Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет118/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

 идишчи
деп жазылған. Сөз түбірі
 
идиш
(қазақша: ыдыс, орысша: сосуд, чашка, бокал) екені рас, 
бірақ бұл жерде
 идишчі
деген сөз «шарап құюшы» («виночерпий») 
деген мағына береді («ыдысшы» емес). «Ыдысшы басшысы» 
деген тіркес ешқандай мағына беріп тұрған жоқ.
30. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға қызметшілердің бектер 
алдындағы хақы қандай [болуы] керектігін айтады
Қ.Каримов бұл тарауды былай аударады: «Бектердің 
қызметшілер алдындағы борышы қандай екенін [айтады]». 
С.Н.Иванов басылымында «Огдюльмиш рассказывает Элику об 
обязанностях беков по отношению к слугам» деп береді [2957–
3186]. Қазақша басылымда «Өгдүлміш Елікке қызметшілердің 
хақы, бектердің парызы қандай болу керектігін айтады» деп 
аударылған [2957–3186]. 
31. Бұл тақырып мәтінде аталмаған, патшаның қойған сауалы 
әдеттегі бәйіттер сияқты берілген [2976–2985]. Одан әрі мәтінде 
2
Ж.Баласағұн. Құтты білік. Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі түсінік- 
терін жазған – Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты, ақын Асқар 
Егеубаев. 1986, 289– бет.


534
«Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы» деген тақырып бар 
[2986-3057]. «Бектердің қызметшілер алдындағы міндеттері» 
туралы мәселе осы Өгдүлміштің жауабында айтылады. Әрі қарай 
патша мен Өгдүлміштің өзара «сауал – жауап» болып келетін 
сұхбаттары берілген [3058-3147].
32. Мәтінде «Баб. Күнтогды патша Одғұрмышқа хат жазып 
жібергенін айтады»
Осы тарауда «Патшаның Өгдүлмішке [берген] ақыл-кеңесі» 
деген тақырып бар [3180-3219]. Ол «Тараулардың мазмұны» 
деген бөлімде көрсетілмеген [сонда: 3148-3249 болады].
33. Бұл тарау мәтінде көрсетілмеген (тақырып ретінде 
аталмаған), бірақ Өгдүлміштің Одғұрмыштың үйіне барғаны 
туралы айтылады
34. Бұл тарау мәтінде «Баб. Одғұрмыштың Өгдүлмішпен пікір 
алысуы («мұназара қылмақы»)» деп берілген
«Мұназара» деген сөз орысша «спор, словесный поединок 
в форме вопросов и ответов, беседовать» деген мағына береді. 
Қазақша басылымда бұл екі кісінің «сұхбаттасқаны айтылады» 
деп беріліпті [3318-3511]. Орысша да осылай [3318-3511].
35. Мәтінде бұл тарау жоқ. Орысша және қазақша 
басылымдарында да солай.
36. Мәтінде бұлай берілген: «Одғұрмыш дүниенің айыптарын 
айтады»
37. Мәтінде мұндай тарау жоқ, бірақ «Одғұрмыштың 
Өгдүлмішке берген жауабы» деген тақырып бойынша осы мәселе 
туралы сөз болады
«Құтадғұ білікті» өзбек тіліне тәржіма жасаған Қ.Каримов
3
«Өгдүлміш жауабы Одғұрмышқа булиши керак» деп жазады. 
Орысша және қазақша басылымдарда да осылай.
38. Мәтінде «Алжауаб» деп жазылған
Мұнда Одғұрмыштың патшаға жазып жіберген хаты туралы 
айтылады.
39. Мәтінде «Патшаның Одғұрмышқа хат жазып жібергені 
туралы».
Сонда бұл патшаның Одғұрмышқа жазып жіберген екінші 
3
Юсуф Хос Хожиб. Қутадғу билиг (саодатқа йулловчи билим). Нашрга 
тайерловчи филология фанлари кандидаты Қ.Каримов. Тошкент,1971, 956-бет.


535
хаты болып есептеледі.
40. Мәтінде «Баб. Өгдүлмішке Одғұрмышпен екінші [рет] 
мұназара қылғанын айтады» деп берілген
«Мұназара» сөзі «пікір алысу» деген мағына береді 
(34-сілтемені қараңыз).
41. Мәтінде «Бектерге қызмет қылу мынандай болады» деп 
көрсетілген
Бұл әңгімені Өгдүлміш Одғұрмышқа қаратып айтып отыр.
42. Мәтінде «Қақпадағы қызметшілермен сұхбат сөзі» деп 
берілген
Мұндағы «Сұхбат» деген араб сөзі орысша «сближение, 
близость» деген мағына береді. Біз оны «араласу» деп алдық.
43. Мәтінде бұл тарауда айтылатын тақырыптардың орындары 
ауысып кеткен: «Қандай әйел алу [керектігін] айтады» деген 
тақырып бар [4371-4399]. Келесі тақырып «Баб. Ұл-қыз туса, 
оларды қалай тәрбиелеу [керектігін] айтады» [4400-4422]. Өз 
алдына берілген, бірақ бұл тақырыптар бәйіттердің рет санымен 
сәйкес келмейді.
44. Бұл сөз – Өгдүлміштің Одғұрмышқа түсіндіріп айтқан 
сөзі. Мәтінде бұл тарау екі тақырыпқа бөлініп берілген: 1) «Қара 
халықпен араласу [туралы] сөзі» [4210-4215], 2) «Баб. Өгдүлміш 
Одғұрмышқа қарапайым қара халықпен («қара ғам будунлар 
бірле») [қалай] араласуды үйретеді» [4216-4231]. Бұл жердегі 
«қара» сөзі орысша «чернь», «гам» – «простой люд», «будун» – 
«народ» деген мағына береді.
45. Мәтінде бұл тараудың орны ауысып кеткен: «Баб. Өгдүлміш 
қонаққа («ашқа», яғни «тамаққа») шақыру, қонаққа бару тәртібін 
үйретеді»
Кітаптың мәтінінде бұдан соң тағы бір тақырып бар, ол 
«Тараулардың мазмұнына» ілікпей қалған: «Баб. Өгдүлміш 
Одғұрмышқа қонаққа шақыру үрдісін (тәртібін) үйретеді»
46. Мәтінде бұл тарау жоқ. Орысша, қазақша басылымдарында 
да осылай.
47. Мәтінде бұл тарау жоқ. Орысша, қазақша басылымдарында 
да осылай.
48. Мәтінде «Баб. Одғұрмыш Өгдүлмішке [бұ] дүниеден безіп, 
о дүниеге пейіл беруді айтады»


536
Кітапта «йарынға тапы болмақны айур» деп жазылған, оны
Қ. Каримов өзбекшеге «у дунега мойил булмоқни айтады» 
(орысша: склонный, иметь склонность) деп аударады. Ескі 
түркі тілдерінде «тап» сөзі «воля, желание» және «достаточный, 
достаточно» деген мағына береді. «Тап бол» деген тіркес «быть 
достаточным, хватать» деген ұғым тудырады. С.Н.Иванов 
сөз болып отырған тіркесті осы мағына бойынша аударыпты: 
«довольствоваться тем что есть»
4
. Бұл – әрине, дәл аударма емес. 
Осы пікір кітаптың қазақша аудармасында да орын алыпты. 
«Йарын» сөзі «ертең» («завтра»), яғни «о дүние» деген мағына 
береді. Орыс тіліндегі аудармада бұл сөз ескерусіз қалған.
49. Бұл тарау мәтінде жоқ. Орысша,
 
қазақша басылымдарында 
да солай.
50. Мәтінде «Баб. Күнтоғды патша Одғұрмышты үшінші рет 
шақырып [Өгдүлмішті] жібергенін [айтады]
Осыдан кейін «Тараулардың мазмұны» деген бөлімде 
көрсетілмеген тағы да бір тарау бар: Баб. Одғұрмыштың 
Өгдүлмішке қараңғы түн ішінде келуін айтады»
52. Мәтінде «Баб. Одғұрмыштың Күнтоғды патшаға ақыл–
кеңес бергенін айтады»
53. Мәтінде «Баб. Одғұрмыштың Күнтоғды патшаға елді 
жинатып, заң тәртібін орнатудың қандай болатынын айтады»
54. Мәтінде «Баб. Одғұрмыштың өткен тірлікке ашынып, 
тәубаға келуін айтады»
55. Мәтінде «Әділдікке – әділдік, кісілікке – кісілік қылуды 
айтады, уаллам»
Соңғы сөз – «уаллам» араб тіліндегі «уаллаху ағлам» деген 
тіркестің қысқартып айтылатын түрі, «барлығынан жақсы білетін», 
яғни «Алла» деген мағына береді. Осы «Абай тілінің сөздігінде»: 
«ағламланған» деп келтірілген де, бірақ оған түсінік берілмеген. 
«Ағлам» деген араб сөзі орыс тіліне «знающий лучше всех», 
«уаллам!» «Аллах лучше знает! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет