Трикотаж тәсілінің ілмек құрау ерекшелігі. Осы тәсіл бойынша жұмыс істейтін машиналардың жалпы құрылысы, олардың ілмек құрау органдарының конструкциясының ерекшелігі. Кт(МТ) машинасы «Нева», «Тойото» машинасы


Далидович А.С.Основы теории вязания. – М.:Легкая индустрия, 1970.–431 с. 2



бет30/37
Дата03.03.2022
өлшемі2,28 Mb.
#26904
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
1. Далидович А.С.Основы теории вязания. – М.:Легкая индустрия, 1970.–431 с.

2. Кудрявин Л. А. и др. Лабораторный практикум по технологии трикотажного производства. – М.: РИО, МГТУ, 2002 – 476 с.

3. Маханова Ж.Ш., Шкунова Л. В. Трикотаж өндірісінің технологиясы. Оқу құралы. – Алматы, АТУ, 2009г. – 77б.

4. А.А.Гусева Технология и оборудование плосковязального и кругловязального производства. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981. –400 с.
9 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

тақырып Футер тоқымасы. Футерлік өрімдердің параметрін есептеу

Жұмыстың мақсаты: Футерлік жіп кез келген басты және суретті өрімдерге енгізіліп, тоқу. Футерлік трикотаж иірмелі (жалаң не қосарлы) және желіжіптік ерекшелігін анықтау.

Футерлік өрімдерді екі жіптен алады: грунт және футерлі (астарлық). Өрімдердің грунтына қосымша футер (астарлық) жіптері енгізіліп, инелерге іріктеп салынған, бірақ кейін олардан ілмектер тоқылмайтын түрін футерлік деп атайды.

Грунт жіптері әр инеде, ал астарлы (футерлік, әдетте қалыңдау) іріктеліп фонтураның кейбір инелеріне енгізе тоқылады да, жаймағаның теріс жағында созылмаға ұқсас еркін бөлшектерді құрайды. ( 1 сур.)



Футерлік жіп трикотаждың теріс жағында кейбір ілмектердің созылмасында ілініп тұрады. Жайманы өңдеу кезінде осы жіп жылусақғыш түкті құру үшін таралады да, қалың және тығыз түкті құрайды. Сондықтан мұндай трикотажды басқаша ұйпалы деп атайды.






1 сур. Футерлік өрім

Ілмек құрылымында футерлік жіпті бекіту барлық жерде бірдей орындалады: терістемеде жіп созылма түрінде және грунт ілмектердің платиналы доғаларында нобайы түрінде ілініп тұрады.

Грунт өрімінде футерлік жіпті бекіту тәсілі машинаның жұмыс принципын белгілейді.

Салу раппортымен шектелген футерлік жіптің бөлігі екі учаскеге бөлінеді: бірінші учаскеде жіптің грунтке бекітілуі және тұйықталмаған ілмекті футерлік нобайы аталған құруы қамтылады; екінші учаскесі өрімнің терістемесінде еркін орналасады да, футерлік созылма деп аталады.

Өрімдердің және машиналардың барлық түрінде нобайыны құру бір технологиялық сұлба бойынша орындалады: жіп инеге (бірнеше инелерге), ілгек жағынан салынады да, бірден бұрынғы ілмектерге апарылады, осы орындалу тәртіп, оның бұрынғы ілмектер арқылы өтпеуін қамтиды, яғни бірге тоқылмайды. Осы операцияны инеге салу деп атайды.

Нобайыны құру қосымша жүйеде орындалады.

Созылманы құру үшін жіп иненің артқы жағына салынады, нәтижесінде ілмек құрау үдерісіне қатыспайды, сондықтан терістемеде еркін бөлшек түрінде орналасады. Бұл операцияны иненің артына салу деп атайды.

Жіпті инеге және иненің артына салу белгілі кезекпен орындалады, және де футерлік жіптің салу раппортымен анықталады және инелердің іріктелуімен қамтылады.

Ілгекті және тілшікті инелі машинасында өрімнің грунтына футерлік жіпті толық енгізе тоқу үдерісі төрт операцияға бөлінеді:


  1. инелерді іріктеу;

  2. футерлік жіпті инеге салу (нобайыны құру үшін);

  3. футерлік жіпті иненің артына салу (созылманы құру үшін);

  4. футерлік жіптің нобайысын «бекіту».

Аталған операциялар машиналардың барлық түрлерінде бірдей болуына қарамастан, оларды орындау тәсілдері әр түрлі болады.

Ілгекті инелі машиналарда арнайы механизмдерді (шенезаны), ал тілшіктіде екі позициялы инелерді, қосымша не арнаулы кесілген сыналарды пайдаланады.




Астарлық жіпті грунтқа ілмек созылмаларымен бекітеді, олар трикотаждың терістемесінде қалың тығыз түкті құрайды.

Астарлық жіп грунт жіптерін айналып жайманың оң бетіне шығады және сол жерде жайма әдемі емес бұдырмақтылау болады. Сондықтан, жайманың сырт сипатын жақсарту үшін, футерлі трикотажды жамылғылы жіппен өндіреді, ол футер жіптерді оң жағынан жабады.


Ұйпалы трикотаж қалың, берік, жұмсақ, тығыздығы және жылусақтағыш қасиеті басқа өрімдермен салыстырғанда едәуір жоғары болады.

Біртегіске қарағанда, созылғыштығы төмен, оған себеп футер жіптерінің созылмасы.

Осы трикотажды жылы іш киімдер, колғаптар, халаттар, пиджактар, костюмдер және т. б. сырт трикотаж бұйымдарын шығару үшін пайдаланады.

Ұйпалы трикотажды МТ, мальезді, көпқұлыпты, көпжүйелі, интерлок және т.б. машиналарда өндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет