258
Абай
өлеңдерінде кездесетін
қас (қаса)
сөзі Талдықорған,
Жамбыл облыстарына тән ерекшелік болғанымен, қолданылуы
шегі үлкен болған. Буын санына байланысты ақын
қас, қаса
нұсқаларын қолданып отырған:
«Ұқсайды, қаса сұлу
шомылғанға», «Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп».
Ал
Ильминский бұл
сөздің бұрынырақ батыс өлкесінде болғанын
көрсетеді,
қас, қаса
–
«настоящий, чистый» деген мағынаны
білдіреді.
Абай адал сөзін
алал
деп қолданған, Мүрсейіт
қолжазбаларында
да
алал
деп жазылған.
Сонымен қатар ақын
илану
сөзін
инану
деп қолданған. Бұл
–
Абай тілінде кездесетін
дыбыстық алмасулар.
Абай тілінің грамматикалық ерекшеліктерін танып
-
білуге
Р.Сыздық 50 жылдардың соңғы кезінен бастап кірісе бастайды.
Ақын прозасында кездесетін
-
мақ, -ар
формалы сөздердің
мағыналары мен қазіргі нормадан ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл
формалар туралы академик «Абай тілінің зерттелуі» деген
мақаласында былай дейді: «...
-
мақ,
-
ар
жұрнақты тұлғалар
шағатай не татар тілдерінің элементі емес, қазақтың Абайға
дейінгі ауызша тарап келген әдеби тіліне тән, тіпті ауыз әдебиеті
тіліне хас норма екенін дәлелдедік. Сондай
-
ақ
-
тын ~ тұғын
(баратын ~ баратұғын), мен ~ менен
(тау
мен
тас, тау
менен
тас)
,
да ~ дағы
(барды
да
–
барды
дағы
) сияқты қатарлардың кездесуі
біреуінің норма, екіншісінің нормадан тыс болғандығынан емес,
өлең
шарттарына (өлшем, ырғақ, ұйқасқа) қатысты деп,
өзгеде
пікір айттық» [4, 337].
Сонымен қатар
-
мақ
формасының шығыс, оңтүстік өңірлерде
жиі кездесуі негізінде Абай тіліне әсер еткенін немесе ақынның
бұл форманы стильдік мақсатта көбірек қолданғанын айтады.
Алайда академик бұл тұлғаларды толығымен диалектілік
ерекшеліктерге қатысты емес екенін ескертеді. Өйткені аталған
формалар диалектілік мән туғыза қоймайды. Жоғарыда
келтірілген мысалдардан Абай
тіліне шығыс өлкесіне және өзге
аймақтарға тән диалектілік ерекшеліктердің әсерін байқаймыз.
Осындай мысалдарды келтіру арқылы академик Р.Сыздық
С.Аманжоловтың Абай тілінде кездесетін жергілікті
ерекшеліктердің көпшілігі әдеби тіл нормасына айналғандығына
келіспейді және мынадай тұжырым жасайды:
259
1)
Абайда жалғыз солтүстік
-
шығыс говорларына ғана тән
емес, өзге, тіпті алшақ жатқан
өлкелерге де тән кейбір
ерекшеліктер бар;
2)
Абай
тіліндегі
диалектизмдер
мен
жергілікті
фонетикалық ерекшеліктердің барлығы бірдей
бұл күнде әдеби
нормаға жатпайды [5, 62].
Р.Сыздықтың бұлай тұжырым жасауына екі себеп болды.
Бірінші
–
қазіргі кезде белгілі бір аймаққа ғана тән сөздер Абай
заманында және оған дейін де кеңірек және көптеген аймақтарда
қолданылып
келді. Екіншісі
–
Абай
қазақ халқының өзіне дейінгі
әр
аймақтағы ақын
-
жыраулар тілін жақсы білді, сондықтан түрлі
диалектілерді қолдана алды.
Жоғарыда талданған пікірлер мен мысалдар негізінде
қорытынды
жасайтын болсақ, Абай немесе кез келген қаламгер
болса да, оның тіліне өз өңірінің жергілікті тілі әсер етпей
қоймайды. Сондықтан Абай тілінде диалектілер мен жергілікті
говорлардың кездесуі қалыпты жағдай деп айта аламыз.
Абайдың қазақ ұлттық жазба әдебиетіндегі рөлін анықтауда
тікелей академик Р.Сыздықтың тұжырымдары мен зерттеулеріне
сүйендік.
Сондықтан
Абай
Құнанбайұлының
жазба
әдебиетіміздегі
рөлін анықтауда Р.Сыздықтың пікірін
келтіреніміз жөн. Р.Сыздық: «Абай
–
қазақтың сапалық жаңа
типтегі жазба әдеби тілінің негізін салушы. Бұл тіл
–
қазіргі жазба
әдеби
тіліміздің бастамасы... Абай тілі
–
қазақтың қазіргі ұлттық
жазба әдеби тілінің басы. Бірақ Абай осы тілдің негізін салудағы
принцип
-
бағыттары мен тәжірибесінде жалғыз болған жоқ.
Абайдың
қатарында, уақыт жағынан Қазақстанның екінші
қиырында, қызметі жағынан әдебиеттің
өзге саласында тұрған
екінші адам
–
Ыбырай Алтынсарин...
Ұлттық
жазба әдебиетіміздің бастауы болған Абай тілі мен
шығармалары қазақ әдеби тілінің тарихында жоғары бағаланады.
Жазба әдебиетіміздің қалыптасып,
жоғары деңгейге жетуіне
Абай туындылары маңызды рөл атқарды. Сондықтан Абайдың
қазақ
ұлттық жазба әдебиетінде алар орны жоғары. Алайда әдеби
тілдің тарихы Абай өмір сүрген дәуірден басталмайды. Өйткені
әдеби
тілдің тарихының бастау алар кезін академик Р.Сыздық
жүйелеп, нақтылап береді. Ал Абайдың жазба әдебиеттің
260
сапасын жоғары деңгейге көтеруі оның қазақ әдеби тіліне қосқан
ең үлкен еңбегі деп бағалай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: