83
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Айтты патша: «Болса әділдік өзінде –
Тіл мен ойы бір боп шығар сөзінде.
Әділ жаннын сырты сай боп ішіне –
Сонда кірер әділдік кеп күшіне.
Ақ жүрегін ашып берсе қақ жарып,
Жүрсе ұялмай, тұрмаса һәм дағдарып.
850. Ерге әділдік керек бақпен өрілген,
«Кісілік» деп оған атақ берілген.
Адам емес –
кісілік қой қымбатты,
Адам – көп қой, әділдік – аз тым тәтті.
Шайыр сөзі дәл осыған мезгеген,
Сен ұғып ал, білсін жұрт та кез кеген:
«Көп қой бұ жұрт жүрген адам мүсінде –
Әділ адам сүйікті сол үшін де.
Жай кісі емес, тек кісілік – қымбат ол,
Мақтар нағыз кісіні жұрт ішінде».
Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
855. «Ей, бақтияр,
нәсібіңді шашып бер,
Тағы да бір сөздің сырын ашып бер:
Жақсы жандар жаман боп та көре ме,
Жамандар да жақсыларға ере ме?»
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
«Екі түрлі, – деді патша, – жақсылар,
Бір
жақсы бар байсал тұрып, бақ сынар.
84
Бір жақсы бар, туа бітіп анадан,
Әділ ұстар бәрін – ісін, сана, жан.
Бір жақсы бар үйлесетін заманмен –
Болар жаман, жақындасса жаманмен.
860. Бар жаманды бөліп екі түріне,
Бір санама, қоспа бірін-біріне.
Баз біреулер жаман болып туады,
Өле-өлгенше осы жолды қуады.
Бір жаман бар –
жағдайымен санасып,
Жақсы болар жақсыларға жанасып.
Туа бітсе – жақсылығы болар мол,
Жаһан жұрты көп пайдасын көрер сол.
Туа жаман – дауа таппас сорына, –
Ол жолығар бәле, жұттың зорына.
865. Түркіше
бір мәтел бар-ды мынадай,
Сен Ұғып ал, өзі маған ұнады-ай:
«Жақсы қылық сүтпен сіңіп келгенде,
Өзгермейді, бірге кетер өлгенде.
Біткен мінез қалыптасып қанменен,
Бір өзгермей, бірге шығар жанменен.
Іште
біткен құлқы, әдеті, кәміл ер,
Қара жерге бірге түсіп, көмілер!»
Болса жаман дос-жолдасы ізгінің,
Ол ұстайды жаман қылық тізгінін.
870. Жақсы қашан жамандарға саяды –
Жолынан ол жақсылықтың таяды.
85
Жақсы, жаман – қарап тұрсаң негіздеп,
Бұл екеуі – бірге туған егіздей.
Жақсы
болса бектер менен ұлығы,
Соған ұқсар елдің әдет-қылығы.
Жақын тұтса бектер игі кісіні,
Бар жамандар жақсы іс қылар түсіне.
Бек жанына жақын жүрсе жамандар,
Жамандардың қолы ұзарар, амалдар.
875. Жақсы
кетер жаман билік құрғанда,
Жаман зытар жақсы билеп тұрғанда.
Жақсы бекке, жолы болып, қонса бақ,
Ел түзелер ізгілікті аңсап-ақ.
Бек бұзылмай – жаман адам жүрмейді,
Жаман жанның онсыз өңі кірмейді.
Бектің әділ, түзу ісін көре сап,
Жаман адам тартады бір көр-азап.
Жақсы болса басшысы –
жұрт жақтырар,
Жандайшаптар түзелер де тақ тұрар.
880. Бек жақсы боп, істесе көп қайырды,
Ел-дүние жайнап, халық байыр-ды».
Достарыңызбен бөлісу: