551
берілген. Қазіргі қазақ тілінде
күні туса
деген тіркес жағымды
мағынада жұмсалады. Біз оны
«құт қонса
да»
деген тіркеспен
ауыстырып беріп отырмыз. С.Н.Иванов оны «таң атқаннан бастап»
деп аударыпты: «Когда в человеке все свойства худы, с
рассвета
во всем у него нелады» [1670-бәйіт]. А.Егеубаев аудармасында
күні туса
деген тіркес
ескерілмей қалған: «Пейілі – тар, жаман
адам жұғысса,
қырсық шалып кері кетер жұмыс та!» [1670-бәйіт].
«Барлық
істің кері кетуі» бұл жерде қырсық шалуға байланысты
емес,
адамның мінез-құлқының жаман болуына байланысты
«Басыңа бақ қонып (яғни «күнің туып») тұрса да, мінез-құлқың
жаман болса, барлық ісің кері кетеді» деген пікір айтылып тұр.
1727.
Айтқан жақсы Йагма бегі – текті ерден.
С.Н.Иванов
Йағма тайпасын Қарахан әулеттерінің мемлекетіне басшылық
еткен қарлұқтар тайпасының батыс жағындағы бір бөлігі деп
түсіндіреді. Тараз қаласына жақын жерде
Йагма
деген ауыл
болған көрінеді (М.Қашқари).
1735.
Сый-мәртебе патша беріп баққан-ды...
Патшаның
Өгдүлмішке Бұл жерде берген нәрселері бесеу:
Достарыңызбен бөлісу: