Негізгі бөлім.
Профессор, зерттеуші
Тұрсын Жұртбаев:
«Қазақ тарихынан Қаракерей Қабанбайдың аты өшпейтіні анық
еді. Алайда талай тосқауыл мен күлтөбеге, күңкілге ұрынарымыз
анық болатын. Сол алғашқы сапарының өзінде «Қаракерей
Қабанбай» атты тарихи әфсанасы арқылы исі қазақтың санасын
оятқан Зейнолла Сәніктің шағын кітапшасының әсері ерекше
болды. Бұрын жыр, дастанның, Бұқар жыраудың жырларының
ішінде аты аталып өтетін қатардағы батырдан « хан батыры
Қабанбай» атанып, күмәнсіз, кәдік пен күдіксіз ұлт киесіне
айналды» деген пікір Зейнолла Мүбаракұлының
Қабанбай
тұлғасының
жан
-
жақты насихатталуына түрткі болған деген
пайымдауымызға үстеме береді.
Жазушы шығарларындағы ұлт жанашыры, жомарттық пен
мырзалықтың асқақ үлгісі ретінде сипатталатын кейіпкер
–
Басбай образы.
«Зейнолла Сәнік шығармаларындағы көкемдік ізденістер»
атты ғылыи зерттеу еңбек жазған әдебиеттанушы Гүлжаhан Орда
«Жазушы «Басбай» тарихи романында Басбай Шолақұлы өмір
сүрген кезеңнің жанды картинасын жасады. Шғарманың идеясы
–
азаттық, бостандық үшін күрес болса, бас кейіпкер де, оның
замандастары да бүкіл өмірін осы жолға арнады. Уақыт пен
кеңістікті барынша шебер пайдаланған он жеті тараудан тұратын
романның әр тарауындағы оқиғалар легі араға бірнеше жыл
салып жалғасады. Қажет жерінде шегініс жасалып, негізгі
оқиғаға түсінік беріледі. Романға Тарбағатайдағы Басбай
Шолақұлының өмірге келгенінен бастап, өмірден өткеннен
225
кейінгі жылдары негіз болған. Қызыр әулиенің аянымен атын
Басбай деп қойған жанның өмірі әулие айтқандай ертегіге
бергісіз болды»
[3, 133].
Осы бір кесек шығармаға тарихилық, деректілік, көркемдік
тән. Заманалық тұлғаның бейнесі көркемдік, әлеуметтік,
пәлсапалық, халықтық тәжірибелік тұрғыдан шынайы
шыншылдықпенсомдалған.Туындыныңқұрылымдық,
стилистикалық, композицияялық ерекшеліктері қисынды
ойластырылған. Ұлы
Даланы мекендеген этностың шаруа
-
кәсібі
–
мал бағу. Шын мағынасында, бұл
–
өнер, халықтың телегей
тәжірибесі мен мыңжылдықтар бойында мысқалдап жинаған
байтақ білімі. Ендеше, ХХ ғасырдың басында мал бағу өнері мен
ғылымын
өрге өрлеткен халықтық энциклопедиялық білімнің
иесі жаңашыл Басбай өмірі, дәуірі, тапқырлық өнегесі,
жомарттық болмысы, кісілік келбеті «Басбай» романын оқығанда
қызықтырып
отырады. Әлбетте, мұның баршасы суреткер
З.Сәніктің көркемдік шеберлігіне, дүниетанымына, жинап
-
терген
тарихи деректерді жүйелеп әңгімелеуіне қатысты
[4].
Ал жеке тарихи тұлғаларға арналған Тұғырыл хан, Қабанбай
батыр, Демежан, Сүлеймен би туралы кітаптарында аталған
тарихи тұлғалардың елі үшін, халқы үшін жасаған ерен еңбектері,
ақыл
-
парасаттары, батырлық қасиеттері әр қырынан суреттеліп,
сол тұстағы тарихи оқиғалар жүйесінде жаңаша пайымдалады.
Автор шығармашылығының негізгі өзегі болып саналатын
жазушының көркем туындылары, атап айтар болсақ, жиырмаға
таяу көркем әңгімелері мен хикаяттары және «Басбай»,
«Сергелдең» романдары қаламгердің сөз өнері саласындағы
эстетикалық талғамын, көркем шығармашылықтағы қалам
қарымының
қуатын танытатын сүбелі дүниелер
[5].
Жазушы тұтас бір шығарма арнап, тарихи тұлға бейнесін
көркем әдебиет арқылы көрсеткен
Басбай Шолақұлы Бапин
1889
жылы Еміл бойында өмірге келген. Жазушы кейіпкері туралы
алдымен көп дерек жинағаны, зерттеп зерделегені байқалады.
Кейіпкердің адами болмысы мен тұғалық қасиеттерін, даралық
сипатын санамалап айтады. «Басбайдың отаншылдық
көзқарасы.
Кезінде Басбай
«Россияның құрметті азаматы»
аталған Шәуешектің атақты байларымен көп араласқан. Отанын,
туған
мекенін
гүлдендіруге
қатысты
науқандардың
226
бәрінеде
Басекең атойлап алда жүрген. 1951 жылы еліміз
бойынша
өрістетілген Отанды қорғап, Чаучиянға көмектесу
науқанында Басекең көмекке бір соғыс айропланын
атап,мемлекет бойынша қара озып, алдыға шығып,
жүңголықтардың
отаншылдық рухын бүкіл әлемге әйгіледі. Оған
4 мың қой,100 жылқы, 100 сиыр, 100 түйе, 100 сәрі атаған екен.
Басбайдың кісілік көзқарасы.
Басбай
–
«адам мен адамның, ұлт
пен ұлттың терезесі тең» деген көзқарасты дәріптеген, сол
көзқараста берік тұрған әрі өз өмірінде өзі үлгі болып жүзеге
асырған адам. Оның көзқарасынша; ханзудың қарапайым
шаруасы
-
етікші Чын
Хуанжаң да, жетім жесір орыс әйел Зоя да,
ұйғырдың панасызы Молақта,қазақтың панасызы Рақымжан да,
лықсыған бай Басбай да бірдей адамдар. Әлдекімдер бұларды
кемітсе, оларға зорлық
-
зомбылық көрсетсе, бұған Басбай атымен
араға түседі. Қарызы болса өтейді. Қажеті болса
қанағаттандырады. Сондықтан, Басбай адамдық ары биік,
кісіліктің кіршіксіз үлесі деуге бола білді.Басбайдың
әділдігі.
Қарапайым халық әділдікті армандайды. Басбайдың
әділдігі
–
ақиқатқа арналған әділдік. Басбай басқалардың
басқаларға әділ болуын ғана емес, басқалардың өзіне әділ болуын
да дәріптеген. Айталық, қалың молда
-
қожа, дін иелері жиылып,
Басекеңнің мол дастарханынан дәм татып отырады. Сонда
Басекең өз мінін мойындап:«Мен арақ ішемін, елді
балағаттаймын, құдай алдында кінәлімін ғой»,
–
дейді. Бұған
молдалар:«Жоқ, Басеке, мұныңыз күнәға жатпайды, сіздей
құшыр
-
зекеті мол құдайдың құлын Алла өзі кешіреді, сіздің
орныңыз
–
бейіш»,
–
деп мәймөңкелейді. Сонда
кейінірек келіп,
төменірек отырған ұрт тілді Сармолла:«Ей, молдалар, Басбайдың
дастарханына бола құдайдың түзу жолын қисайтқанымыз
болмас. Басбайдың әлгі айтқаны күнәға жатады, оның о дүниедегі
орны
бейіш емес, тозақтың лайлұқ деген шұңқыры»,
–
дегенде
Басбай орнынан тұрып, өз орнын Сармоллаға беріп, ат мінгізіп
қайтарады.Басбайдың жомарттығы.
«Басбай
–
қазақ тарихында
дүниеге келген ірі тұрғалардың бірі. Бір өзінен 40 неше пұт алтын
шыққан Басбайдан да ірі байлардың көмекке атағаны Басбайдың
шалымына
да келмейтін. Сондықтан, мұндай жомарттылықты
байлықты шашу демей, бар мәзірін Отаннан аямау деп түсінген
жөн. Бәсекең өз заманының еңселі бәйтерегінің бірі деуге
227
болады. Бәсекеңді соншалық биік тұлға, еңселі бәйтерек
дәрежесіне көтерген нәрсе
–
сол жомарттығы.Басбай кейін
Шәуешектен, Қарабураның жазығынан екі займке салдырды.
Қарабурадағы Лауһәр деген жер емшегінен жан баққан ханзу
досының жанынан жер ашып,азық
-
түлік қамбасын орнатты, мал
борлатып, оны Шәуешекке, Ресейге саудаға айдатып отырды.
Жалпақтал, Төрежайлау, Жанжүрек деген жерлерден жем
-
шөп
қорығын
құрып,
ой
қыстаулығын
салдырды,
Шағантоғай
өзенінің бас жағындағы бір білек жерінен диірмен
салдырып, өзіне келіп паналап жүрген екі татар жігітіне сол
диірменді ұстатты. Шағантоғай қалашығынан асхана аштырып,
өзінің ұйғыр баласы Тұйғынды аспаздыққа
қойды. Басекеннің
осылай бастаған тың тірлігі бірнеше жылдың ішінде
-
ақ оның
беделін күрт көтеріп, Шәуешектің ірі байларымен үзеңгісін
теңестіріп жіберді.
Басбай жомарттығының, көпшілдігінің бір көрінісі
– 1932
жылдары ашаршылықтан ауған жұртқа арнайы тамақтандыратын
орын жасап, өз жолдарын тапқанша қарайласқандығы. Басбай
артықша мақтауды, марапаттап, әсірелеп айтуды жақтырмайтын.
Ұлылықтардың
озбырлығын, байлардың сығандығын, сырдаң
-
сараңдығын көбірек айтуды, беті жүзін демей өз көзіне көрсете
айтуды дәріптейтін. Басбай осыншама атақ, даңқы шыққанына
қарамастан өмірде қарапайым, халықпен етене жақын жүретін,
астамдығы жоқ, пейілі кең жан болған.
Достарыңызбен бөлісу: |