«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет121/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   152
Әдістеме
 
және зерттеу әдісі. 
Ғылыми
мақаланы жазу 
барысында дескриптивті, яғни сипаттау, жинақтау және талдау
әдістері
қолданылды.
Талқылау мен бақылау. 
«Топан» дастаны 
– 
Қашағанның 
ерекше шығармаларының бірі. Ақын бұдан өзге дастандарында 
өзі
өмір сүрген кезеңнен бұрынырақ орын алған тарихи оқиғалар 
туралы баяндаса, «Топан» дастанында өзі көзімен көрген 
оқиғаны
сөз етеді. Бұл дастан ел арасында кеңінен танымал. 
Дастанға арқау болған негізгі тақырып 
– 
Каспий теңізінің 
тасқынына ұшыраған халықтың қасіреті. Бұл оқиғаның нақты қай 
жылы болғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір ғылыми 


246 
жазбаларда Б. Жақыпбаев тасқынды 1895 жылы, И. Ұйықбаев 
1902 жылы болған деп көрсетеді. Алайда, Құрманғазының 
«Топан» дастанының сюжеті бойынша «Көбік шашқан» деген 
күй шығаруына қарағанда, тасқын 1887 жылдар маңында болған 
деректер бар. Бұдан кейінгі жылдары атақты күйші өмірден 
озған. 
Сұрапыл апатқа ұшыраған Атырау елінің малы мен жаны, 
тұрақ еткен үй
-
жайы суға кетіп, ас
-
ауқатсыз қалған қалың ел көп 
қиындық
көреді. Ақын сол қайғылы оқиғаға куә болып, халықтың 
мұңына ортақтасып, осы дастанды жырлаған. 
Дастан төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде Каспий 
аймағының ежелгі бейнесі, екінші бөлімде өзімшілдік жайында 
бір мысал, үшінші бөлімде Атырау елінің тасқынға дейнгі 
жағдайы, төртінші бөлімде тасқын оқиғасы мен ақынның пікірі 
туралы айтылады.
Ақын бұл шығарманың бірінші бөлімінде Атырау мекенін 
әдемі
суреттеп, оның көрсе көз тоймайтын керемет мекен 
ретінде, байлығы мол өлке деп бейнелейді. 
Құбарлан
ертіп, құс салған,
Лашын, сұңқар ұстаған,
Елеуретіп екі жүйрік жетектеп,
Сулығын алтын бедерменен кердірткен,
Жалын сабау тіспен тердірткен, 
Мынау Еділ мен Жайық, Жем екен,
Бұл жетімдерге жем екен.
Шөбі малға май болар,
Аш
-
арыққа жай болар,
Қашаннан
да бұл қоныс,
Құтты
болған жер екен, 
– 
деген жолдар арқылы берекелі елдің мерекелі қонысын жазбай 
тануға болады. Сондай
-
ақ, бұл шумақтар елдің салт
-
дәстүрі мен 
тұрмыс
-
тіршілігінен хабар беріп, мал бағып, аң аулап, елін, жерін 
қорғаған
талай батырдың ата қонысын көз алдымызға елестетеді. 
Екінші бөлімде Орманбет деген ханның елінде өзімшілдік 
сән
-
салтанат құрып, халық кесапатқа кезігеді. Ақын мысалдың 
барысын былай баяндайды: 


247 
Тайшық ханның елі толғанда, 
Тай тулап талқан болғанда, 
Орманбет ханның елі толғанда, 
О да келіп бір күні, 
Тай тулап
талқан болғанда, 
Бір құтырған құртқа жолықты, 
Орманбет хан сол кезде
Қайтерін
білмей торықты.
Бүлдіруге көп елді, 
Сол құрт себеп болыпты,
– 
деп құтырған құрттың әлегін баяндайды. Оқиға желісі бойынша 
арша деген ағаштан құтырған құртты қағып жеп, бозторғай 
құтырады, ол өзінен үлкен бүркітке шауып, орынсыз килігеді. 
Оны жеп бүркіт құтырады. Күші тасыған бүркіт Еділде жүзген 
алып балыққа ұрынады. Бүркітті қылғыта жұтқан балық суға 
сыймай қиналады. Ол жағаға шығыпты да, құтырған балықты 
Сайынжап батыр көріпті. Әлгі балықты азық еткен ел құтырып, 
бірін
-
бірі жей бастайды. Халықтың саны күрт азаяды. 
Қашаған
ақын бұл мысал арқылы сол кезеңдегі замана 
бейнесін толық аша түскен. Ел арасына айықпас кеселдей боп 
тиген паңдық пен тәкаппарлық, менмендікті құтырған құрт
ретінде суреттеп, әлсіздің күштіге ұрынып, опық жегенін, мұндай 
кесапаттың соңы жақсылыққа апармайтынын меңзейді. 
«Біреулерді біреу жеп, 
Азайған сөйтіп көп халық», 
– 
деген жолдар арқылы азғындыққа ұшыраған халықтың келбетін 
сөз етеді. 
Қашаған
ақын бұл шығармасында ысырапқа наразылық 
білдіреді. Мастық пен паңдықты әшкерелеу барысында елді 
кедей, бай деп алаламайды. Ол көркем мінездің қас жауындай 
болған өзімшілдікті ұнатпайтынын ашық айтады. Дегенмен, 
байдың барға мастанып, кедейдің жоққа көніп, шарасыз күй 
кешкенін саралай отырып, ақын шығармада қоғамдағы 
әлеуметтік
жағдайды астарлап жеткізеді. 
Бүгін де бұлар талаптан, 


248 
Ақша тапты есептеп, 
Мамықтан жақсы төсек деп, 
Тасқандардан сөз шықты, 
Сиырдан жақсы есек деп.
Көп болды сондай тасқандар, 
Әлдерін
білмей асқандар... 
– 
деп Қашаған ақын барға мастанған көптің бейнесін 
әшкерелейді. Тойып секірген наданды «тасқандар» деп суреттеп, 
сиыр мен есектің жақсы, жаманын ажырата алмай алжасқан 
жұрттың жайын тілге тиек етеді. «Кешегі ас сұрап келген 
саудагерлер аспанға қарады, бұрынғы жаяулар тұғырды ат 
санамады. Әйелдер «Мынау кімнің қатыны?» атануға тырысты, 
ел ас талғайтын әдет тапты, атаққұмарлық пен паңдық алға 
шықты» деген мазмұн бойынша баяндалатын өлең жолдар 
арқылы көзін
шел басқан жұртты аяусыз сынға алады. 
Дастанның үшінші бөлімінде ел басына қасірет боп төнген 
табиғи апат туралы баяндалады. 
Құтырынған
бір құйын, 
Кетірді
-
ау жаман ел күйін.
Қара
дауыл соқты да, 
Үй
қирады бесін де.
Таудан биік сеңдерді,
Бұлтпен бірге көшірді. 
Адамның алды жатқанда,
Көз ұйқыға батқанда, 
Терезеден су құйды, 
Биіктен келіп сең үйді, 
– 
деп алапат дауыл, таудай болып көтерілген теңіз тасқынының 
үй
-
жайды қиратып, сансыз көп мал
-
жанды көзді ашып жұмғанша 
шайып кеткенін суреттейді. Ақын жантүршігерлік оқиғаның 
халықты күйретіп кеткенін, көпшіліктің қайғыға көміліп, уайым 
кешкені туралы баяндайды.
Біреулер қалды атасыз, 
Біреулер қалды анасыз, 


249 
Біреулер қалды баласыз, 
Біреулер қалды жалғыз қарасыз, 
– 
деп қара халықтың қасіретін жеткізеді.
«Түкірігі жерге түспеген, Тәкаппарлар мұзды жастанды», 
«Кербездер кетті керілген, Бір басуға ерінген» деген жолдар 
арқылы паңданып, кеудесіне нан пісіп, айналасын көзге ілмеген 
ақымақтардың ажал құшқанын бейнелейді. 
Бұл бөлімде шығарманың негізгі идеясы көрініс тапқан. Яғни, 
ақын барға қанағат етпеу, мастану, ысырапқа жол беріп, кедей
-
кепшікті көзге ілмеген кесірліктің соңы кесел болатынын анық 
жеткізеді. Қашағанның өз сөзімен айтқанда, шығарманың 
мазмұны «құтырған» халық Құдайдың қаһарына тап болады 
дегенді меңзейді. «Топан» дастаны табиғи апаттың алдында бай 
мен кедейдің, бар мен жоқтың, би мен жалшының теңдей екенін 
ұғындырады. Қашаған ақын көпшілікке айтпағын «Мың асқанға 
– 
бір тосқын, Бар емес пе еді бұрыннан?!» деген сөз арқылы 
жеткізіп тұрғандай. Мейлі, қай заманда болмасын, судың сұрауы 
бар екенін ескеріп, ысырапшылықтан бас тартқан жағдайда ғана, 
ел арасында бірлік орнайтынын түсінуге болады.
Кейіндегі бозабалалар,
Налымаңыз, шырағым, 
Күндердің күні болғанда,
Көк дария көл болса, 
Бай мен жарлы тең болса,
Суда 
– 
балық, қырда 
– 
егін, 
Диқаншылық көп болса, 
Бәле
-
бәтер жоқ болса, 
Талаптың күші сел болып, 
Кетерсіз
-
дағы ел болып, 
– 
деп аяқталған дастанның қорытынды бөлімінен ақынның 
жарқын болашаққа, ел ертеңіне деген сенімін байқауға
болады. 
Ол бай мен кедейдің тең дәрежеде өмір сүретін жаймашуақ күнді 
аңсайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет