Түркі дүниесі мифологиясына ортақ кейіпкерлер



бет8/20
Дата24.09.2024
өлшемі163,82 Kb.
#145448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
stud.kz-68700 (копия)

Сондай-ақ, Мурат Ураз да жынды шайтан яғни жағымсыз/жаман рухты иелердің қатарына жатқызады да бірнеше түрлерін атап өтеді. Олар:

  • Ажуман – жағымсыз-жаман рухтың бірі, жамандық иесі;

  • Ада Өке – өлген бабалар рухы, бұлар Ерлік Ханның жанынан табылатын қара рух;

  • Алдашы – өлген бір адамның немесе ертеде өлген туыстарының бірінің рухы. Өлген адамның үйіне келеді. Бақсылар/шамандар таза және әулие саналғандықтан, өлгендердің үйіне кірмеген. Басқалары бір апта өлген адам үйіне ештеңе бермейді және еш нәрсе алмайды. Қырық күн өткен соң, барлық рәсімі жасалып, тамақ дайындылып, ас беріледі. Рәсімнен бұрын шаман/бақсы келіп, арша ағашымен аластап, алдашыны қуған. Алдашыны өлім рухы деп те атайды. (Мурат Ураз 199-120 бб) Қазақтарда «алдашы» деп жаналғыш бейнесіндегі жалмауызды айтады. «Алдашылар» туралы туысқан алтайлықтарда түрлі аңыз-әңгімелер бар. Ал бізге белгілісі кімнің мойнына алдашының ала арқаны оралса, сол жан тапсырады. Ертеде алдашыны көрген адамдар уақыты келгенін біліп, о дүниеге оралуға қам жасай бастайды екен. ( Кожалымов ).

«Алдашы – қазақтың дәстүрлі түсінігіндегі жаналғыш бейне. Бұл кейіпкер туысқан алтайлықтарда бар. Алдашы есте жоқ ерте заманда адамдардың көзіне көрініп келеді де, ажалы жеткен пендені атына мінгестіріп, о дүниеге апарып тапсыратын болған екен-мыс. Ол заманда адамдар момын, бейуаз, уәдесіне берік болғандықтан маңдайдағы сызығы таусылып, дәм-тұзы біткен соң, ел-жұртпен бақұлдасып, Тәңірдің құзырына қайта кете беретін болған деседі. Кейіннен адамдар бірін-бірі алдап, сонымен бірге Алдашыға да көне қоймайтын болған. Сол себептен енді Алдашы пенденің көзіне көрінбей жасырын келетін болған. Алдашы адам жанын алғалы келіп бауыздағанда керегенің үшінші көгіне дейін қан шашырайды-мыс деген әңгіме ел арасына таралған.  Алдашыны мифологиялық кейіпкер ретінде алғаш рет Н.Мыңжанұлы 1996 жылы жарық көрген «Қазақтың мифтік аңыздары» деген кітабында сипаттады. Ғалым бұл еңбегінде «Баба түкті Шашты Әзіз әулиенің Алдашыны шапалақтауы» деген хикаяны жариялады: «Бұрынғы заманда бір үлкен өзеннің бойында шөп күркені мекен етіп, балық қақтап, су сақтаған бір кедей кемпір болыпты, оның бар медеуі жастай жетім қалған жалғыз ұлы екен. Ұлы енді ер жетіп, ес жиып, ел қатарына қосылам дей бергенде аяқ астынан Алдашы келіп, қанды қармағын жалғыз баланың жанына салыпты. Жанұшырған кемпір жүгіріп, Баба түкі Шашты Әзізге келіп, «Әлгі Алдашы дегенің жалғыз баланың жанын шырылдатып, әкетіп барады. Қолдар болсаң, енді қолда, ара түсіп алып қал, айналайын, бабам!», – деп аяғын құшып жалыныпты. Шашты Әзіз атына мініп, Алдашыны қуып жетіп, «Сен мына сорлы кемпірдің жалғыз баласының жанын неге аласың, тастап кет?!», – деп айғай сапты. Алдашы оған ажырая қарап «Мен оның жанын Тәңірдің жазмыш-жарлығы бойынша алдым, ажалға ара түсуге кімде-кімнің хақысы жоқ», – деп жүре беріпті. Ашуы қысқан Шашты Әзіз шапалақпен Алдашыны бетке тартып кетіпті. Алдашы теңселе тәлтіректегенде, баланың жаны қайта ұшып барып, өз бойына еніпті. Алдашы қашқан бойы Тәңірінің алдына барып: «Жер бетінде Баба түкті Шашты Әзиз деген тентек бар екен, Тәңірінің жарлығына қарсы келіп, ажалға ара түсті, құлыңызға қол тигізді» , – деп арыз айтыпты. Тәңір оған «Сен оның адамдардың әулиесі екенін білмеуші ме едің?! Ол не істеймін десе, еркі өзінде, оның тілін алмаған өз обалың өзіңе», – депті. Шашты Әзиздің шапалағы тиген соң Алдашының көзі шапыраш болып қалыпты».
Ислам діні орнығуына байланысты мұсылман түркі халықтарының барлығында кейінгі замандарда Алдашының қызметін Әзірейіл періште алмастырады. Қазақстанның кейбір өңірінде Алдашыны «Жаналғыш» деп те атайтынын ескерген жөн. Халықтың түсінігіндегі Жаналғыш пен Әзірейілдің қызметі, жасап жүрген іс әрекеті, хикаяда бейнеленуі – Алдашыға ұқсас болып келеді. Мәселен: «Әзірейіл, Жәбірейіл екеуі ел аралап жүріпті. Олар Алла тағаланың оң қолы ғой. Яғни, Алла тағаланың хақ бұйрығын орындаушылар. Екеуіне жолай бір ауылдан шыққан жігіт кездеседі. Әзірлейіл, Жәбірейіл, жолаушы жігіт үшеуі сапарлас болады. Амандық сұрасқан соң екеуі жігітке: «Мына ауылда, екі бала бар, соның жанын аламыз. Соған барамыз», – дейді. Ауылдың шетіне келсе, бір топ бала тақырда асық ойнап жатады. Асыққа таласып, бірі келесі баланы кенеттен ұрып қалады. Асық басына тиеді де, тиген бала тіл тартпай өліп қалады. Ол баланың шешесі келеді де ұрған баланы көсеумен қойып қалады. Ол бала да өліп қалады. – Екеуі өлді ме?– Екеуі де өлді! – Онда, ал, қайттық.Әзірейіл мен Жебірейіл бұйымтайы біткен соң тағы да жолға түседі. «Енді алдыда бір ұл бар. Соның жанын аламыз”, – дейді. Ауылға жақындағанда еріп келе жатқан жігіт: «Менің жанымды қашан аласыңдар?», – дейді. «Сенің жаныңды айттырып қойған қызың бар. Соған үйленіп, той жасап, қасына жатқан күні аламыз!», – дейді. Жігіт: «Ойбай, онда неғып тірі жүрейін. Қазір алыңдар», – дейді. Әлгі екеуі: «Жоқ, алмаймыз. Сызығың біткен жоқ» , – дейді. Кете береді. Сол күннен бастап жігіт санадан солады. Әке-шешесі айттырған қызды ал десе, алмай, қашқақтап жүре береді. «Шырағым-ау, алсаңшы, айттырып қойған қаншама қалың мал күйіп кетеді ғой», – дейді ата-анасы. Жігіт көнбейді. Бұл жайтты қыз да естиді. Ақыры жігітті шақырып алып, себебін сұрайды да: «Сен қорықпа ол екеуінен, мені ала бер. Бір есебін табармыз» , – дейді. Ақыры тойды жасап, келіннің бетін ашады, кешке қасына жатып құшақтаған кезде есікті «тық-тық» еткізіп әлгілер де қағады. Жігіт «Жаналғыш келді» дейді үрейленіп. «А, Жаналғыш келіп тұр дейсің бе? Барып аша ғой»,– дейді. «Барып аш та, сіздерден бір тілегім бар, сол тілегімді орында да жанымды ала бер деп айт»,– дейді келіншегі. Келін ақылды болып тұр ғой. 
Барып ашқан соң әлгілер: «Жаныңды алғалы келдік» дейді. «Ал, онда, жанымды алатын болсаңдар, мен сіздерден бір сұрақ сұрайын. Содан кейін жанымды ала беріңдер» деген екен. «Сұрағың не?» дейді екеуі. Жігіт «Кеше жолдас болдық қой біз. Менің жолдасақымды бер» деген екен. “Не дейді?” депті де, Тәңірге осы жайтты хабарлайды екеуі. Сонда Құдайтағала “Жолдасақыға ол не сұрайды?” деген екен. Сонда жігіт үйіне кіріп шығайын дейді де әйеліне келіп «Жолдасақыға не сұраймын?» деген екен. Әйелі «Жүз жас сұра» деген екен. Содан жігіт қайта шығып «Жолдасақыға жүз жас бер!» деген екен. Әлгілер «Әмин» деп, жүз жас берген екен дейді». 

«Қорқыт туралы қазақ әңгіме-аңыздаулары дүние жүзінде, әсіресе Шығыста, кең тараған сюжетке құрылған. Ол — адамның ажалмен айқасы жайында: «Қорқыт бір күні түсінде көр қазып жатқан кісілерді көріп, олардан көрдің өзіне қазылып жатқанын біледі. Оянғаннан кейін ол өлімнен қашып құтылмақ болып, дүниенің төрт бұрышын аралайды. Бірақ барлық жерде өзіне көр қазып жатқан адамдарды көреді. Ажалдан қашып құтылмасына көзі жеткен Қорқыт енді жер ортасы — Сырдарияға, өзінің мекеніне кайтып келеді. Ажал кенеттен келіп қалмасын деп, ол өзеннің ортасына кілем төсеп, өзі жасаған қобызды тартып, өмір сүре береді. Бір күні әбден калжыраған ол қалғып кетеді. Сол мезетте ажал жылан түрінде келіп, оны шағып өлтіреді».
Бұл сюжет өте ерте заманда пайда болған. Мәселен, ол әзірше ең көне деп саналатын, тіпті, әйгілі “Илиада” мен “Одиссеядан” бір жарым мың жас үлкен “Гильгамеш туралы жырда” философиялық тұрғыда өлім мен өмірдің күресі, адамның ажалдан құтылу жолдарының мәселесі ретінде, көркем түрде әңгімеленген». СҚ мақала
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің айтуынша, екінші бір “қазақ әңгімесі Қорқытты Әзірейілге кездестіреді. Әзірейіл мұның жанын салып алатын сандық істеп әкелген. Қорқыт Әзрейілмен жауаптасып тұрып, сандықтың ішіне Әзрейілдің өзін алдап салады да, сандықты бекітіп суға ағызып жібереді”( Әуезов М. Ертегілер. Қорқыт//Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,
1948. 90-б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет