Түркі дүниесі мифологиясына ортақ кейіпкерлер



бет14/20
Дата24.09.2024
өлшемі163,82 Kb.
#145448
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
stud.kz-68700 (копия)

МЫСТАН КЕМПІР. «Мыстан кемпірді» түріктер жады/cadı, бүйүжү/buyucu; ұйғырлар жадугер, кемпир, момай, һазазул; татарлар убырлы карчык, кары һатын, мамай; өзбектер мастон кампир, қырғыздар мастан кемпір деп атаған. (Алимжан 66-бет)
Жалмауыз кемпірдің образы бірте-бірте зиянкестік айла-шарғылардың шебері мыстан кемпірге дейін дамиды. Қатігез әйел (стихияның күші) ретінде көрінетін және өзінің артықшылығын таныта отырып, ашық әрекет жасайтын жалмауыз кемпірден мыстан кемпірдің айырмашылығы: ол тұрмыстық кеңістіктің шегінен шықпайды; ол, шырғашыл, зұлым. Онда жалмауыз кемпірге тән кереметтерді істейтін қабілет жоқ. Ол көбінесе астыртын жымысқы әрекет жасайды және қаһарманның қарсыластарына болысады. Оның мұндай рөлі көптеген ертегіде кездеседі. Әсіресе, кең тарағаны - қол астындағы жанның сұлу әйелін тартып алуды көздеген ханға мыстан кемпір аярлықпен көмек беріп, оның зайыбын қулықпен алып кететіндігі, кейде қаһарманның өзін де өлтіретіндігі туралы сарындар. (СҚ)
Түрік мифологы Мурат Ураз мыстан хақында былай дейді: «Фольклордағы түрлі аңыздардың оқиға желісінде жағымсыз жағынан сипатталатын мыстандар – шаштары жалбыраған және ұзын құйрықты әйел ретінде бейнеленеді. Қыш құмыраның үстіне мініп алып аспанда ұшады. Бұлар құмыра ұшыратын мыстан, -деп аталады. Ешкімше жақсылық ойламайды, жамандық жасағаннан басқа істейтін тірліктері жоқ. Балаларды алып қашады.
Ел арасындағы наным-сенім бойынша егер бір кісі қайтыс болса оның үстіне қайшы қойылады. Өйткені қайшы қойылмаған мүрденің үстінен мысық аттаса өлген кісі мыстанға айналып немесе рухы мазардан қашып кетуі мүмкін.
Бұл мыстанның қыздары да болады. Бірақ олар аналарын тыңдамайды. Қалағанынша қыдырып жүреді. Аналары болса олардың дегеніне көнуге мәжбүр болады.
Мыстанның бақшасында екі құдық болады. Бұл құдықтың бірінде бал, екіншісінде қан бар. Егер мыстандың қызы сүйіктісімен қашқысы келсе, балды татады. Ал сүйіктісі сол кезде қанды ішетін болса кезкелген бейнеге еніп қалаған жеріне бара алады.
Мыстанды жою үшін оның бақшасындағы бір раушанды жұлып алу қажет. Бірақ бақшаны қүзетіп тұрған арыстан немесе барысқа ұқсайтын мысық бар. Осы қырағы күзетшіден өтіп ойдағы істі жүзеге асыра білу оңай шаруа емес». (Мураз ураз 118-119 бб)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет