«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет105/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Аңдатпа.
Жыраулар шығармашылығы ұлттық идеяны жүзеге 
асырудағы үлкен қозғаушы күш болып табылады. Жыраулар 
– 
Қазақ
хандығы халқымыздың барлық жастағы адамдарының 
асыл, саналы қасиетті болуын мұрат еткен нағыз тәрбиешілер. 
Жыраулар поэзиясы 
– 
қазақ сөз өнеріндегі шынайы ұлттық 
сипаттың негізгі көркемдік іргетасы. Сондықтан, халықтық 


208 
тәрбие дәстүрін жыраулар поэзиясы арқылы
тереңдете ұғындыру 
– 
өмір талабынан туындаған мәселе.
Кіріспе.
XV-XVIII – 
ғасырларды қамтыған жыраулар 
поэзиясы халқымыздың жүздеген жылдар бойы жадында 
сақталып, бүгінде қазақ әдебиетінің бір кезеңі болып қалыптасып 
отыр. Сөз қадірін білген қазақ халқы
түйінді, иірім жолдарды 
талай аласапыран кезеңдерден алып өтіп, қазіргі әдебиетімізге 
аманат етіп тапсырды. 
Елбасымыз Ұлытауда берген сұхбатында: «Қазақ хандығы 
біздің еліміздің түп
-
тамыры. Бұл тұңғыш мемлекетіміздің 
болашағын белгілеген үлкен тарихи оқиға. Біздің болашағымызға 
бағдар ететін ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін 
идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы 
– 
Мәңгілік Ел!» деген еді.
Қазақ
хандығының тарих сахнасына мағлұм бола бастау 
кезеңін анықтаудың ғылыми да, саяси да мәні зор. Әсіресе, 
тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған бүгінгі таңда оның маңызы, 
мәртебесі, тіпті арта түспек.
Елбасы «Тарих толқынында» кітабында: «Бұл оқиғаның саяси 
һәм
қоғамдық мән
-
маңызы Қазақ хандығының Орта Азиядағы 
тұңғыш ұлттық мемлекет болғанында жатыр. Оны өздерінен 
бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі бар түркі 
халқы құрады» [1], 
– 
дейді. Сол қазіргі түркі халықтарының бір 
бұтағы қазақ халқы болып саналады.
Түркі халықтарының бір бұтағы саналатын Қазақ елінің 
әдебиет
тарихының түп негізі көне дәуірге 
– 
түркі тайпалары әлі 
жеке
-
жеке халық боп жіктелмеген, ортақ мәдениет, ортақ мұра 
жасап жүрген кезеңге барып тіреледі. Туыстас түркі руларының 
бір тобы қазақ деген атпен бөлініп, өз мемлекетін құрумен 
байланысты. ХҮ ғасырдың орта шенінен бастап дербес қазақ 
атымен аталатын әдебиет қалыптасады.
Қазақ
әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы 
қадамдарының
өзінен
-
ақ келелі, өте көркем келісімге жетуі заңды 
болса керек.
Сол дәуірдегі түркі халықтары сөз өнерін аса жоғары бағалап, 
өздерінің
ақын
-
жырауларына бас иген. Араб әдебиетінің тарихын 
жазған профессор Ханна аль
-
Фахури: «Басқа жұрттың сөзінен 
гөрі, ақынның сөзі өтімдірек келетін; кейде оның беделі мен 
билігі, тіпті, ру көсемінен де артық болатын», 
– 
дейді [2, 51
-52].


209 
Көшпенділер арасында тіл өнерінің қадірлігі сондай, сөз 
зергерлерін халық қастерлеп, жоғары бағалаған, құрметтеген. 
Қазақ
жыраулар поэзиясында елдің бірлігі, тұтастығы, тарихы 
мен мәдениетінің өркендеп дамуы айқын көрінеді.
Қазақ
хандығы дәуіріндегі ақын
-
жыраулар поэзиясының 
басты көтерген тақырыптары, негізінен ата
-
қоныстары, 
отаншылдық, елтанушылық, адамгершілік, тәлім
-
тәрбие, ұлттық 
дүниетаным, әсіресе қазақ халқының қасиетті ата
-
қоныс 
мекендері үнемі сөз арқауына алынады.
Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан. Жыршы деп 
көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары 
бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл
-
нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі 
тақырыптары 

туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді 
бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті
насихаттау.
Жыраулар поэзиясы 
– 
дербес мемлекеттік дәрежеде өмір 
сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Көрнекті 
ғалым
-
жазушы М.Мағауиннің айтуынша: «Қазақ халқының 
жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда 
құрған
хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды». 
Ол тағы бірде «ХV

ХVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел 
мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр 
тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң 
жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ
үшін ешқашан 
ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне 
көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды», дейді. 
Яғни, жыраулар поэзиясы 
– 
қазақ сөз өнерінің әлемдік 
классикалық шығармалар шоғырына қосылатын біздің ұлттық 
рухани қазынамыз [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет