Түркі дүниесі мифологиясына ортақ кейіпкерлер



бет1/20
Дата24.09.2024
өлшемі1,41 Mb.
#145448
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
stud.kz-68700 (копия)



  1. ТҮРКІ ДҮНИЕСІ МИФОЛОГИЯСЫНА ОРТАҚ КЕЙІПКЕРЛЕР

1.1. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНА ОРТАҚ МИФТІК КУЛЬТ
Қазіргі таңда сөз болып жүрген танымдық сала —мифология. Миф — ата-бабалардың ежелгі, бастапқы танымындағы ғылыми таным, ғаламның алғашқы пенделерінің өмір хақындағы таным-түсініктері. Олардың қатарына аспан әлемі, жер қойнауы, су дүниесі мен жер асты және осылардың тұрғындары, яки тәңірлер мен тәңіриелері, құбыжықтар мен перілер, дәулер, жасампаз батырлар мен ел терушілер, ілкі адамдар, ғажайып мақұлықтар мен заттар, т.б. жатады.
Түркі мифологиясы ежелгі дәуірлерден бері келе жатқан ең көне жанр болып табылады. Түркі мифологиясының шығу төркіні сонау қола дәуіріне кетеді десек, содан бергі ұлт болып, халық болып қалыптасқан түркі халықтарының мифологиясының өзі кейін уақыт өте келе көптеген өзгерістерге ұшырап, түрленіп отырған.
Әлемдік деңгейде миф, мифология және мифологиялық кейіпкерлер туралы біршама зерттеулер жүргізіліп, пікірлер айтылып келеді. Мәселен, «миф дегеніміз – дейді, адам және оның пайда болуы, ғаламның жаратылуы туралы антикалық, библиялық көне ертегілер». Мифология дегеніміз — солар туралы аңыз-әңгімелердің жиынтығы және ғалам жөніндегі фантастикалық түсініктер жүйесі, ғалам картинасы. «Мифология - барлық халықта өткен адамзат сана-сезімінің алғашқы тарихи формасы…» Тұрпайы көзқарас ықпалынан өту кезеңінде ғылым адамзат дүниесіне мифология деп аталатын ауқымды, әрі жан-жақты құбылысты алып келді.
Бұл – әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты. Бұл қабат қазақ халқының рухани мұрасында ерекше байқалады. Оның іздері фольклорда, ескі аңыз-әңгімелерде, тілде сақталған”. Ғалым С.Қасқабасов қазақ фольклорындағы миф жанры туралы сөз етіп, мифке қазақ фольклоры тұрғысынан анықтама береді.
Әлемдік фольклортануда мифті зерттеуші ғалымдар еңбегі көптеп жарыққа шықты. Мифологияны зерттеушілер қатарында Е.М.Мелетинский, М.И.Стеблин-Каменский, О.М.Фрейденберг, М.И.Шахнович, т.б. есімдеріне ерекше тоқталуға болады. М.И.Стеблин-Каменский пікірінше, миф өзі дүниеге келген дәуірде шындық деп қабылданған әңгіме, мифті зерттеушілер үшін тек қиял ғана.
«Құдай қалауындағы ел» деп аталған Түркі мемлекетінің бағзы замандардан бері атап айтсақ, руникалық жазбаларында құрылғандығы туралы мәліметтер көп. Енисей руникасында бұл мемлекет деп аталады. Бұл – көне мифологиялық цикл Түркі қағанатының мемлекеттік культінің ажырамас бөлігі. Кезінде көшпелі өмір салтын ұстанған Көк түріктің ұрпағы Монғолиядан Еуропаға дейінгі ұлан-ғайыр жерде көшіп-қонып жүріп, көптеген халықтармен араласты, олардың мәдениетін қабылдады, кейбіреулері сол халықтармен сіңісіп кетті, енді бірі отырықшылыққа бейімдесті. Тарих бетінде Түрік қағанаты деген атпен белгілі болған түркі тайпалары кейін жеке-жеке мемлекеттер құрып, өздерінің тарихы мен әдебиетін қалыптастыра бастады.
Алайда, сол түркі халықтарының мифологиясын зер салганымызда, олардың бастау алатын бұрнағы мекені Алтай мен Сібір, Монғол жерін мекендеген түркі тайпаларының мифологиясына иек артатынымыз да тегін емес. Себебі Алтай мен Сібірді мекендеген түркі халықтарының арасында миф пен мифологиялық әңгімелер басқа түркі халықтарына қарағанда анағұрлым көп әрі өзгеріссіз таза сақталған. Ал, батыс пен батыс-оңтүстікке қарай орналасқан түркі халықтары сол жақтағы отырықшы халықтармен ертеден араласқандықтан біраз өзгеріске ұшырағанын көреміз.
Ұлан ғайыр жерді алып жатқан түркі халықтарының жерұйығы, түпқазығы қай жер бұл сауалға Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бірегейлік туралы» сөз қозғағанда «халықтың рухының жерұйығы» туралы ой тастайды. Жерұйық дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда жерұйық дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мәселе. [1,91 б.б.]
Орхон-Енисей руникалық жазбаларын негізге ала және оларды археологиялық, этнографиялық, мифологиялық деректермен толықтыра отырып, көне түркілердің дүниетаным түсінігін және олардың космогониялық танымын анықтауға негіз бар. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері – түркілер – Ашина руының түркілері – Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған» [1,92 б.б.] – деп атап көрсетуі, Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екендігін айқындай түседі. «Жерұйықтың» негізін түркілер заманынан іздеу осынысымен маңызды.
Танымал мәдениеттанушы ғалым, профессор Ақтолқын Құлсариева «Қазақ ұлтынан қазақ еліне» атты мақалалар жинағында «Тәуелсіз Қазақстан идеясы – Жерұйық Қазақстан» атты мақаласында: «Біздің ұлттық идеямыз да, ұлттық идеологиямыз да биік азаматтық құндылықтарға негізделген ұлттық келісім рухы негізінде құралып, тәуелсіздік құндылығын ұлықтауы тиіс. Ал сол айтылғандардың барлығын өз бойына сыйдыратын, қысқа да нұсқалығымен бағалы идея «Жерұйық Қазақстан» болмақ», – дей келе, «Жерұйықты желмаямен іздеген арманшыл Асан қайғыдай өз еліне малға шүйгін жері бар, жанға жайлы елі бар болашақ тілейтіні мәлім. «Құтты қоныс» іздеу – әлем халықтарының дүниетанымында жақсы өмірді күткен арман-аңсардан туған рухани интенция» [2, 178-179 ббб.], – деген салиқалы ой білдіреді.
Яғни, «Жерұйық» ғалымның пікірінше, халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтаған құтты қоныс. Себебі, түркі халықтарының рухани әлемінде өзіндік жинақтаушы күшке ие болған ұғымның қатарына «құт» феноменін жатқызамыз. Барлық елдердегідей түркі тілдес тайпалар да бір-біріне жақсы лебізін, игіліктің көбеюін білдіруте тырысқан. [3,129 б.б.]. Бұл турасында белгілі түркітанушы ғалым, Ахмет Ташағыл көне түркілер үшін тәуелсіздіктің маңызын Орхон-Енисей жазбаларының мән-мәтінімен түсіндіреді. Оның ойынша «Жерұйық» – түркілер дүниетанымындағы тәуелсіздікпен байланысы бар құтты мекен. «Себебі, түркілердің тәуелсіздікке қол жеткізуі және оны жоғалтуы жайында Орхон жазба ескерткіштерінде барынша тәптіштеліп түсіндірілген. Онда тәуелсіздікті жоғалтудың халық үшін өліммен тең екені, тәуелсіздікті алудың қайта тірілумен, жанданумен бірдей болатындығы және халықтың осындай оқиғалардан сабақ алу керектігі баса айтылған» [4,369 б.б.], деп атап көрсетеді.
Бүгінгі таңда Орхон жазбаларындағы көне түркілердің мемлекеттігінің және қағандардың дүниеге келу ерекшелігі, жерді сақтау Ашина руынан тараған түркілердің тектілігі, жалпы түркі халқының қаһармандығы жан-жақты зерттелген. Қазақ елдігін құраған ескі рулар бұрын талай діннің ықпалын көрген, өздері тұтынбаса да сол елдермен араласа жүріп сол елдің наным-сенімін қабылдаған.
Түркі-қытай ауқымында туып-өскен буддизм, ата-бабаларымыз ұстанған шаманизм, сақ, арий тайпаларынан шыққан зәрдушт діні, ислам діні, осылардың бәрі де ескі қазақ руларына өз кезінде дінмен байланысты біршама мифология әкелген.
Руникалық жазбалардағы фрагменттік мәліметтер бойынша көне түркілер мифологиясы – мазмұны жағынан архаикалық болып келеді. Атап айтқанда, көне түркі мифологиясы тотемді генеологиялық және космогониялық болуымен ерекше екендігі де белгілі. Түркі мифологиясындағы көне түркі мемлекеттігінің пайда болуы туралы миф салыстырмалы түрде элитарлы және сакральды бұқаралық биліктің көрінісі, мифологиялық тұрғыдан жаңа қабатты бейнелейді. Соның ең ескісі ретінде шамандыққа тоқталып өтуге болады. Шаманизмнің қазақтар арасында өте ертеден тарағаны белгілі. Ал, оның сарқыншақтары ХХ ғасырдың басына дейін сақталғанына ел арасында өмір сүріп келген бақсылар мен шамандықтың оқта-текте ұшырасатын элементтері куә.
Шамандықты зерттей келе, Ш.Уәлиханов оның мұсылманшылықпен етене араласып кеткендігін айтады. Ш.Уәлиханов: «Мусылманство среди народа неграмотного без мулл не могло укорениться, но оставалось звуком, фразой, под которыми скрывались прежние шаманские понятие. Оттого изменению подверглись имя, слова, а не мысль. Онгон стали называть арвахом, куктэнгри – аллахом или худаем, духа земли – шайтаном, пери, дивана и джином, а идея осталась шаманская» [5, 49б.б.] – дейді.
Тарихи фактілерге зер салсақ, 630-680 жылдары арасында түркі мемлекеті Қытай басқыншылығына ұшыраған кезеңде тәуелсіздік жолында бірнеше рет көтеріліске шыққандығы белгілі. Нәтижесінде, 679 жылы басталған көтеріліс 682 жылы Түркі мемлекетінің тәуелсіздік алуымен аяқталды. Бұл – Түркі қағанатының толық тәуелсіздікке мән беруінің маңызды дәлелінің бірі. Түркілер тәуелсіз мемлекетін сақтап қалу және оны дамыту үшін атадан жеткен асыл мұра – «Жерді» көзінің қарашығындай сақтаған. Көне түркілер дүниетанымында «мемлекет» – билеушінің жеке меншігі емес, Тәңір тарабынан берілген «құт» ретінде көрініс тапқан. Көне түркілер заманында ата-баба жерінің тәуелсіздігін сақтау және оны құтты қонысқа айналдыру – жерұйықтың архаикалық формасы болып табылады. Әрбір халықтың өзіндік тұрмыс-салтын туындатқан дүниетаным мифологияда өзіндік болмыс-бітім қалыптастырады. Мифтер ғылыми білім санатына жетпесе де, көне дәуірлерде орын алып, артынан ешбір із қалдырмаған белгілі бір оқиғалардың бетпердесін ашуға қабілетті және ғылыми талдау үшін нақты дерек бола алатын фактілер санатына жатады. [6,480б.б.]
Жалпы қандай ел, халық, қай жер, қандай мезгілде болмасын, бір құдайлық (монотеистік) мемлекеттік дін өзінен бұрынғы діндер мен сенімдерді, олардың ілімі мен оқуын, шығармалары мен кейіпкерлерін теріске шығарып, өмірден өшіруге тырысып баққан. Алайда, ескі наным-сенім түгелімен жоғалмаған, өзгеріп, басқа сипат қабылдаған, кейде қатарлас өмір сүрген. Иудей, будда, христиан, ислам діндерінің тарихы осыны дәлелдейді. Осыған байланысты мына нәрсеге аса көңіл аудару керек: біз айтып отырған сюжерттердің түрлері бірін-бірі ауыстырғанда, алдыңғысы мүлде құрып кетпейді және тек соңғысы ғана қалып қалмайды. Олар мифологияда бәрі қатар жүреді. Оларды туғызған сенімдердің қалдықтары да қатар жүреді.
Айталық, қазақ мифологиясында кейіпкердің ғайыптан тууы да, тотемнің әсерімен тууы да, сондай-ақ ата аруағының немесе мұсылман әулиелерінің жәрдемімен дүниеге келуінің бәрі аралас, қатар жүруі осыдан.
Басқа ел мифологиясында да осылай.
Ислам діні енгеннен бастап Қазақстанда ескі шамандық пен ислам діні қатар өмір сүреді. Бұл жағдай көп уақытқа созылғаны белгілі. Бірақ жай созылған жоқ, екі идеология арасында үнемі күрес болып келеді. Сөйтіп, бұрынғы шаманизмді исламның «қасиетті» күштері ығыстыра бастады, ал, кейбір шамандық кейіпкерлер мен әдет-рәсімдер исламдық сипат алды. Соның нәтижесінде ежелгі тотемге және ата аруағына табынумен қатар мұсылман дінінің әулие-әнбиелеріне қасиеттеп, оларға сиыну кең етек алды. Міне, бұл процесс қазақ мифологиясында да көрініс тапты [7, 254б.].
Мифология мен дін тарихын зерттеуші Мирча Элиаде былай деп жазады: “Миф белгілі бір қасиетті тарих туралы, яғни Уақыт басында, ab initio… болған алғашқы оқиғаны сөз етеді. Бұл әрқашан “жаратылыс” туралы, белгілі бір заттың қалайша қалыптасқандығы, яғни өз тіршілігін қалай бастағандығы туралы сөз” [8,63б.] Дж.Ф. Бирлайн: «Миф – адам баласы үшін барлық уақытта да бейне бір өзгермейтін, тұрақты дүние. Мифте көрініс тапқан жалпы модельдер, сюжеттер, тіпті ұсақ детальдар барлық жерде немесе затарда кездеседі. Оны басқаша айтқанда, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан біздің ата-бабаларымыздың естелік мұраларының жиынтығы. Миф – біздің дүниетанымымыздың құрылымында көрініс тапқан. Ол қанымызда, генімізде таңбаланған» [9,15б.] Мәдени жәдігерлердегі мифтерді ұрпақтан ұрпаққа берілетін тек жалаң мәтіндер корпусы ретінде қабылдау бүгінгі әдістемелік тұрғыдан қате пікір, расында ол жәдігерлерден аға ұрпақтың әлемді қабылдау бейнесіне қатысты идеалдардың немесе түсінік-ұғымдардың жиынтығын семиотикалық деңгейде аңғаруға мүмкіндік мол [10,220б.].
Болашақты болжаушылар ұлыстың әскери тіршілігінде аса маңызды қызмет атқарғандығын мына жәйттерден де аңғаруға болады. Геродоттың айтуына қарағанда, ежелгі амхарлар жорыққа болжаушы айтқан уақытта және болжаушы нұсқаған жаққа қарай аттанатын. [18,89б.] Ежелгі Малиге 1353 жылы сапар шеккен араб тарихшысы Ибн Баттутаның айтуына қарағанда, сонинкелердің ата-бабаларында бұл міндетті «жула» деп аталған жыраулар әрі бақсылар атқарған. Құс қауырсындарынан құралған арнаулы киім киіп, беттерін қызыл тұмсықты құсты елестетін сірімен жауып, жулалар хандарына ақындық толғау түрінде нақыл-өсиеттер айтатын. Толғау сөздерінің батылдығына қарағанда, жулалардың халық және ел басшылары алдында беделі күшті болған.[19,11б.]
Яғни түркі аңыздары мен туындыларында, ертегілерінде су перісі мынадай сипатта көрінеді: су перісі — белгілі бір рудың түпкі анасы, түпкі атаның, батырдың әйелі, батырға (мысалы, аңшыға) рухани да, материалдық та көмек береді, өзіне жар етіп таңдайды, жігітке билік алып береді, т.т. Яғни су перісін мұнда сұлу да арлы дана ретінде көріп бағамдап отырмыз. Ертеде орта азия мен иран жерінде танымал болған батырларды ұзақ сапардан сарыла күтетін, оларға көмек бере отырып, күш, пәрмен жасайтын арулар болыпты. Олар да осы су перісі тектес екен.
Жоғары, Орта және Төмеңгі трихотомды әлемдерге бөлген, олардың арасында жанды заттар, құдайлар және перілер болған. Бұл трихотомды концепция әлемнің көлденең моделін тігінең суреттейтін моделімен толықтырды. Оның ойынша, Көк Тәңірі Жоғары әлемнің билеушісі және көне түркі пантеонының құдайы болды. Көк Тәңірі басқа құдайлармен бірлесе отырып, адамдардың тағдырын билеген. Тәңір қағандарға билік пен даналықты сыйлады. Жоғары әлемнің тағы бір құдайы Ұмай ана адамзат баласына өмір сыйлаған. Өлім көне түркі мифологиясы бойынша Эрклигтің қолында. Міне, С.Г.Кляшторный көне түркі мифологиясына байланысты архаикалық Орталық Азия наным-сенім кейіпкерлері ретінде жоғарыдағы наным-сенім иелерін көне түркі пантеонының басты сипаты ретінде көрсетеді. [28,103-114б.]. Аспан ғарыштың бөлшегі ретінде мифологияда және Орхон-Енисей жазбаларында «Көк-Тәңірі» деп аталады. «Көк аспан» – ұшу, көтерілу секілді етістіктермен сипатталады.
Ал жер көне түркі мифологиясында төрт бұрышты, шаршы кеңістік. Күлтегіннің жазуында «Төрт бұрыштың бәрі жау еді» деген мәтін түркі әлемінің дүниетанымдық шекарасын көрсетеді. Ышбара қағанның хатында өздері мекен еткен аймақтан тыс мекенде «төрт теңіз» бар екендігі суреттеледі. Оны жердің төңірегіндегі әлемнің мәңгі өзгермейтін негізі немесе әлемнің шегі деп түсінуге болады. Руна ескерткіштерінің авторлары үшін әлемнің құрылысы көгілдір аспан адамдар мекен еткен әлемді яғни жерді жауып тұратын төбе. Атап айтар болсақ, Төбе өзенінің маңында табылған ескерткіштің соңғы екі жолында: - О, менің көк аспаным, бізге шатыр болар көр! - О, менің елім-Еділім, мәңгі жасай гөр! – деп жазылуы, түркілердің әлем түсінігін танытады. Бұл жөнінде Ышбара қағанның 585 жылы суй императорына жазған мына хат мәтіні жоғарыда көрсетілген көне түркі әлем моделін дамыта түседі. Мазмұнына тоқталар болсақ: «Аспан жауып тұрады, жер көтеріп жүреді, жеті ғаламшар сәуле беріп тұрады». Тағы атап кетер басты жайт, дәл осындай үйлесімді қайталау 600 ж. Кимін қағанның хатында да кездескен [29,52-60б.]. Ал ҮІІ ғасырда өмір сүрген Феофилакт Симатта Күлтегін ескерткішінде көрініс тапқан «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған» деген сөз тіркесі бойынша мүлдем керісінше ой айтады. Ол өз заманында түркілер «жер мен аспанды жаратқан бір Құдайға табынады» [30,161б.] деп, мәлімдейтін дерек қалдырған. Ғалымдар пікірінің тоғысқан жері Орта әлемде көне түркілер «Жер-Суды» киелі санағандығында. Ата-бабасынан мирасқа қалған жерді киелі санау, Жерұйығын қасиет тұту көне түркі мифологиясында нақты көрініс тапқан. Себебі, Жерұйық – ежелгі түркілік «ыдық йер-суб» мифтік кеңістігінің қыпшақ тілді ортадағы кейінгі өзгерген атауы. Көне түркілік ыдуқ – «қасиетті» сөзі «үйекке» айналып кеткен, яғни Жер-Ыдуқтың көктүркілік «отты кеңістік» – Отұқ Кеңг – Ыдуқ Кеңг – Өтүкеннің соңғы өзгерісі, қазақ ұғымындағы сарқыншағы болып табылады. Дж. Клоссонның пікірінше, «Жер-Су» ұғымы Құдай емес, тәңірідей құрметтелген киелі ел, өлке, жер тараптың тұлғасы болған, яғни ол да Өтүкен, Ергенеқон образдарының синонимі болған деп шамалауға болады [31,207б.]
Бұл турасында Ахмет Ташағыл: «Отанға деген сүйіспеншілік Орхон жазба ескерткіштерінде анық сипатталған. Сонымен қатар орталық Отүкен түріктер ұғымында қасиетті деп саналған. Себебі, көк түркілердің астанасы – Отүкен»,- деп атап көрсеткен. Түркілер мифологиясындағы «Жер-су» Орхон-Енисей ескерткіштерінде «Көк аспанға» оппозиция ретінде орын алған, жалпы, киелі деген мағынаны білдіретін терминологиялық ұғым болып табылады. «Жер-су» ұғымы ландшафты схема бойынша киелі тау шыңына пара-пар тігінен сипатталатын жазықтық немес кеңістік болып табылады. Оны С.Г. Кляшторный «священная Отюкенская чернь» [32,402б.] деп сипаттайды. Бізше айтқанда «Жерұйығы» және көне түркі мифологиясы бойынша әлемнің кіндігін білдіреді, қағандар ордасын тіккен, түркі халқы мекен еткен, «төрт тарапқа» – «алға», «артқа», «оңға», «солға» жорыққа шыққан. Көне түркі түсінігінен қалған мифтік абыз-ақынның образы Асан қайғы турасында ой қозғауға алып келеді. Атап айтқанда, «Асан – «аспан адамы», қайғы – «ақын, жырау, сазгер» деген туынды мағынаға ие екендігін, Асан қайғы – «аспан жыршысы» екендігін ғана айта аламыз», – деген С. Қондыбайдың зерттеушілік пікірі, Асан қайғының «киелі жерді іздеген Асан» және көктүркілік «халқын киелі жерден, атамекеннен шығарған Асянь-шадты» бір трафаретке еңгізілген образ деп көрсетеді [31,31б.]. Л.П. Потапов та Тәңір, Ұмай, Жер-Су үш құдайына сену – көне түркі қоғамында барлық топтарға таралды [33,71-77б.]
Осы негізде үш мифтік шығармашылық цикліне арналған алты мифологиялық сюжет ғылыми айналымға енді. Атап айтқанда, 1. Космогония және космология: әлемнің пайда болуы, оның құрылымы туралы және ғарыштық апат туралы мифтер; 2. Пантеон және социум: құдайлар туралы, құдай қалауындағы мемлекеттің және Тәңірі дүниеге алып келген қағандар туралы мифтер; 3. Этнология және генеология: түркі тайпасының шығу тегі туралы және түркі халқының қаһармандары туралы мифтер. [34,272б.]
Дәстүрлі түркілік дүниетанымда космологияның көшірмесі болып табылатын адамның жаратылуы да әлемнің орталығында жүзеге асқан. Мысалы, Месопотамия мәдениетінде адам Жер жүзі мен Көк арасындағы «көпірдің» орналасқан жері – «жердің кіндігі – Жерұйықта» дүниеге келген. Осы символдық бейнелеулер түркілік космологияның да негізгі ұстанымдары болып табылады. Негізінен, ескі түркі космологиясы «Жерұйық» концепциясы негізінде қалыптасқан. Түркі мемлекеті, түркі ордасы дүниенің төрт бұрышының түйіскен жерінде, яғни дәл орталығында, әлемнің кіндігінде орналасқан. Әлемнің кіндігі – Жерұйық ең алғашқы құдайлық бастаманың, яғни адамның жаратылыс негізі болғандықтан да киелі. Көктеме, жайлау, қыстау, күзеу – бұлар көшпелі қоғамның мемлекеттік шекарасы қызметін атқарады. Бұл кеңістіктер Тәңір тарапынан аталарына берілген мирас болғандықтан да қасиетті, киелі отан болып табылады. Өйткені, бұл кеңістіктер түп аталарының сүйегі жерленген – Жерұйық [35,61б.].
Бұл туралы Орхон стеллалары, Енисей қырғыздарының жазбалары, көне ұйғыр руникалық және курсивті мәтіндері, қимақ, қыпшақ, ғұз, қарлұқтар туралы мұсылман авторларының және Ұлы қорғанның солтүстігінде тұратын тайпалар туралы қытай деректеріндегі хабарламалардан да білуге болады. Дүниетанымды табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастық көзқарас тұрғысынан әлемді рухани түсіну, тану деп білсек, әр алуан маңызы бар адам бойындағы наным-сенім, сезім, көңіл-күй, талап дүниетанымға бірігіп, адамдардың әлемді түсіну, сол арқылы өзін түсіну, өзін қоршаған әлемде жайлы сезінудің біртұтас түсінігін қалыптастырады.
Кейінгі кезде әдебиеттану саласындағы зерттеулерде әдеби шығармалардағы мифтің пайдаланылу негізіне әртүрлі классификация жасалды. Бұл саладағы Е.М.Мелетинский, Ю.М.Лотман, М.Н.Эпштейн, З.Г.Минцтің зерттеу классификациясын алғашқы ғылыми зерттеулердің қатарына жатқызуға болады. Осы зерттеулерге сүйене отырып, Д.Н.Низамиддинов қазіргі әдебиеттегі мифологизм формаларын төмендегідей үш түрге топтастырады:
Бірінші: дәстүрлі мифтік желілер (сюжет) мен бейнелерді (образ) пайдалану. Осы бірінші форманың өзі әдеби туындыларда екі түрлі сипатта көрінеді:
а) дәстүрлі мифтік желілер мен бейнелерді түсіндіру, талдау (интерпретация).
ә) дәстүрлі мифтік желілер мен бейнелерді өзгерту, ауыстыру (трансформациялау). [36,368б.].
Мифологизм, әдебиет үшін танымдық қызмет атқарып келді және бұл қызметін әлі де жалғастыруда. Әсіресе, фольклорда мифологизмнің әсері мол әрі маңызды болды. Фольклорлық шығармалардың барлығында дерлік мифологиялық ойлау бар. Біз әдебиетті көркем ойлаудың жемісі десек, оның алғашқы сатысы – фольклорда бейнелі ойлау түрімен адамдар өзін қоршаған әлемді тануға ұмтылды. Мифологизмнің фольклорлық мұраларға, философия мен әдебиеттің дамуына қосқан үлесі зор. Фольклорлық туындылар – халық ақыл-ойының көркем шежіресі, асқан қабілетінің жиынтығы, қазынасы. Ерте замандардан адамдар жады арқылы сақталып жеткен ертегілер мен аңыздардан, эпостық туындылар мен қисса-дастандардан мифтік танымның болуы заңдылық. “Мифтер тайпалардың қасиетті рухани қазынасын құрайды. Олар ұлттың дәстүрімен, ырым-жоралғылармен тікелей байланысты”. Бұл – С.Токарев, Е.Мелетинский пікірлері. Миф зерттеушілерінің пікірі бойынша, миф таза түсінік күйінде кездесе бермейді. Түркі фольклорындағы мифологизмнің көріністері дегенде, ең алдымен ертегілерді, аңыз, хикаяларды, сонан соң тұрмыс-салт жырларын, эпостарды, ырым-тыйымдарды еске алуға болады.
Түрік мифологиясы —бірнеше мыңжылдық көшпелі ру-тайпалардың дүние-ғалам, өмір туралы түсініктерінің, ежелгі танымдарының бірыңғай жүйесі. Ол фольклорлық мұралардың — жырлар мен дастандардың, әртүрлі шежіре аңыздардың, ертегілердің, жұмбақ пен мақал-мәтелдің, фразеологизм мен діни әфсаналардың астарында жасырынып жатыр. Сондықтан "қазақ мифологиялық ғылыми-зерттеу" мектебін қалыптастыру үшін үш кезеңнен өтуге тура келді. Бірінші кезең — ықтимал мифтік сипаты бар сөздер мен ұғымдарды, аңыздар мен басқа да фольклорлық материалдарды жинақтап, олардың негізінде алғашқы мифологиялық түсініктердің долбарлы бағыттарын, үлгілерін, тұрақты трафареттерін анықтау. Оны географиялық "рекогносцировка" — "алдын ала бажайлап-байыптау" деуге болады. Екінші кезең — қазақ мифологиясының ғылыми пән ретінде тарихи даму, өзгеру, қалыптасу жолдарын, негізгі зерттеу нысандарын, әдістемелерін, теориялық ережелері мен жөн-жосықтарын бір арнаға түсіру. Үшінші кезең — бастапқы ғылыми мифология пәнін рухани саланың мамандарының көмегімен (этнопсихолог, дін ғұламалары, философ, өнертанушы, мәдениеттанушы, социолог, тарихшы, этнограф, фольклоршы, т.б.) дамыған мифологиялық зерттеу мектептерімен (мәселен, европалық мектеппен) теңестіру. [7,122б.].
Миф — ертегі адамдардың адамтану, дүниетану көзқарасы, ақиқат танымы. Ежелгі адам кез келген әрекетінің себебін озарт арқылы түсіндірген, яғни айтылатын ертегі мен жырдың да, салынатын суреттің де, айтылатын ән мен өлеңнің де, тарихтың да, биленетін бидің де арғы жағында озарттық түсініктер жатыр. [7,125б.]. Миф — бүгінгі ғылымның, өнердің, мәдениеттің бастапқы, бір-бірінен ажыратылмаған сатысы. Мұндай ажыраспаған күйді ғылымда әдетте синкреттілік дейді. Мысалы, ертегі мен жырдың басында миф жатыр, яғни бүгінгі ертегі мен жырды байыптап қарап, белгілі бір заңдылықтарға сүйене саралай отырып, ежелгі озарттық түсініктерді сұрыптап, бөліп шығаруға болады.
Ерте замандардан келе жатқан фольклорлық мұралардың бір саласы – ертегілер. Ертегілердегі жануарлардың адамға, адамның жануарға айналуы, табиғаттағы барлық жанды-жансыз заттарға тіл бітіуі, таңғажайып оқиғалар мифтік санадан туындаған сенім мен таным, түсінік. Фольклорлық туындыларда мифтік қаһармандар бейнесіне де ерекше назар аударылады. Түркі мифологиясында көп ұшырасатын мифтік қаһармандар – Ұмай Ана, Айдаһар, Самұрық, Айбөкен, Арлан, Дәу, Арғымақ, т.б. Аталған кейіпкерлердің бірі халықтық қаһарманға дос болып, оған көмектесіп, арман-мақсатына жеткізеді. Енді бірі жолына кедергі болып, қаһарманға тосқауыл болады. Басты қаһарманға қиналған сәтінде тылсым, ғажайып күштер көмек көрсетіп, жөн сілтейді. Кейде мифтік бейнелер жағымсыз, қаскөй әрекеттерімен көрінеді. Мысалы, Жезтырнақ, Жалмауыз кемпір, Жеті басты Дәу, Айдаһар, т.б… Алайда, түркі халықтары мен Алтай халықтарының ескі тотемдік сенімінде құс, ит-құс, бөрі, ит, бұғы т.б. сияқты аңдар киелі саналып, оған табынып келгендіктері белгілі.
Фольклорлық ескерткіштердің өзара үндестік, жақындығын белгілеудің шарттары мен заңдылықтары да анықталған. Ауыз әдебиеті шығармаларының түбірлестігі мен туыстығы түрлі жағдайлар мен факторлар жиынтығынан құралатыны кәміл. Сондай себептер мен сыпаттарды ескере келіп, совет фольклортану ғылымы үш түрлі ұқсастық типін ерекше бөліп қарайды. [9,36-37б.]. Мәселен, ғалым Р.Бердібаев түркі халықтарының туыстастығын былай жіктеп көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет