Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет116/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

 

Өгделміш=өгді+олмыш
(восхваленный) деп көрсетеді.
15. 
Одғұрмыш –
«оянған, ояу жүрген кісі» деген сөз. «Құдайдың 
құдіретін білу үшін, діннің жайын тану үшін адамның ақыл-
есі, сана-болмысы ояу, сақ, салауат болу керек» деген ұғымның 
ыңғайымен туған сөз орамы, бұл өзі – діннің жолында жүрген, 
тақуа болып кеткен адамға қойылатын ат. Сөз түбірі –
одуғ
(бодрый, бодрствующий) 
<одғур
(будить) +
 мыш
(аффикс).
Өлеңмен жазылған алғы сөз бойынша
16.
Сәлем, мадақ Расулге Ол таңдаған, Достарына және 
сәлем сандаған
(8-бәйіт). Бұл жерде
 Ол
деген есімдік (бас әріппен 
жазылады)
 Құдай
деген сөздің орнына қолданылып тұр (алдыңғы 
бәйіттерде жалғыз Құдай туралы айтылып отыр). Расулдың 
достары деп бұл жерде автор Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с.) 
[570-632 ж. өмір сүрген] кейін халиф болған төрт сахабалар 
туралы айтып отыр: Әбу Бәкір (632–634), Омар (634–644), Осман 
(644–656), Әли (656–661).
 
17. Автордың «
Түсінбес–ау мұны талай түркілер
» (16–жол) 
деп отырған себебі, шамасы, мынадай жағдайға байланысты 
болса керек: Қарахан мемлекетінде (840–1212 ж..) бұрыннан 
қолданылып жүрген көне ұйғыр жазуы болған. Ол кейінірек 
араб жазуымен қатар қолданылған, бірақ бірте-бірте ығыса 
бастаған (кейбір Түркі тайпаларының арасында ол жазу ХІІІ ғ. 
дейін жетті де). «Құтадғұ біліктің» үш түрлі көшірмесінің біреуі 
(Вена немесе Ғират нұсқасы) осы көне ұйғыр жазуымен берілген 
(басқа екі көшірмесі – Каир және Наманган нұсқалары – араб 
жазуымен). Шығарманың түпнұсқасы (автордың өз қолымен 
жазылғаны) жоғалып кеткен, оның қай жазумен жазылғаны 
белгісіз. Осы айтылып отырған екі түрлі жазудың бірін (мысалы, 
ұйғыр жазуын) білген түркі қауымдарының өкілдері екінші түрлі 
жазуды (мысалы, араб жазуын) оқи алмауы мүмкін. Сондықтан 
шығарманың
 «Өкүш түрклер уқмас муның мағнасы
» (Көп
 
түріктер 
түсінбес мұның мағынасын») деп отырғаны осы жағдайды (екі 
түрлі жазу бар екендігін) ескергені болу керек (әрине, ол мұны 
ашып айтпайды, ашып айтса әңгіме басқа ғой!). Ақынның келесі 
жолдардағы
 «Хат білгеннің бәрі бірдей түсінбес»
(18-жол) деп 


529
отырған сөзі де осы ойға меңзейді. Әрине бұл қолжазбаның ең 
алғаш қандай жазумен жазылғандығына байланысты. Ал енді,
 
«Хат білгеннің бәрі бірдей түсінбес
» деген мәселенің екінші бір 
жағы бар болуы да мүмкін: шынына келгенде, бұл кітап (дастан) 
анау-мынау сауаты бар кез келген кісінің ә дегеннен түйсініп, 
игеріп алып кете қоятындай дүниесі емес. Ондай оқушы поэманың 
мәнерлі сөз кестесі мен ішкі (астарлы) мазмұн тереңдігіне, ой 
ырғағының үйлесе келіп түзілетін жарасымды үдебарасына жету 
үшін барынша соған назар аударып, аса бір ыждаһатты байыппен 
оқыса керек-ті. Жеңіл-желпі шығармаларды оқып үйренген кісіге 
бұл еңбектің ірілік ететіні де рас! Білікті парасат пен үлкен талап 
керек. Сонымен бірге бұл туынды – ақыл-білім деңгейін талап 
ететін тек көркем әдебиет шығармасы ғана емес, жоғары дәрежелі 
ғылыми еңбек. Автордың бұл кітапты
 «Әке улына мирас еткен 
асырып, Өзі оқыған жұрттан надан жасырып
» деген сөзінде 
үлкен философиялық-танымдық мән бар (14-бәйіт).
18. «Құтадғұ біліктің» мұнда келтіріліп отырған басқа түрлі 
аттары қара сөзбен жазылған алдыңғы мәтінде дәлірек беріледі. 
Бұл төменде аталатын бес түрлі атаулар бір ғана кітаптың аты 
болмаса керек, олар әртүрлі шығармаларының аттары болған 
сияқты. А.Н.Кононовтың айтуы бойынша, олар жанрлық жағынан 
өзара ұқсас болған, оның үстіне олар ел ішіне көп тарап, аты 
шығып кеткен шығармалардың қатарына жатады. «Құтадғу білік» 
солардың бірі болғанға ұқсайды. Бұдан басқа тарихта «Шаһнама» 
ғана белгілі, басқалары туралы тұжырымды мәліметтер жоқ. 
Ретіне қарай олардың түрікше аттары мынадай: «Адабул мүлүк» 
(Шыңда), «Анийсул мамалик» (Машында), «Зийнатул умара» 
(Шығыс елінде), «Шаһнама» (Иранда).
19. 
«Мұның жері құт орнаған ел еді»
дегенде автордың туған 
жері туралы айтылып отыр (57–бәйіт). «Құтадғу біліктің» басқа 
көшірмелерінде «
Мұның жері құз орда...»
деп көрсетілген.
 Құз
орда 
– Баласағұн қаласының екінші аты (ол қала туралы жоғарыда 
айтылды). М.Қашқари
орду
«Баласағұн жанындағы бір шаһар. 
Соған байланысты Баласағұнды
Құз Орду
деп те атайды» деп 
көрсетеді (М.Қошғарий. Туркий сузлар девони, I том, Ташкент, 
1960, 145-б. С.М.Мутталибов
 
аударып, баспаға дайындаған). 
Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының батыс өңірінде орналасқан 
болса керек.


530


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет