Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Өгдүлміш патшаға шарапшылар



Pdf көрінісі
бет51/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139
Тарау. Өгдүлміш патшаға шарапшылар 
бастығының қандай [болу] керектігін айтады
«Патшам, – деді, берді Өгдүлміш жауапты, –
Бұған білгіш адам болса – сауап-ты!
2845. Болсын адам мойынына мұны алған,
Жолын түзеп, өнері де сыналған.
Мейірім мол, көзі де тоқ, көңіл тоқ,
Құлқы түзу болса бейне атқан оқ.
Ол шарапшы бола қалса осындай,
Іс үдесін бітіреді тосылмай.
Онда шөп бар көп кеселді жаза алар,
Ас қорытып, ішті кейде тазалар*.
Көп дәрі бар онда бектер қалайтын,
Ішетін де, жейтін әрі жалайтын.
2850. Қанша жеміс, неше шырын нәрі бар, –
Бір тамақтан өтетіннің бәрі бар.
Барлық қатер келеді бір құлқыннан, –
Шарапшы, аспаз бастығы өтер бұл сыннан.
Екеуіне бола қойса сенім кем,
Бекке қиын болады ғой ішім-жем.
Біреу айтқан, тыңда мұны, ей дана,
Әсте абайлап, сақтанып же асты ана!


242
«Байқап жұтса, басқа пайда һәм келер,
Аздап жесе, ауызға да дәм келер.
2855. Көп көріп ем қу құлқынға малайды,
Сақтана алмай басын жұтқан талайды.
Ауру аспен кеңірдектең өтеді,
Дәрісі де сол ізбенен жетеді.
Біле білсең: ақыл-білім – ер ісі,
Ақыл болар кісіліктің өрісі.
Ақылды адам жуымайды жаманға,
Ол істейді шын сенімді іс һәманда.
Кисық ағаш отын болар құр отқа,
Қисық адам жете алмайды мұратқа.
2860. Тура жүріп, қыл ісіңді, батыр бек,
Басқаны емес, туралықты айтам тек!» 
Бұ шарапшы болсын әділ, берілген,
Ақыл-ойы тазалықпен өрілген.
Барлық істі әділ қылса жақсы ойлап, –
Істі жаман жуытпайды қақпайлап.
Ішер затты өзі істесе һәм қалап,
Оны берік сақтап қойса тамғалап.
Істей білсе ішіп, жейтін дәрі де,
Ол дайындап, таза тұрса бәрі де.
2865. Гүл шырыны, шербет, жеміс – қорапты,
Дайын етіп, өзі ұстаса шарапты.
Қылса дәмнің талай тәтті, ащысын, –
Байқа содан ыдыс-аяқ, басшысын.


243
Бектің ісін кім істесе зейіндеп,
Сол еңбектен пайда түсер кейін кеп.
Кім істесе терін төгіп қай істі, –
Сол іс үшін қабырғасы қайысты.
Мұны меңзер сөздің бар ғой парасы,
Сөзі – білім ақылдының, қарашы:
2870. «Қандай істің дәмін адам мол татты, –
Сол сүйікті, бәрінен де сол тәтті.
Өмір жұмсап еңбек етсе ер бүгін,
Оны сүйіп көтереді бар жүгін!» 
Дәл осындай сай болса адам талапқа,
Болсын басшы ас пен аяқ-табаққа.
Өзі таңдап алсын ел да серікті,
Болсын бәрі сақалы жоқ көрікті.
Іске мұндай ер керек қой сезімді,
Іс, көркімен жадыратар өзіңді.
2875. Толған айдай болса көңіл тойғандай,
Тал шыбықтай бойы құйып қойғандай.
Белі қыпша, кең жауырын, йықты,
Қызыл шырай, аққұбаша сиықты.
Қызыл-ала киіну боп бір ісі,
Сәнді болса ас көтерген жүрісі.
Қырынымпаз, түзу болса қылкы бір,
Түсірмесе ішер асқа қыл-қыбыр.
Қыл-қыбырмен дәм бола ма бұл аста,
Жүн-жыбыр, түк түскен ыдыс лас та!


244
2880. Біреу тағлым берген осы тұста оған.
Сақалы жоқ болсын табақ ұстаған:
Табақ ұстар адам болса сымбатты,
Ас сіңімді, болып келер тым тәтті.
Биязы адам іс-көркімен ұтады,
Соның ісін жұрт үлгі қып тұтады!»
Бәйіт айтып, бір тоқтамга келгенде ер, –
Тыңда соны, ей, білгісі келгендер:
«Көркі – сұлу, құлқы – таза, қандай-тын,
Нені ұстаса – дәмді ететін, таңдайтын,
2885. Ашқарынға оның көркі ас болып,
Сусағандар қанша қарап қанбайтын!»
Дәл осындай болса басшы – нұсқаушы,
Дастарқанын тартып, табақ ұстаушы.
Бектер сеніп, болсын оған нанатын,
Жақын тұтып, жарылқаса санатын.
Ер керек-ай, патшам, ойды оятар,
Тұнып тұрған ынсап, мейір, ұят-ар:
Елші, бірі – хатшы қалам ұштайтын,
Аспаз, тағы – біреу ыдыс ұстайтын.
2890. Не де болса өкінбейтін сен ертең,
Адам таңда әрбір іске сенер, тең.
Елші, хатшы бола алмаса қол артар, –
Бар зиянын ертең келіп ел тартар.
Табақшы, аспаз бір қу болса «епті» – дер,
Зиян етер, бір жаныңды жеп бітер.


245
Дәл бұларды, патшам, таңдап-түстегін,
Ұста қатты, билеп-төстеп істегін!» 
Айтты Өгдүлміш: «Ей, падишам, сүйікті,
Бұ бектердің атақ, ісі – биік-ті.
2895. Биік істің ауыр болар кеселі,
Бектік қалар қайтармаса меселін.
Тыңда, дана сөзін кеңес беретін,
Бекті мақтап сөзден інжу теретін:
«Шаттық емес, ей, бек, сен де көр азап,
Шаттық, азап – бірге жүрер зәрезап.
Бек тарықса, жөнделер ел тірегі,
Ел байыса, болар бектің тілегі.
Тым мәз болма, ей, шат кісі, о ғажап:
Рахатқа лайықты бар азап!
2900. Шарапшыға, аспазға да сен енді,
Ей, батырым, болсаң қанша сенімді. –
Сен олардан өзіңе-өзін бауырсың,
Созба сөзді, адам таңдау – ауыр сын!» 
Тыңда, дана өсиетін жаттап ал,
Әр кез оқы, оны жазып-хатгап ал:
«Сөз болғанда тәтті жан мен бас қамы,
Мен таппадым жаны ашитын басқаны.
Күт жанынды, ықтияттап аяла,
Ол үзілсе – емсіз бәле басқаны!»
2905. Ей, падишам, айттым, міне, бар ойды,
Қандай амал керек болар орайлы.


246
Осы айтылған жұртпен бектер өседі,
Атағы асып, жаудың мойнын кеседі.
Айттым мұны саған бәрін анық қып,
Бір сөзім бар тағы айтатын қанық қып.
Айтам, патша десе – «құлақ салайын»,
Е болмаса ішке бүгіп қалайын».
«Ей, дана! – деп патша айтыпты қайтарым,
Айтшы маған, не сөз еді айтарың?
2910. Бар сөзіңді тыңдау керек жария,
Білім – теңіз, ақыл сенде – дария!» 
«Мен айтайын, – деді Өгдүлміш, – жарайды,
Елге білім патшамыэдан тарайды.
Айтгым: кұлдың жолы, міндет шегі не,
Құлы қалай іс қылады бегіне?
Білсін бектер құлдың жайын – қалай бұл?
Жесін қамын ел істесе талай жыл.
Бектің егер кұлда болса хақысы,
Жоқ па кұлдың бектен алар ақысы!
2915. Бек ақысын кұл мойындап өргенде,
Бек те көнсін құлдың ісін көргенде.
Еңбек етсе, мал-дүние жиналар,
О болмаса, қызыметші қиналар!» 
Деді патша: «Ашық айтқын ондайды,
Қызыметші құлдың хақы қандай-ды?» 


247


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет