Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Шеберлермен [ұсталармен] араласуды айтады



Pdf көрінісі
бет79/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Шеберлермен [ұсталармен] араласуды айтады
Тағы бір топ, кәсібі оның – қол өнер,
Тіршілігі сол өнерге бөленер.
Пайдасы бар, керек саған олар да,
Тарт өзіңе бірдеңесін аларда.
Бар темірші, етікші, ағаш ұстасы,
Сыршы, оюшы, оқшы, жайшы – қысқасы.
4355. Осыларда нақыш-өнер үлгісі,
Бар әлемнің әсем сәні – күллі ісі.
Санай берсем созып алам сөз жайын,
Көп қой өнер, өзің түсін, – созбайын.
Бұларменен аралас жүр қосыл да,
Қуанып қой, шат болып жүр, тосылма!
Бір іс қылса – ақысын бер қолыңа,
Ішкіз, жегіз, бер ауқатын молынан!
Ел ішінде жай нәрседен бышырап,
Ескер – атың сөзге қалар ұшырап.
4360. Білімді сөз айтқан екен бір кісі,
Пәк пейілдің бұ дағы бір үлгісі:


363
«Ізгі ат ізде, қуанба құр жүргенге:
Жақсы ат керек бұл өмірді сүргенге.
Ақыры бір адам өлер – аты игі,
Жақсы ат болса – тіршілікке татиды.
Кімнің аты жаман болып былғанса, –
Өлген жақсы тірі болып тұрғанша.
Бұ тіршілік – құр адасу, әңгүдік,
Жаман емес, жақсы ат тіле мәңгілік!» 
Кедейлермен араласуды айтады
4365. Бір топ бар: кедей-кепшік, – оған дем бер,
Ұдайы жақсылық қыл, ішім-жем бер.
Арнайды саған олар дұға жайын,
Жақсы ғой дұға оқыған, ей, ағайын!
Олардан болмас төлем, мал алғанда,
Жаратқан қайтарады о жалғанда.
Олар көп қол артады ісі барға,
Түседі саған ісі, сен – оларға.
Әділ бол мейіріммен – бітсін ісі,
Болады сонда жақын барлық кісі.
4370. Атағы екі өмірдің сонда келер,
Ізгі атың елге тарап – бәрі де елер.
Қандай әйел алу керек екендігін айтады
Егер әйел алам десең үздігіп,
Таңда жөндеп өте жіті көз тігіп.


364
Тегі таза, құтты болсын тамыры,
Ұяты мол, инабаты һәм ірі.
Қол тимеген, болсын аттап шықпаған,
Сенен басқа еркек бар деп ұқпаған.
Сені сүйіп, сенен басқа іздемес,
Жаман қылық, жарамсыз іс істемес.
4375. Әйел алсаң – ал өзіңнен төменді,
Биік алсаң, мінер «құл бол, – деп, – енді!» 
Не дер екен, тыңда, сыншы сынайды,
Дұрыс айтса, о да жұртқа ұнайды:
«Ал әйелді – атағы жоқ жарқынды,
Махаббатпен өткізесің бар күнді.
Түсін емес, ісін ескер қылықты, –
Қылықты қыз күшейтеді қарқынды!»
Ей, адамзат, ердің ері болсаңдар,
Қатарыңды ал, егер әйел алсаңдар.
4380. Мінезін айт, қарамай-ақ әріне,
Болса мінез – жарасады бәрі де.
Құр тоздырып нұрлы жүздің жылуын,
Іздей көрме көрікті қыз сұлуын.
Бұл әйелдер бөлінеді топқа төрт,
Соның бірін өзің таңдап алу серт:
Кей жақсылар бай қыздарға үздігер,
Кей біреулер көріктіге көз тігер.
Баз біреулер қарап шыққан түбіне,
«Тегі асыл» – деп мақтанады күбіне.


365
4385. Енді біреу іздер қызды ақылды,
Таба қойса – тез үйленген мақұл-ды.
Ең асылын мен айтайын, жар таңдап,
Алар болсаң, кұлағың сал жаутаңдап.
Ей, ақылдым, жар таңдаушы ұл болып
Бай әйелге қалып қойма құл болып.
Байлық қуған әйел тілі ұзарар,
Мүлік жиып «екі көзі қызарар».
Ей, жас жігіт, жар таңдаған біледі,
Құр сұлуды іздесең – жұрт күледі.
4390. Бәрі сүйер «сұлу» – деп ел жақтаса,
Мейірімді Тәңір жебеп сақтаса.
«Текті әйелді іздеу» – десек мұныңды, 
«Текті алам» – деп құртып алма құнынды.
Үстем сөйлер қолы ұзындар, тектілер, 
Сен өзіңді құл етуді бек тілер.
Ізде, досым, ақылды әйел-парасат
Соны тапсаң төрт қүбылаң жарасад.
Тапсаң егер ақылды қыз көз жетіп,
Қапы қалмай, үйленіп ал тездетіп.
4395. Ақылды әйел мал да жинар, өндірер, 
Байып алып, өзіңе де өң кірер.
Пейілді әйел көрікті де, текті ғой, 
«Әйел көркі – қылығында» – депті ғой!
Ойы таза болса әйелің – асыл жар, 
Осы үшеуі бір-ақ жерде қосылар.


366
Есті әйелдің етек-жеңі кең келер, 
Соны тіле: төрт құбылаң тең келер.
Дәл осындай әйел тапсаң – ардақ-ты, 
Соған тырыс – сол әкелер бар бақты!
4400. Өзіңнен ұл-қыз туса, асыл бекзат,
Қолда өсір, ұстай көрме алыста жат.
Күтуші, жақсы болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер ақыл-есі.
Ұл-қызға әдеп үйрет, білім-өнер,
Көп көріп содан пайда кемелденер.
Қызды ұзат, ұлыңа бер құс қондырып,
Сүре бер қамсыз өмір, істі оңдырып.
Ұлыңа үйрет білім, барлық амал,
Сонымен ел жияды қазына-мал.
4405. Ұлыңа, тек жүрмесін, ақылың қос,
Тек жүрсе – бейбастақ боп сандалар бос.
Қызыңды ерге бермей ұстама көп, –
Өлерсің ауырмай-ақ күстана боп.
Ағайын, кесіп айтар сөзім – ірі,
Қыз туса, кеткені жөн қалмай бірі.
Қыз берсе егер адам баласына,
Апарып сал өліктің моласына.
Әйелді үйде сақта – байқалмайды,
Сырт берсе – сырын бүгіп, сайқалдайды.
4410. Әйелді тап бастырма, ол – бір аяр,
Көргенде жат адамды жолдан таяр.


367
«Көрмесе – көксемейді» дейді қулар,
Көрсе егер көз қызығып, көңіл тулар.
Көзді бақ – ойға түк те ілінбейді,
Зауықсыз адам жаны бүлінбейді.
Әйелді қатыстырма ішіп-жеуге,
Қатысса... болар екен қалай деуге!
Әйелді ұстау керек үйге тығып,
Жоғалтар тура жолды кетсе шығып.
4415. Күтпесе – ет амалсыз сасып бітер,
Әйел де ет сияқты сақтап күтер.
Қадір тұт – әйел көңлін суытпағын,
Есігін тас қып, еркек жуытпағын.
Опа жоқ әйелдерде о басынан,
Жаңылар, көңлі кетсе тобасынан.
Өсірсең арам ағаш кемісі не? –
У болар – құмар болма жемісіне.
Неше мың азулы ердің – мұқым бәрі,
Құрыған әйел үшін тұқымдары.
4420. Жүргендер абыройы елге тарап,
Қалған-ды әйел үшін жерге қарап.
Түмен мың атақты ерді ұл боп туған,
Әйелдер тірідей-ақ жер қаптырған.
Оларды күтсін ері, жалтақтасын,
Сақтаушы жалғыз Алла – сол сақтасын!


368


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет