«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет129/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

ҚАЗАҚ
 
ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ШЫҢҒЫСХАН» 
ТАҚЫРЫБЫ
 
 
Зиядибеков Нұрасыл Дәулетбекұлы 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
 
университетінің магистранты 
 
Алматы қаласы 
 
Аңдатпа.
Бұл мақалада әдебиетіміздегі даңқты қолбасшы 
Шыңғысханның тұлғасы туралы баяндалады. Қазақ хандығы 
құрылуының
алғы шарты тікелей Шыңғысхан құрған 
империямен тығыз байланысты. Біраз уақытқа дейін тарихи 
тұлғаның шынайы бейнесі көмескіленіп, кеңестік
идеологияның 
құрбанына
айналды. Тәуелсіздік алған соң тәуелсіз әдебиетімізде 
де Шыңғысхан тақырыбы кең көлемде ашылып, әдебиеттегі 
бейнесі қалыптаса бастады.
Кіріспе.
Шыңғыс ханның әлемдік дәрежедегі қолбасшы екені 
баршаға аян. Сондықтан да ұлы жиһангер туралы талай кітаптар: 
роман
-
повестер, өлең
-
жыр, дастандар жазылған. Әлемде 
Шыңғысхан жайлы милионнан астам еңбек бар. Ұлы тұлғаның 
қазіргі
қазақтарға байланысы аса зор. Және әдебиеті мен 
мәдениетінде де ұлы қаған қалдырған мұра бар. Әйгілі Мұрат 
ақынның жырында: 
Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз, 
Қайран
саланың жатқан аңғары
-
ай.
Ақ шалмалы пірлердің


262 
Мешітке жаққан шамдары
-
ай!
Кәпірден теңдік алуға,
Кайтып та келер деймісін, 
Мұсылманның баласы,
Шыңғыстан
туған хандар
-
ай. [1, 7]
деген жолдарды аңғарамыз. Халық көсемі, ағартушы Ғұмар 
Қараш
айтады:
Шыңғыс, Бату хандық қурып тұрған ел, 
Қарақыпшақ
Қобыландылар туған ел,
Ерегескен дұшпан 

жауын куған ел
Емес пе едің 

жұртым саған не болды?!.. [1, 8].
Жалынды жыр иесі Мағжан Жұмабаев “Адамзатта 
Шыңғыстай ер тумайды” деген. Бірақ араға шовинистік 
идеология араласқаннан соң, Шыңғысхан бейнесі мүлдем басқа 
арнаға ауды. Оны қанішер, жауыз тұлға ретінде ғана таныды. Бұл 
көзқарастан арылуға зиялы қауым айтарлықтай еңбектеніп 
жатыр. Алдымен 1998 жылы моңғолиялық қаламгер Мағауия 
Сұлтанияұлы “Шыңғыс хан” деген он жыр шежіреден құралған 
еңбегін жазып тәмамдады. Жалпы көлемі он үш мыңдай жол.Ұлы 
адамның өмір жолын тарихи деректер негізінде, яғни шежірелік 
тәсілмен жазған. Және оқырмандарға жеңілірек болу үшін жыр 
түрінде баяндауды жөн көрген.
Көп нөкердін алдынла
Көлбең қағып келеді.
Шабармандар тездете
Шардараны шеттете,
Қара
адырды көлбете
Қалбан
кағып желеді.
Қалың
құлан алдынан,
Қылаң етіп адырдан.
Шырқ иіріле қалды да;
Шырқай зыта жөнелді.
Қағымпаздар
кағынып.
Қара
терге малынып,


263 
Қайта
бұра қайырып,
Қатты
шу боп келеді [2, 11].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет