Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Одғұрмышқа [берген] ақыл-кеңесі



Pdf көрінісі
бет58/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Одғұрмышқа [берген] ақыл-кеңесі
3180. Қайсысын алдың, айтшы тұжырып ой, 
Бірін ал екеуінің, басқасын қой.
Үйреніп, түгел білсең бар білімді, –
Іске асыр, еңбек сіңір, ал тілімді.
Білмесең – үйрен білім қуып жолын,
Сонымен табынуға жетсін қолың.
Бір кісі білім берер айтып кеткен,
Біліммен табынып ол құлдық еткен:
«Табынсаң – білім оның нәрі есепті, –
Білімде – ашар кілт әр есікті.
3185. Табынса - түмен алғыс білімді ерге,
Білімсіз қалады тек қарап жерге.
Білімсіз табынар-ау, ол – бір надан,
Тек жатса білімділер – артық одан!»
Қалада халық көп қой табынатын,
Кісі жоқ ұйытқы боп табылатын.
Ол жерде кұлшылықка сай намазың,
Тұтарсың оразаңды, ей, сабазым.
Құлшылық одан басқа болды қандай? –
Сен маған айта қойшы қағып таңдай!
3190. «Қуған деп Құдай жолын» алдың атақ,
Осы атың, табынарда боп тұр шатақ.


269
Өзіңді баурап алса осы нәсіп,
Ол – бекер, тоқтат сөзді енді кесіп.
Құлшылық қылсаң – оған терең бойла, 
«Көп» деме қанша қылсаң – оны да ойла.
Жақсы адам кұлшылығын асырады, 
Бірақ та елден оны жасырады.
Бір сөз бар мағыналы, тыңда мына,
Ей, жақсы ер, іске асырып оны сына:
3195. «Ер адам білдірмейді істің сырын, 
Көрсетпей ғибадатты қыл жасырын. 
Ғибадат жүз жыл қылған «аз» деп ойлар, 
Мен айттым: бұл – тұжырым, осы – сырым!» 
Қалада құлшылық қыл, кетпей қашып, 
Берерсің ізгіліктің жолын ашып.
Халыққа пайдалы бол ақылдасып, 
Туысқа бауырмал бол жақындасып!
Көз сап жүр жетім, жесір, ақсаққа аса, 
Қалмасын соқыр, мешел көзден таса.
3200. Намазды көппен қылу қажет еді, – 
Кедейді жұма намаз қажы етеді.
Мал тарат – кем-кедейге молынан ап, 
Жәрдем бер бар адамның қолынан ап.
Бұл айтқан қызыметтер – діни әдет, 
Табатын жан рахат бұл бір мәдет.
Сен жалғыз бәрін қойып өмір сүрдің, 
Ораза, намаз ұстап, босқа жүрдің.


270
Ораза, намаз – пайдаң, басқа ойдасың: 
Тасбауыр адам ойлар бас пайдасын.
3205. Жақсы айтқан ел ішінен сара кісі, 
Ойы – абзал, мейірімі – дара кісі:
«Жақсы адам өз пайдасын қоя тұрар, 
Басқаның пайдасы үшін жанын ұрар!
Кісіде бауыр болсын езілетін, 
Жақсыға, Жаманға да сезілетін!» 
Тірі адам пайдалы іс қып – бөле көрсін, 
Басқалар пайдасы жоқ өле берсін!
Жақсылар өзгелерге пайда қылар, – 
Халықтың тоқтығы ғой енді бұлар!
3210. Кейбір құл құр табынып жортақтайды,
Тәңірдің сеніміне жол таппайды.
Алланы қуантарға бусаң белді, – 
Әуелі қуантып ал момын елді!
Бір Алла қардар емес табынғанға, 
Құлдық қып қуан жақсы ат табылғанға!
Табыну – қылар істі аты құлдың, 
«Құл» атты табынбасаң – жай сөз қылдың.
Құлдық ұр, ғибадат қыл беріп ерік
Бейіл бер, осы жолды ұста берік.
3215. Жақсы айтқан дана кісі ойы терең,
«Іске асыр, ей, қолы ашық соны» дер ем:
«Қызымет, ғибадатым көп қой!» – деме, 
Ғибадат – қадіріңе кепілдеме.


271
Құдайға ғибадат қыл – құлдығың сол, 
Ұмытып ақылыңды босқа жеме!» 
Шақырам сені, Одғұрмыш, ойда осы мен, 
Ойлама « жүр, – деп, – өзі пайдасымен».
Сен келсең – өзіңе оның пайда, бағы, 
Келмесең – зияны жоқ онда тағы.
3220. Шақырам: елге пайда – соны сезіп,
Көздемей ел пайдасын кетпе безіп.
Көр байқап осы сөздің саласында,
Құптасаң – онда тұрмай, қал осында.
Бір тұрып, жәрдем берсең – мол табыс ед,
Мал тарат, кедейлерге қолқабыс ет.
Маған – жақсы ат, өзіңе нұр алғаның
Сыйы ғой екеуі де бір Алланың.
Жақсылық маған істеп, сен жақсы бол, 
Жақсыдан кісі үйренер жақсылық жол.
3225. Игі іске өзің енді болғын себеп, 
Бір Алла жүрсін сені желеп-жебеп.
Тәжікте бір данышпан айтқан тағы, 
Ол елде көп жайылған зор атағы:
«Бар елге бегі болса аса жайлы – 
Пайдасын халық көрер басыбайлы.
Сен емес, жақсы болсын бегің, сірә, 
Пайдасын халық көрсін – соны сұра.
Өзі үшін қара халық күнде өреді, 
Жақсы бек болса – бәрі күн көреді!»


272
3230. «Кісі» деп ат береді қандай құлға? – 
Адамға пайда әкелер ондай тұлға.
Сүйеді ізгі адамды ел, ағайын, 
Кім ізгі? – соны аялап, ардақтайын!
Ізгі сол – пайдалы боп, сірә, қатты, 
Халқына көрсетсе егер рахатты.
Ізгі жан мейірімін елге тосар, 
Бауырмал кісілердің басын қосар.
Хат жаздым, сөйлеп ұзақ ырғап-жырғап
Сөз бітті, қалам-сия қалды құрғап.
3235. Сөз болса айтатұғын тағы қайтып, – 
Жеткізер туысқаның тілмен айтып!» 
Хат бүктеп, мөрлеп, байлап дос жолымен, 
Ұсынды, алды Өгдүлміш қос қолымен.
Патша айтты «Бар кісіңе көздейтұғын,
Айтарсың болса «керек сөз» дейтұғын.
Берік бел, көлтір енді оны маған,
Құр келме, ей, батырым, сенем саған.
Сөзі бар білікті ердің әділ қылдай:
«Тек жібер ақылды елші, көп сөз қылмай!»
3240. Қалайша ұқтырамың енді саған,
Сенде ғой ендігі сөз мен аңсаған.
Нені айту керек болса – сөйле зерек,
Соны істе – қандай нәрсе болса керек!»
Өгдүлміш « Құп болады» – деді тұрып,
Қылықпен тәрбие алған құлдық ұрып.


273
Аттанып, үйге қарай кетті жүріп,
Кеп түсті, белін шешті үйге кіріп.
Күн байып, еңкейді де, жерге де енді,
Дүние қара тартып перделенді.
3245. Қарайды, шам жамырап, жердің үсті,
Махаббат пердесі де жерге түсті.
Жуынды, құптан оқып, намаз етті,
Салдырып, төсегінде ұйықтап кетті.
Оянды қауіп билеп зерде, есін,
Қара түн жайған кезде ақ пердесін.
Тұрды да, ол жуынды, оқып памдат,
Дұға қып, тәспі аударды, ісін қамдап.
Қалқанын көтеріп ап күн де тұрды,
Жайнады шашып әлем күлкі-нұрды.
3250. Асығып, атын ұстап, ерін салды,
Аттанып, туысқанын есіне алды.
Үйіне туысының келді таяу, 
Қақпаға аттан түсіп, жүрді жаяу.
Есігін ақырындап қағып еді, 
Одғұрмыш түрегеліп, «тәуба!» деді.
Ол көрді туысқанын есікті ашып,
Сүйісті, амандасты құшақтасып.
Жетектеп үйге кірді – қонақ ерді,
Қолынан ұстап тұрып орын берді.
3255. Қуанды өте қатты, әдеп сақтап,
Құдайға шүкір етті аса мақтап.


274
Кісілер кездеекені – шаттық қандай,
Қауышып сау-саламат, аптыққандай!
Бауырлар керіекені – жақсы қандай,
Шет жүріп, жақындыгы жалғасқандай!
Көңілі туыетардың жақын қандай! –
Мейірі төгіледі аһ ұрғандай.
Мейірбан туыс айтқан, – жақында, ұғын, –
Дос көңіл жалғастырып жақындығын:
3260. «Көріссе көптеп көрмей кетіп дара,
Қуаныш – көп, қайғысы – қысқа, қара!
Әйбат-ау бөлінісіп кеткен жандар,
Қауышса сау-саламат екеу-ара!» 
Сұрады туыстарын Одғұрмыш та,
«Есен» – деп жауап берді Өгдүлміш те.
Одғұрмыш деді: «Сөйле енді маған,
Келетін не жағдай болды саған?
Естідім, сені жүр деп патшаға еріп,
Халыққа білімімен пайда беріп.
3265. Қалдырып сен оларды келдің бүгін,
Мойныңа артып қандай халық жүгін?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет