерінен тұрады: ілгекті ине, игіш платиналар, келтіре-түсіргіш платиналары және прес.
1. КТ-1 машинасының ілгекті инесі
Ілгекті ине (1 сур.) - ұшы ілгекке 4 бүгілген, қимасы дөңгелек тәрізді болаттан жасалынған сымды өзек 1 болып табылады. Ілгектін шеті 3 тұмсығы деп аталады. Ілгектің тұмсығының астыңғы жағында иненің өзегінде шұңқыр 2 болады. Оны ойысы деп атайды.
Пресстеу операциясы кезінде иненің ойысына ілгектің тұмсығы батырылады.
Ашық ілгектің тұмсығы мен ине өзегінің аралығы күзу деп аталады; ол ілмек құрау процессі кезінде жаңа ашық ілмектің ине ілгегінің астына түсуі үшін қажет. Бүгілген жеріндегі өзектен ілгекке ауысқан кездегі иненін шеті 5 бүктеме деп аталынады. Иненің ілгегінде пресстеуге қажет болатын бүкірі болады.
Игіш платиналар (2 а,б сур.) инелік цилиндрдің сыртқы жағынан инелердің аралығына кіретін фигуралы болат пластиналар болып табылады. Олар машинада келесідей 3 функцияны атқарады: 1. жаңа жіпті иненің өзегіне салады. 2. Иненің өзегіне салынған жаңа жіпті иеді, немесе бүгеді. 3. Жаңа ашық ілмектерді ілгектің астыңғы жағына шығару үшін инелер бойымен жоғары көтереді.
Игіш платиналар инелік цилиндрдің сыртқы жағында (2,а сур. қара) орналасқан және цилиндрден айналымды қозғалыс алатын игіш доңғалақта (2,в сур. ) қатты бекітілген.
2 сур. КТ-1 машинасының игіш платиналары мен игіш доңғалағы
Достарыңызбен бөлісу: |