35
Жақсы болсаң –
мақтаулы атың ылайық,
Жаман болсаң – жаманатты қылайық!
Не себептен Заһһақ пасық датталды,
Ал Фаридун «жақсы» деген атты алды?*
Бірі жақсы болғаннан соң мақталды,
Бірі – жаман, сондай аты сақталды.
240. Жақсы ат бар да, жаман ат бар, қарағым,
Сөгесің бе, мақтайсың ба – қарағын!
Екеуінің біреуіне бекін де, –
Не де болса кейін соған өкінбе.
Сыншы кісі осы жайға меңзейді,
Ол біледі елдің ісін, мән-жайды:
«Жақсы аттылар алғыс алып түлейді
Өлсе жаман – жұрты қарғап-сілейді».
Көп сынадым жаманшьшық еткенді,
Өлген бойда аты ұмтылып кетті енді.
245. Байқап ісін жамандардың тіпті енді,
Ей,
білімдар, көрмедім еш біткенді.
Жаман адам от қояды – жетесіз,
Жер жоқ қашар өрттен қалай өтесіз!
Өтті талай бізден бұрын текті ерің,
Қара халық, ел билеген бектерің.
Кім солардан білім алса тәуірлеп,
Сол ұшпаққа шығыпты ғой дәуірлеп.
Болса білім – бетер биік заңғар-ды,
Таратады елге жақсы заңдарды.
36
250. Кім бүгінде «жақсы» деген ат алды,
Сол басы боп жақсылардың аталды.
Зерек
жанның білімі де артады,
Білімдіні ол өзіне тартады.
Ол жұмысын біліп істеп, тасады,
Ел бастауда білімді іске қосады.
Ел байытып, жетістірер сана-ойды,
Ел байлығын «бір мәре» деп санайды.
Игі адамның «жомарт» аты шығады,
Ол өлсе де – «тірі» деп ел ұғады.
255. Өлімге де жұрт әзірлік етеді –
Кейінгіге кітап жазып кетеді.
Соны оқыған білім алып жатады,
Соны ұстаған игілікке батады.
Не қадірлі бұ білімнен аты аса?
Лағынет сөз «білімсіз» деп атаса.
Көпті көріп,
көп нәрсені сынаған
Білімді ердің бір сөзі бар ұнаған:
«Төр төмендер білімсіздер шыққанға,
Босаға – төр осы жайды ұққанға».
260. Білімдіге орын тисе төменнен, –
Сол жерде төр жай ғып берген төбеңнен.
Сый мен құрмет білім үшін нәрі нұр,
Төр бола ма, босаға ма – бәрі бір».
Абзал жандар екі алуан із тастар:
Біреуі – бек, бірі – дана ел бастар.
37
Басқасы – мал [кім оларды сынасын!]
Ұста таңдап анасын не мынасын.
Осы екеудің бірін қала таңдасаң,
Өзгеден қаш, ашып айтшы аңдасаң!
265. Қылышпенен түзейді екен халықты,
Қаламменен түзейді жөн-қалыпты.
Өлген жұрттан қалды «өсиет сөз» деген,
Пайдасы бар өсиеттің жүздеген.
Білімсіздер көр соқыр ғой танымал,
Ей, соқырым, аздап білім танып ал!
Сөз – аз емес «Адам көркі – сөз» делік,
Сөз білгенді дәріптеуді көзделік.
270. Түркіше бір мәтел айтар нақыштап,
Айттым мен де соның жолын нақ ұстап:
«Ақыл көркі – сөз болады, тілде – сөз,
Кісі көркі – жүз болады, жүзде – көз».
Айтылады тілменен сөз, сыр – ішің,
Жақсы сөз де – білсең, жарым ырысың.
Қарап тұрсаң: көп қой түркі бектері,
Соларда бар ерекше бір текті ері:
Оны халық атышулы көреді, –
Құты арылмас Алып Тоңа Ер еді*.
275. Терең білім, сан өнері бар еді,
Ақылы да ел ішінде дара еді.
Тәжік оны «Афрасиаб би» депті,
Талай елді қолында ұстап билепті.
38
Керек білім, барынша бір шеберлік:
Ел басқарып, қол арту да – бек ерлік.
Осыны айтқан тәжікте бар шығарма, –
Ондай кітап болмаса жұрт ұғар ма?
Азулы адам жақсы айтыпты иінді:
«Ер азулы шешер қатты түйінді».
280. Өнері асқан бұ жаһанда
бас болар
Тісті арыстан түз құланын бас салар.
Ел билеуге өнер керек мың түмен,
Ел басынан сонда ашылар түн-тұман.
Әділ заңмен билеп елін, өлкесін,
Қылыш алып қисын жаудың желкесін.
Достарыңызбен бөлісу: