543
10.
Оғлақ
– Жәді (Ешкімүйіз – Козерог) – 22/12–21/01 арасы
(оғлақ – қазақша: лақ).
11.
Көнек
– Конек (Дәлу, Суқұйғыш – Водолей) – 22/01–1 21/02
арасы.
12.
Балық
– Балық (һүт – Рыба) – 22/02–21/03 арасы.
Бұл он екі шоқжүздыздың үшеуі – оттан жаралған, үшеуі – судан
жаралған, үшеуі – желден (хауадан) және үшеуі –
топырақтан
жаралған.
Осыдан барып, Әлем дүниесі түзілген
деп жазады
автор.
Қазақ тіліндегі алдыңғы үш ай көктемге жатады (Амал, Үт,
Зауза), одан кейінгі үшеуі – жаз айлары (Саратан, Әсет, Сүмбіле),
қалғандары – үш-үштен күз (Таразы, Ақырап, Қауыс) бен
қыс (Жәді, Көнек, һүт) айларына жататын жұлдыздар.
Қазіргі
қазақ күнтізбесі бойынша бұдан басқа
толығырақ мәліметтерді
Х.Әбішұлының «Халық астрономиясы» (1959 ж., 5-6, 207-223 б.)
және «Аспан сыры» (1962 ж., 24-243 б.); М. Ысқақовтың «Халық
календары» (1963 ж
.,
112-117 б.)
деген еңбектерінен қарауға
болады.
Доктор А. Шәріп «Зодиак шоқжұлдыздары көне түрікше
төмендегідей тізбектеледі» деп көрсетеді:
Қозы
(Овен),
Уд
(Телец),
Ерентуз
(Близнецы),
Қушық
(Рак),
Арыстан
(Лев),
Бидайбасы
(дева),
Өлкі
(Весы),
Шаян
(скорпион),
Сұрмерген
(Стрелец),
Ұғлақ
(Козерог),
Көнек
(Водолей),
Балық,
(Рыбы) [А. Шәріп. Водолей –
суқұйғыш, Овен – тоқты емес. – «Егемен Қазақстан», 19/11 - 2003,
6-бет]. Сөздің иіні келген соң айта кетейік: осы мақаласының аты
«Водолей – суқұйғыш емес, Овен – тоқты емес» деп жазғанда,
оның айтайын деп отырған ойы әлдеқайда нақтылау болатын еді.
Бұл тақырып бойынша, «Водолей – суқұйғыш болғанда, Овен –
тоқты емес екен» деген де пікір туып қалуы мүмкін ғой! Жазушы
К. Жүністегі бұл тізімді былайша түзеді:
Қозы, Тана, Қосақ,
Шаян, Арыстан, Үркер, Таразы, Үшарқар, Садақ, Қамбар, Көнек,
Үт.
Бұл жерде ескерте кететін мәселе мынау: көне (ескі) түркі
тілдерінде уд сөзі орысша «корова» деген мағына беретін болған
және астрономияда «созвездие Тельца» деп аталған, календарда
Достарыңызбен бөлісу: