Түркі дүниесі мифологиясына ортақ кейіпкерлер



бет11/20
Дата24.09.2024
өлшемі163,82 Kb.
#145448
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
stud.kz-68700 (копия)

ЖЕЗТЫРНАҚ. Жезтырнақ – тырнақтары жез болады. Бұл әйел бейнесіндегі рух, орман–тоғайларда өмір сүреді» [114, 157 б.]
«Жезтырнақ қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, Алтайда жезтырнақ, кейде жезтұмсық деп аталады. Кейбір халықтарда Тепекөздің қызы, қарындасы деп беріледі». (Желал 154 б.)
Жезтырнақты қырғыздар “жезтырмақ” “жезтұмшық” десе, тувалықтар «чес дыргак» деп атайды. Ал, буряттар оған үндес бейнені “мушубун” дейді. Мәселен, мушубун жалғыз-жарым жүрген жолаушыларды адастырып өлтіреді де, жезтұмсығымен миын соратын құбыжық.(Еқеділ Т.)
"Ж е з т ы р н а қ – әйел кейпіндегі жын (дух). Ол орманда өмір сүреді. Жезтырнақ туралы аңыздар көп"80, – деп жазады Ш.Уәлиханов.
Жезтырнақ туралы хикаялардың негізгі сюжеті мынау: аңшы-мерген, я болмаса жолаушы батыр кешке таман қосына келіп, ас пісіріп отырғанда, қасына шолпысын сылдыратып әдемі келіншек келеді. Жігіт оған тамақ ұсынады, ал әйел тамақты қолының ұшын жасырып алады. Тамақ ішіп болған соң келіншек жайына кетеді. Енді мергенге "осы жезтырнақ емес пе екен?" – деген ой келеді де, ол сақтана бастайды, өзінің орнына бөренені ұйықтап жатқан адам ұқсатып орап қояды да, өзі басқа жақта аңдып отырады. Біраз уақыт өткен соң баяғы әйел ұрланып келіп, бөренені адам екен деп қапсыра құшақтап, тырнағымен қарс айырады. Осы сәтте аңдып тұрған мерген мылтығын басып қалады. Өлгеннен кейін келіп қараса, жезтырнақ екен. Жігіт оның тырнақтарын кесіп ала­ды да, қоржынына салып қояды. Кейбір хикаялар мұнымен бітпейді. Өлген жезтырнақтың балалары кек алуға тырысып, әлгі мергенді аңдиды, одан түк шықпаған соң оның балаларын ториды. Мергеннің балалары да қапыда қалмай, жезтырнақтың келетінін біліп, тосып жүреді. Ақыр соңында жігіттің балалары жезтырнақтың ұрпағын жоқ қылады.
Мұнда құр адамның жезтырнақпен кездескен оқиғасы ғана айтылмайды. Оқиға әрлене баяндалады, жезтырнақ келер алдындағы адамның жай-күйі, маңайдағы табиғат, түн сипатталады, тіпті жезтырнақтың сыртқы киімі, кескіні суреттеледі. Ойымыз дәлелді болу үшін жезтырнақ келер сәтті байқайық:
"Бір күні Қара мерген кешкісін ет пісіріп отыр еді, бір сыбдыр естілді. Мерген бұл не сыбдыр? Бұл маңайда ешкім жоқ еді ғой? – деп жан-жағына қарады. Дәл осы сәтте қостың ішіне көк көйлек киген әйел кіріп келді де, үндеместен бір тізесін бүгіп, отыра кетті. Мерген әйелге зер сала қарап еді, беті сап-сары, көзі аларған екен. Ол да мергенге тесіле қарады"83.
Тағы бір мысал: атасының жезтырнақты қалай өлтіргені туралы Жүсіп мерген қасындағы серігіне айтып отырып, жезтырнақ келген мезетті былай суреттейді. "Атам атып алған таутекенің төстігін отқа қақтап отырып, үңгірге түсініксіз бір дыбыс жақындап келе жатқанын сезеді.
«Зыңғыр, зыңғыр» деген дауыс естілген соң, бұл жезтырнақтың мыс тырнағынан шыққан дыбыс екенін біліп, оның келуін күтеді. Содан шынымен үңгірге адам тәрізді бірдеңе кіреді, үстінде шапан, басында тақия»84.
Келтірілген екі үзіндіде жезтырнақтың келер мезгілі – түн, адам әр дыбыстан сескенетін уақыт. Оның үстіне маңайда тірі жан да жоқ, айдала. Бұның бәрі тындаушыға үрей туғызары сөзсіз. Демек, жезтырнақ жайындағы хикаяларда тек оқиғаны айтуға ғана мән беріліп қоймайды. Мұнда тындаушыға қажетті дәрежеде әсер ету керектігі де ескеріледі, ал бұл – көркем фольклордың белгісі. Демек, хикая жанрында көркемделудің алғашқы нышаны елес бере бастайды.
Біздің бұл ойымызды дәлелдейтін тағы бір нәрсе – жезтырнақтың сырт пішіні мен киімінің суреттелуі, ендеше, біз фольклорлық бейне пайда бола бастаған деп айта аламыз. Әрине, бұл әлі таза фольклорлық көркем образ емес, бірақ соның өзінде де образдың сыртқы түрін, кескінін бейнелеу бар және бір қызығы – жезтырнақтың түрі барлық хикаяда бірдей емес. Айталық, бір хикаяда ол жап-жас келіншек түрінде келсе, екінші хикаяда ол үсті-басын түк басқан еркек адам болып келеді. Ойымыз дәлелді болу үшін 2–3 мысал келтіре кетейік.
"Бір уақытта әйелдің дауысы шықты. Кешікпей-ақ бір әдемі, сылдыраған әйел жетіп келді. Әйелге бұл жігіт сөйледі: "Жеңеше, неғып жүрсіз?" – деді. Ол әйел айтты: "Екі бала түйе бағып кетіп еді, солар кешігіп, келмеген соң соны іздеп шығып едім. От шыққанға солар ма деп, мұнда келіп едім деді"85. Міне, бұл 1888 жылы жарияланған бір хикаядағы жезтырнақтың кейпі.
Ал, 1910 жылы жарық көрген хикаяда жезтырнақ былай суреттеледі: "Адам тәрізді бірдеңе аяғындағы тұяғын қайыстырып, адамнан жасырып тұрады. Шапанының жеңін түсіріп, қолындағы тырнағын көрсетпейді. Жезтырнақ келіп, басын изейді де, аттың қасына тізерлеп отыра кетеді"86.
Басқа бір хикаяда жезтырнақ еркек болып көрінеді: «Борекең (Боран. – С.Қ.) басын көтерсе, көрмеген бір хайуан, жезтырнақ екен, оның қаруы екі қолында, саусақтары бүркіттің тұяғындай, істік темір сықылды, тұла бойы жалбыраған түк екен»87.
Жезтырнақтардың әртүрлі кейіпте көрсетілетінін Шоқан Уәлиханов та айтқан. Сонымен бірге кейбір хикаяларда жезтырнақ жалғыз жүрмейді, тіпті жезтырнақ елі бар екені, олардың да басшылары, көсемдері болатыны жайында айтылады. С.Сейфуллиннің мына сөзін еске түсіре кетейік:
"Тіпті ертек, әңгімелердің көшпелі ел арасында шығуы, – деп жазады ол, – соңғы жылдарға шейін үзілмей келді. Арғыдағы елдерде, соңғы жылда да "мерт аяқ", "үш буын", "айдаһар", "жапан далада жүргенде пәленді перінің қызы шәріне көтеріп апарып, қайтып әкеліп тастапты" деген ертектер шығып жүрді. Ана жылы, жаз жаңбыр болмаған жылы "пәлен жерде пәлен сұмырайды көріпті", "сұмырай келсе су құриды" деген осы екен деп, шындай сөйлеп жүрді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет