Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Өгдүлмішке [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет103/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Өгдүлмішке [берген] жауабы
Айтты патша: «Тәуба қылып тұрармын,
Мүнәжат қып Аллаға бас ұрармын.
5810. Жыр боп жүрер, тіле, Аллаға бас ұр да,
Айта алмаған сырың болса, жасырма.
Бар күшіңді ішке, сыртқа бағышта,
Сергек жүріп, көз-құлақты сақ ұста.
Істе бәрін – мен жұмысқа енжармын.
Қалған іске жәрдем етер мен бармын!»
Сөзі бітті, патша отырды жайғасып,
Ақырындап шықты Өгдүлміш, ой басып.


478
Мініп атқа қайтты, со күн тымық-ты,
Кіріп үйге, шешініп ап тынықты.
5815. Жатты кешке, тұрып таңғы арайда,
Аттанды да, келіп кірді Сарайға.
Бастады істі елді тізе бүктіріп,
Бәрін қылды аяғынан тік тұрып.
Бейбіт өмір, жанып елдің бағы да,
Патша мәз боп, ұзақ тұрды тағы да.
Өгдүлміштен мәңгі өшпейтін ат қалды, –
Ізгі дұға, мақтау сөзбен жатталды.
Қара, міне, қандай ізгі заң, жоба,
Заңмен бектік тік тұрады, о тоба!
5820. Мұндай бектің жүріп тұрса жарлығы,
Ел, халыққа мәңгі бақыт барлығы.
Халық тыныш құлқы түзу орайда,
Күні туар бектің соған қарай да.
Құдай қойған бектер басы ер еді,
Бек жақсыда жұрт та күнін көреді.
Ел жамандық қылса – бегі аздырар,
Жамандыққа – жамандық қой тоздырар.
Ел түзелсе – бек түзелер бақ сынап,
Бек түзелсе, елін ұстар жақсылап.
5825. Тағы талай ай, күн өтті қалықтай,
Ел көркейіп, болып алды халық бай.
Ашылды енді қабақ, тозаң, тұман да,
Бар былғаныш таза болды бұ маңда.


479
Қылды патша шүкіршілік Құдайға,
Бұ мақтау сөз болып тұрсын ұдай да.
Тарау. Одғұрмыш ауырып қалғанда Өгдүлмішті 
шақыртқаны [жайында] айтылады
Бір күні түнде Өгдүлміш ішіп асын,
Жастыққа ұйықтағалы қойды басын.
Қақпадан дауыс шықты «Бұл кім?» – деді,
Жіберді жас жігітті, «білгін!» – деді.
5830. Қайта кеп айтты жігіт: «Бұл бір кісі,
Келеді бір хабарды білдіргісі.
Өгдүлміш «Немене екен сөзі, – деді,
Сұрап кел, «қандай адам өзі», – деді.
Жас жігіт сөз сұрауға қайта шықты,
Кісінің келген жайын түгел ұқты.
«Одғұрмыш жұмсады» деп айтты кісі,
Өзінің кездесетін бар-ау ісі. 
Жас жігіт келіп Айтты не дегенін,
Көруге Өгдүлмішті көздегенін.
5835. Өгдүлміш қабыл алды келген ерді,
Ол кіріп, әдеппенен сәлем берді.
Сұрады. «Келесің, – деп, – қайдан ғана,
Не тілек, не сөзің бар, айтшы, дана?»
«Жіберді мені Одғұрмыш, – деді, – тапсыр,
«Келсін!» деп сәлем айтты Сізге, тақсыр. 
Әл үсті жатыр, көңлі жеңілдесін,
Барып қайт оған өзің, көңілдесім!»


480
Өгдүлміш айтты дереу сөзге тосын:
«Астан ал, барамыз ғой бірге сосын».
5840. Келіспей, айтты кісі: «Аман, бірақ,
Аурудың ахуалы жаманырақ.
Барайын мен тезірек, осы – мейіл,
Өкшелеп сен келерсің, ей, ақпейіл!»
Қақпадан қайтты Өгдүлміш, «тегі!..» деді,
Аң-таң боп, ой-санасын жегі жеді.
Үйге енді, күйіп-жанды қайғы құшып,
Қуаныш зым-зия боп жоғалды ұшып.
Қисайды, келмей қойды ұйқы қылдай,
Құр жатып, өтпей қойды түні жылдай.
5845. Көз жұмды... кірпік ілмей көзін ашты,
Ашылып ұйқысы да көзден қашты.
Бір тұрып, бір отырды жарбайып бір,
Таң ата бастап еді сарғайып бір.
Гүлзарда бұлбұл үні еліктірді,
Көңілді құмар билеп желіктірді.
Аттанып Одғұрмышқа барды таман,
Кірді де, сүйді көріп есен-аман.
Ол жатыр шалажансар – көзін тастап,
Шекпенін төсеніпті, жеңін жастап.
5850. Сұрады: «не болды? – деп, – бермен қара,
Көңілім сені көріп болды жара!» 


481


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет