536
Кітапта «йарынға тапы болмақны айур» деп жазылған, оны
Қ. Каримов өзбекшеге «у дунега мойил булмоқни айтады»
(орысша: склонный, иметь склонность) деп аударады. Ескі
түркі тілдерінде «тап» сөзі «воля, желание» және «достаточный,
достаточно» деген мағына береді. «Тап бол» деген тіркес «быть
достаточным, хватать» деген ұғым тудырады. С.Н.Иванов
сөз болып отырған тіркесті осы мағына бойынша аударыпты:
«довольствоваться тем что есть»
4
. Бұл – әрине, дәл аударма емес.
Осы пікір кітаптың қазақша аудармасында да орын алыпты.
«Йарын» сөзі «ертең» («завтра»), яғни «о дүние» деген мағына
береді. Орыс тіліндегі аудармада бұл сөз ескерусіз қалған.
49. Бұл тарау мәтінде жоқ. Орысша,
қазақша басылымдарында
да солай.
50. Мәтінде «Баб. Күнтоғды патша Одғұрмышты үшінші рет
шақырып [Өгдүлмішті] жібергенін [айтады]
Осыдан кейін «Тараулардың мазмұны» деген бөлімде
көрсетілмеген тағы да бір тарау бар: Баб. Одғұрмыштың
Өгдүлмішке қараңғы түн ішінде келуін айтады»
52. Мәтінде «Баб. Одғұрмыштың Күнтоғды патшаға ақыл–
кеңес бергенін айтады»
53. Мәтінде «Баб. Одғұрмыштың Күнтоғды патшаға елді
жинатып, заң тәртібін орнатудың қандай болатынын айтады»
54. Мәтінде «Баб. Одғұрмыштың өткен тірлікке ашынып,
тәубаға келуін айтады»
55. Мәтінде «Әділдікке – әділдік, кісілікке – кісілік қылуды
айтады, уаллам»
Соңғы сөз – «уаллам» араб тіліндегі «уаллаху ағлам» деген
тіркестің қысқартып айтылатын түрі, «барлығынан жақсы білетін»,
яғни «Алла» деген мағына береді. Осы «Абай тілінің сөздігінде»:
«ағламланған» деп келтірілген де, бірақ оған түсінік берілмеген.
«Ағлам» деген араб сөзі орыс тіліне «знающий лучше всех»,
«уаллам!» «Аллах лучше знает!
Достарыңызбен бөлісу: