Трикотаж тәсілінің ілмек құрау ерекшелігі. Осы тәсіл бойынша жұмыс істейтін машиналардың жалпы құрылысы, олардың ілмек құрау органдарының конструкциясының ерекшелігі. Кт(МТ) машинасы «Нева», «Тойото» машинасы


МС машинасындағы ілмек құрау процесі



бет9/37
Дата03.03.2022
өлшемі2,28 Mb.
#26904
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс ТТП Абишова Айгкль

МС машинасындағы ілмек құрау процесі

Ілмек қатарын құру үшін, ілмек құрау бөлшектері келесі тәртіппен қозғалады:



  1. Цилиндр ойысында орналасқан инелер қозғалмайтын инелі құлыптардың әсерінен вертикаль бағытта (тік) жылжыйды, ал айналмалы цилиндр оларды горизонталь бағытта жылжытады.

  2. Коронка және платиналы сақинаның ойысында орналасқан платиналар, қозғалмайтын платиналы құлыптардың әсерінен горизонтальді жазықтықта радиальді қозғалады, ал цилиндрмен бірге айналатын коронка мен платиналы сақина оларды горизонталь бағытта жылжытады.

Жіпбағыттаушылар қозғалмастан орнатылады. Олардың жанынан өткен инелерге жіп жіпбағыттаушының көздерінен беріледі.

Ілмек құрау үдерісі тоқу тәсілімен өтеді. (лекцияда)

Қайтарма-үдемелі қозғалысы бар 1 ине алдымен өзінің ең төменгі бастапқы жайында болады. Оның бойында жаңа ғана қалыптасқан ілмек орналасады. Иненің басы платина мұрыншасының жоғарғы деңгейінде болады.

Аяқталу операцияны орындау үшін, ілгектің астынан тілшіктен төмен ілмекті өзек бойынша жылжыту қажет. Осыны орындау мақсатпен 1, 2, 3 және 4 инелер жоғары көтеріледі; осы кезде тарту күшінің әсерінен ілмек вертикальді жайынан горизонтальдіге бұрылады.

Ине жоғары қарай көтерілгенде өзімен бірге бұрынғы ілмекті тартады. Сондықтан бұрынғы ілмек тойтарыс жазықтықта қалу үшін, аяқталу кезеңінде машинаың ортасына қарай жылжый бастаған I, II, III, IV платиналардың мұрыншасымен ұсталып тұрады.

Инелер жоғары көтерілген кезінде I, II, III, IV платиналар қозғалмай тұрады.

Аяқталу орындалғанан кейін (1 суреттегі 5 мен 6 инелерден байқауға болады) инелерге жіп салынады; қозғалмайтын жіпжүргізгіштердің жанынан инелер өтіп жіп алады; сөйтіп салу операциясы орындалады.

Осы кезде V, VI платиналар қозғалмай өзінің мұныншасымен бұрынғы ілмектерді ұстап тұрады.

Одан кейін 6 мен 7 инелер жіпті алып, төмен қарай жылжуын бастайды, ал қозғалмай тұрған бұрынғы ілмек тілшіктің астына жақындап, оны жабады 7 мен 8 инелер). Осы кезеңді престеу деп атайды, бұл кезде тілшік жабылады да, бұрынғы ілмек ілгектің астына кіре алмайды.

Престеумен бірмезгілде салынған жіптің ілгектің астына шығаруы (кіруі) орындалады (6, 7, 8 және 9 инелерде).Ине төмен түскен кезінде бұрынғы ілмек жабық тілшік бойымен иненің бас жағына қарай жылжыйды.






Бұл кезеңді (9 ине) келтіру деп атайды.

1 сур. Тілшікті инелердегі ілмек құрау үдерісі

3 сур. Инелі сыналар: 1 - тоқитын (игіш); 2 - көтергіш
Келтіру кезеңінде бұрынғы ілмектің мөлшері қатты ұлғаяды, әсіресе тілшіктің ойысынан өткенде. Сондықтан бұрынғы ілмектегі жіптің керілуін азайту үшін VII мен VIII платиналар машинаның ортасынан кері шегінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет