Қысқаша мағлумат
қосарлы трикотажды құрудың негізгі шарты – екі инешектің болуы, олардың әрбіреуінде белгілі ілмек құрау процестердің бірі орындалады және де әрбір инешекте процес бірдей немесе әр түрлі болуы мүмкін.
Екі фонтуралы машиналарда ілмек құрау процесі мынадай тәсілдермен орындалады: трикотажды-тоқу, тоқу және желіжіптік. Әрбір инешектің инелері ілмектерін бірмезгілде, кезегімен (алмасып) немесе тарата әдісімен орындайды.
Бірмезгілді орындау әдісінде ілмек құрау процесі әрбір инешектің инелерінде бірмезгілде орындалады (мысалы, тоқу ілмек құрау әдісінде).
Ілмек құрау процесі кезегімен (алмасып) орындалса, онда алдымен ілмектер бір инешекте, сонан соң екінші инешекте құрылады.
Тарата орындалу тәсілінде трикотаждың ілмектері алдымен бір инешекте, сонан соң екінші инешекте алдында құрылған ілмектерден жіптерді тартып алу арқылы құрайды (мысалы, таратумен тоқу, трикотажды-тоқу тәсілдері).
Инелері жібін жіпжүргізгіштен алып ілмегін құрайтын инешекті активті инешек, ал ілмегін активті инешектен алып құрайтын иеншекті пассивті деп атайды.
Екітерістемелі (айналмалы) трикотаж – қосарлы өрім, екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас (ілмек доғалары басым болады). Бұл өрім ілмек таяқшалары мен ілмек доғаларының алмасуынан алынады, яғни оң ілмек қатары теріс қатарымен алмасады. (1 сур.).
Екітерістемелі трикотаж мынадай қасиеттерге ие болады.
Созылымдылық. Айналмалы трикотаж ені және ұзына бойы бірдей созылады, біртегістен екі есе қалын. Екітерістемелі өрімнің осы қасиетін бас орамалға ұқсас бұйымдарды өндіргенде өте бағалайды, себебі олардың созылуы бойымен және көлденең бірдей болу қажет.
Тарқатылушылық. Екітерістемелі трикотаж біртегіс өрім сияқты жеңіл тарқатылады, себебі оң және терістеме ілмектердің құрылысы біртегістегідей.
Оралымдылық. Екітерістемелі трикотаж шетінен оралмайды, себебі бір ілмек қатарының оралуына басқа қатардың оралуы қарсы келеді.
Айналмалы трикотажды сырт киім (жәкет, жилет, жемпір), жаулық, басқа тартатын орамал алу үшін қолданады. Оларды өндіру үшін жазық және шеңберлі айналмалы машиналарды пайдаланады.
Интерлок (қосластик) – қосарлы өрім, екі айқасқан ластиктің үйлесуінен тұрады, бір-біріне теріс жағымен қосылған. Бір ластиктің екі ілмек бағаншалары таяқшаларының арасына екінші ластиктің ілмек бағаншаларының таяқшалары орналасады, сондықтан «интерлок» деп аталады, яғни айқасқандар (ағылшынша).
2-суретте қара жіптерден алынған ластик 1+1 және ақ жіптерден екінші ластик 1+1 көрсетілген. Қара мен ақ жіптер бір жағынан екінші жағына ауысқанда өзара айқасады.
Созылымдылық. Интерлоктың ерекше белгісі және оң қасиеті оның едәуір серпімді созылуы болады. Сондықтан осы өрімді іш киім, сырт және қолғап бұйымдарын өндіруге кең қолданылады. Интерлок жаймасынан алынған бұйымдар киюге ыңғайлы, денеге қонымдылығы жақсы және қимылдарды қыспайды.
Тарқатылушылық. Интерлок ластикке ұқсас тек тоқу бағытына қарсы тарқатылады, сонымен қатар ластикпен салыстырғанда интерлоктың тарқатылуы едәуір төмен. Мұның себебі интелоктың құрылысының ерекшелігі.
Жайманың оң мен теріс жағы бірдей және оң ілмек бағаншалардан тұрады.
Оралымдылық. Интерлок құрылысының ерекшелігіне байланысты шетінен оралмайды. Сондай-ақ, интерлок өрімді жайма жақсы жылусақтағыш қасиеттерімен сипатталады.
Осы өрімімен интерлок машинасында ерлер және әйелдер іш киімін, ерлер жейдесін, әйелдер костюмын, көйлектерді, жәкеттерді, сонымен қатар биялай мен қолғаптарды дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |