Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Одғұрмыш Өгдүлмішке [қандай]



Pdf көрінісі
бет105/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Одғұрмыш Өгдүлмішке [қандай] 
түс көргенін айтады
Берді жауап Одғұрмыш кең ілімді, 
«Сөйлейін, тыңда қойып көңіліңді:
Түсіме бір басқыштың қатысы бар,
Өзі тік, елу оның сатысы бар.
Өрмелеп барады екем ана жаққа,
Басқыштың баспалдағын санамаққа.
5910. Басында атты адаммен қауышыппын,
Су берді ол – қанып ішіп тауысыппын.


486
Содан соң ұштым көкке ерінбестен,
Ауаға кеттім сіңіп көрінбестен!»
Тарау. Өгдүлміш Одғұрмыштың түсін қалай жору 
керектігін айтады
Өгдүлміш айтты: «Қызық іс екен, – деп,
Пайдасы өте жақсы түс екен, – деп.
Жүрмесін жөнсіз ойға көңлің ауып,
Жоруға болады ғой инін тауып.
Түсіңде көтерілсең, бұ қылығың –
Көретін құрметің мен ұлылығың.
5915. Қаншама көтерілсең көкке жедел,
Бақ–дәулет, көтерілер сонша бедел.
Сатымен өрмелесең – сол үшін де,
Ұлы атың жайылады ел ішінде.
Жорушы түсті жақсы байыптаған,
Айтыпты дәлел сөзді сайып соған:
Сатымен көтеріле жөнелгенің,
Бір-бірлеп көп құрметке бөленгенің,
Кім қанша көтерілсе – сонша құрмет,
Құт-дәулет, бар байлыққа кенелгенің!»
5920. Ыдыстан су ішкенің тоғарылып, –
Жұлдызың кетеді екен жоғарылап.
Көкке өрлеп, аспанға ұшып жағаласаң, –
Тәңірім береді екен не қаласаң!»
Тарау. Дәл осы түсті Одғұрмыштың басқаша етіп 
жорығанын айтады


487
«Ой болса, – деді Одғұрмыш, – торығаның,
Түсімді бұлай емес жорығаның. 
Бұ түсті жатып алып көрсең өзің,
Жоруың солай шығар, жақсы сөзің.
Сен үшін қымбат нәрсе – дүние-мал,
Со болса тілегенің, қалауыңды ал.
5925. Тәрк қып дүниені қашып, шөгіп,
Жатырмын осы жерде азап шегіп.
Жорыдың түсті шала алдың дағын,
Бұ түсті мен жориын, ал, тыңдағын!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет