Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет2/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

АЛҒЫ СӨЗ
Түркі академиясы халықаралық ұйымы Ғылыми кеңесінің алғашқы 
отырысында 2016 жылы Жүсіп Баласағұнның мың жылдық мерейтойын 
атап өту туралы шешім қабылданды. Аталған игі бастаманың алғышарты 
ретінде және мерейтойға дайындық аясында «Құтты білік» дастанының 
академик Ә.Құрышжанов аударған нұсқасын оқырман назарына ұсынып 
отырмыз. Осылайша Академия түркі дүниесінің тегеурінді тұлғаларының 
мол мәдени мұраларын зерделеп, мерейтойларын атап өту дәстүрін жүйелі 
түрде жалғастыруда.
Әбжан Құрышжанұлы Әбу Хаян, «Кодекс Куманикус», «Әл-Қауанин» 
секілді көптеген көне қыпшақ тілі сөздіктерін аударумен бірге Ахмед 
Жүгінеки, Ахмед Ясауи, Жүсіп Баласағұн сынды ортағасырлық түркі 
ғұламаларының еңбектерін түпнұсқадан тәжімалап, көне мұраларымызды 
игеру мен үйрету ісінде өлшеусіз еңбек сіңірген түркітанушы. Қазіргі 
таңда оның мол мұрасы мен қолжазбалар қоры Түркі академиясының 
кітапханасына табыс етілген. Осы орайда ғалымның бұрын жарияланбаған 
еңбектерін жарыққа шығаруға мүмкіндік берген Әбжан Құрышжанұлының 
отбасына, әсіресе ғалым мұрасын көзінің қарашығындай сақтап келген 
аяулы жары Шазада Есмаханқызына айрықша ризашылығымызды 
білдіреміз.
Айта кету керек, Жүсіп Баласағұн – ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, 
энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері ретінде күллі түркі 
әлемінің мақтанышына айналған тұғырлы тұлға. Атағы әлемді шарлаған 
ақынның «Құтадғұ білік» дастанын зерттеуге бірқатар белгілі ғалымдар 
саналы ғұмырын арнаған. 
«Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталған үш нұсқасы 
бар: Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды; Екіншісі 
араб әріпімен көшірілген Каир нұсқасы; Үшіншісі, Наманган нұсқасы. 
Біз ұсынып отырған Наманган нұсқасын 1913 жылы көрнекті ғалым 
Ахмет-Зәки Уәлиди Тоған Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан 
болатын. «Құтты білік» дастанының араб әріпімен көшірілген ең толық 
нұсқасы саналатын бұл құнды қолжазба Өзбекстан Республикасы 
Ғылым академиясының Әбу Райхан Әл-Бируни атындағы шығыстану 
институтында сақталып келеді.
Түбі бір түркі халықтарына ортақ туындының Ә.Құрышжановтың 
соңғы түзетулерімен шыққан жаңа басылымы ғалымдар мен ізденушілер 
арасында зор сұранысқа ие болып, жалпы көпшілік оқырман үшін игілікті 
басылымға айналар деп сенеміз. 
Құрметпен,
Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті 
Дархан Қыдырәлі


4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет