Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет104/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   139
Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы
Ол айтты: «Осы жолым – төтем шығар,
Тұзағы түсті өлімнің – кетем шығар! 
Жүзіңді бір көргенді «зейнет» дедім,
Шақырып мұнда сені бейнеттедім».
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Өгдүлміш айтты: «Кісі өмір сүрер,
Онымен ауру-сырқау бірге жүрер.
Тый тілді жаман ойды қуу үшін,
Күнәңды ауру келер жуу үшін.
5855. Білімдар айтқан сөз бар, тыңда бірін,
Білім ғой кетіретін көңіл кірін:
Жазықты жуу үшін ауру жасар, 
Жазықсыз кісі бар ма қадам басар? 
Ауырған бар күнәдан арылады, 
Арылса, бұл адамның көңлі тасар!»
Әркімге көп, аз күнә жабылады, 
Жазықсыз адам қайдан табылады!
Ауруың тәуір болар күнің туып, 
Күнәдан арыларсың шаттық буып.
5860. Керексіз сөзін тоқтат сорлы тілдің,
Сен өзің өлеріңді қайдан білдің?
Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы
Одғұрмыш айтты: «Саған етсем баян,
Өлімді түсімде Алла қылды-ау аян.


482
Түс көрдім, аян берді осы түсім,
Белгілі өлетінім, бітіп ісім.
Қазаны жақсы, жаман Құдай білсе,
Кісіге аян етер кірпік ілсе!»
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Өгдүлміш жауап берді: «Көңіл бұрсаң,
Сөз емес, бұ да жақсы, ойлап тұрсаң.
5865. Өлсе егер әр аурумен әр азамат,
Қала ма жер бетінде бұл адамзат?
Адамды ауру басар – жүз албасты,
Тамырын ол адамның үзе алмас-ты.
Ұйқыда талай түстер торымай ма,
Білгіштер әдемілеп жорымай ма!»
Тарау. Өгдүлміш Одғұрмышқа түс жоруды айтады
«Әуелі түс ілімін білген бойлап,
Біледі жақсы жори терең ойлап.
Түрі көп түс жорудың – болсаң зерек,
Солардың барлық түрін білу керек.
5870. Сен ашып білімсізге айтпа түсті,
Сұрағын білетіннен мұндай істі.
Түсіңді жору бөлек көрсең бұрын,
Басқаша күндіз көрсең – байқа сырын.
Байқасаң, түс – ілімнің көп қой шарты,
Әуелі ақылға сал не деп арты.


483
Жорыма әлде қалай ойға қарап,
Және айтпа әркімдерге құр бейтарап.
«Түс қой» деп түстің бәрін жори берме,
Жорудың әдісі көп – сезімге ерме.
5875. Біліммен жоры түсті жорысаң да,
Жақсылап түсініп ал – сыры сонда.
Түс көрсе, жорытады адам түсті,
Жоқ пайда жорыса оны тек атүсті.
Білімі теңіз адам былай депті,
Іске асыр сен қуанып мұндай кепті:
«Жұрт келсе – түсті жоры айқын, сара,
Зерделеп, тегін біліп, түптеп қара.
Жорысаң түсті қалай – солай болар,
Зияны – жаман айтсаң салар жара!»
5880. Талай түс ішім-жемге байланысты,
Ас жаман болса – қиын, ойлан істі.
Шешеді жыл маусымы кейбір түсті,
Дененің табы білер ондай істі.
Түсінде қызыл көрген, жерді – күлгін,
Көктемде жас адамдар, оны білгін:
Онда жүр адам қысқан қанды ауырлап,
Айтып бер – қан алдырсын қандауырлап.
Бір жігіт жаз кезінде көрсе түсті,
Алқызыл, сары, қызыл – сарғыш түсті,
5885. Тасыған оның өті – босат ішін,
Сүргіні ішу керек оның үшін.


484
Бір адам орта жасар күзде көрсе,
Түсінде құдық, ін, тау түзде көрсе,
Асқынып құмарлығы кеткен әрі,
Тазала миын оның – ішкіз дәрі.
Қарт адам қыста суық көрсе түсін,
Ағын су, қар, су, бұршақ, оны түсін, –
Көбейген қақырығы дәмі кермек,
Ол ішсін ыстық нәрсе, дәрі-дәрмек.
5890. Болады шым-шытырық тағы бір түс,
Болмайды оны жорып – сен одан күс.
Жатарда ойлағаның түске енсе де,
Жору жоқ оны қалай күштенсе де.
Шайтан» түс көрсе – жүрек суынады,
Суға тез оны көрген жуынады.
Ұйқыда көрсе өзінің істер ісін,
Адамның жорып болмас мұндай түсін.
Бәрін де сал ақылға, жина дерек,
Әр түсті ажыратып талдау керек.
5895. Жорушы дана кісі жобалады,
Жорыса түсті қалай – со болады:
«Жорыма ешбір түсті білмей тұрып, 
Ойласаң солай болар қалай бұрып.
Түсіңде қайғы көрсең, ол – қуаныш, 
Қуанған зар жылайды Құдай ұрып!»
Жоруы түстің бір-ақ түрлі болмас, 
Ойламай мұны жақсы көңіл толмас.


485
Жай адам түсін жоры бөлекшелеп, 
Бек түсін жору керек ерекше елеп.
5900. Түс егер би-ойнаққа болса толы,
Адамға ашылады қайғы жолы.
Түсінде жылап жүрсе, сынып сағы
Табады мың қуаныш, шаттық тағы.
Жоры сен енді бір түс кез келерде,
Пайдасы саған емес – өзгелерге.
Жоруы адамына қарайтындай,
Айтылсын оған жору жарайтындай.
Бір түсті көрген біреу болады бек, 
Со түстен біреу кесел болады тек.
5905. Бұлардың бәрін біліп, сабыр етің,
Сонан соң түсті жорып, тап ретін.
Айт ашып, көрдің түстің қай райын, 
Жориын, шешіп айтып, айырайын!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет