Тарау. Өгдүлміш патшаға бас аспаздың,
асаба-даяшының қандай (болу) керектігін айтады
Жауап беріп, Айтты Өгдүлміш деректі:
«Бұған таза, сенімді адам керек-ті.
Тура, шыншыл, ерекше бір білісті,
Таңдаулы ерге тапсырған жөн бұл істі.
237
2790. Ізде бұған сенімді ерді ары мол,
Мейірімін салсын іске барын ол.
Қызыметке салатын бар ұятын,
Бек жолына адал жанын киятын.
Бекке катер қу тамақтан келеді,
Аспаз ісін қашан кімдер еледі?
Бек ықтият болсын өзі дегенде,
Қадағалап ас-су ішіп-жегенде.
Ел бастаған ерге жау көп – орынды,
Жау болған соң құрады ғой торын да!
2795. Сенім күшті болмаса егер о кісі –
Ас ішкенде қауіпті ғой бек ісі.
Бұған көпті көріп-білген ер керек,
Асын дәмдеп беретұғын ертерек.
Ол еңбегін сіңірсе егер талайғы.
Бек те сеніп, қамын жейді, қалайды.
Езгі кісі бір сөз айтқан қалыпты,
Парасаты таң қалдырған халықты:
Қай нәрсеге көп сіңірсең бейнетті,
Сол сүйікті, бәрінен сол – зейнетті.
2800. Неге өмірін сарып етсе адам жалынбай, –
Сол сүйікті оның тәтті жанындай.
Өмір емес, сіңген еңбек – өкініш!
Еңбек өмір ұзартпайды – өкініш!
Өтер өмір, қарысар жақ кісіде,
Жылар ұзақ зая кеткен ісіне!»
238
Адам керек көзі де тоқ, көңлі бай,
Өзі таза, өңі сұлу соған сай.
Дін шариғат біліп, айтса құнды ойлар, –
Бек сенетін адам болар мұндайлар.
2805. Таза, нәзік болар бектер бітімі, –
Асты жей ме болмай таза күтімі!
Тәуір аспаз асын таза камдайды,
Таза болса, асты сүйіп, таңдайды.
Сұғанақ жан қарап көздің астынан,
Қол тигізіп, былғайды ғой асты – дәм.
Бір бәле ғой сұғанақтың әр ісі,
Ол – бір кесел табылмаған дәрісі.
Адал, түзу, сенімді ерге сенесің,
Бәрінен де сенімді адам – сен өзің.
2810. Жұрттың бәрін сенімді қыл, көп ойла,
Ықтият бол бір басыңа, абайла.
Ұқсап бұған келді бір сөз өресі,
Тұт жадыңа, ей, езгі жан төресі:
«Елге сен де, камыңды же бірге өзің,
Жаны ашитын, сенетінің – өз көзің.
Бәрінен де ғазиз жаның артық қой,
Сақта соны – неге керек құр сөзің!»
Аспаз – сұлу, өнер болса қылғаны,
Берсе Құдай бой, тіл, көңіл, тұлғаны.
2815. Көрікті аспаз – таза болар ол да аса,
Ас тамақтан өтпес таза болмаса.
239
Бір Құдайым тазалықты сүйеді,
Жақсы ат бәрі – ерге таза тиеді.
Жұрт тілейді тазалықты – бар мән бар,
Таза болса ас-суды жұрт армандар.
Таза еместі алыс ұста бұл астан, –
Шықпайды ғой таза тамақ ластан.
Әділ, тура болсын шындық енді өлмес,
Онсыз, сірә, жөн-жорық, іс жөнделмес.
2820. Аспаз басы арам болса – оңбайды,
Ол қасына жинап алар сондайды.
Ас ұрлайды қойсаң олар еркіне,
О дастарқан енбес сосын көркіне.
Болсын адал, ісіне адам түйсінер, –
Сонда кісі оны қалар, сүйсінер.
Тыңда сөзді – айтқан құлқы түзу ер,
Құлқы түзу ізгіліктін бәрін жер:
«Адал ерге құт келеді, сын ермес.
Тура жүрсе – оның күні түнермес.
2825. Сатқын адам алса қайда беталыс, –
Игілік те қашар содан өте алыс.
Сатқын адам қайда қолын созады, –
Теңіз қаңсып, со жер жұт кеп тозады!»
Кісі керек бекке жанын қиятын,
Берік ұстап жүретін ар-ұятын.
Жанкүйер жан бек тілегін сұрайды,
Тілектестің пайдасы да шұрайлы.
240
Істі біліп, өзі болса пайымды –
Оның асы мезгілінде дайын-ды!
2830. Қызымет қып жүрсе жөнін ірі ұстап,
Кіріп, шықса көз-қабағын дұрыстап.
Ақыл-іспен қорғап өзін ақтаса,
Жұмсап білім істе көзін сақтаса.
Жақсы ат тілеп опа қылса бегіне,
О қайырлы ат кетер ғасыр шегіне.
Есті кісі жақсы ат тілеп өледі,
Білікті адам өте сенгіш келеді.
Жетсе ақылдың кісілікке өресі,
Білікті адам – кісілердің төресі.
2835. Есті кісі сөз айтыпты – бар мәні,
Ақылды адам – барлық жұрттың арманы:
«Ақылды адам жақсы жолға салады,
Біреуге өзін құрбандыққа шалады.
Пасық адам жұртқа жапа қылатын
Сөз-уәде берсе – қайтып алады!»
Патшам, осы айтар сөздің бастысы:
Мұндай болар аспаздарға бас кісі.
О кісі кеп дастарқан, ас жасалса,
Сезік алмай, бек отырып ас алса.
2840. Бар білгенді, жеткен жерін көңілдің
Айтып бердім, о падишам, не білдің?
Айтты патша: «Ұқтым тыңдап мұныңды,
Тағы сөз бар – айтшы соған шыныңды.
241
Қандай адам, айтшы салып сарапқа,
Бастық болар ішер сусын, шарапқа.
Адам болса бек сенетін беріліп,
Таза сусын ішсе бегі серіліп?»
Достарыңызбен бөлісу: |