«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет124/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152
 
 
 
 
 
 
 
 
 


253 
АКАДЕМИК Р. СЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ 
ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ
 
МӘСЕЛЕЛЕРІ
 
Тойбазар Аяжан Мұхтарқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
2-
курс магистранты 
Алматы қаласы
 
Аңдатпа.
Бұл мақалада академик Р.Сыздықтың қазақ әдеби 
тілінің тарихи мәселелері, оның ғылымға қосқан үлесі 
сараланады. Зерттеу барысында Абай салған ұлттық жазба әдеби 
тілге тоқталып, Абайдың өзіне дейінгі әдебиет үлгілерін жетік 
білуі және орыс әдеби тілінің ықпалымен поэзия мен проза 
жанрына әкелген жаңалықтарына талдау жасалады. Абай 
ұстанған
әдеби тілдің ерекешліктері мен бағыт
-
принциптері 
қарастырылады

Кіріспе. 
Қазақ
тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар 
мен зерттеушілер өте көп. Олардың бірі 
– 
академик Р.Сыздық. Ол 
қазақ
тіл білімі мен түркология саласында, ғылыми мамандарды 
даярлауда үлкен еңбек сіңірді. Академик Р.Сыздық тек әдеби тіл 
тарихын ғана зерттеп қойған жоқ, жалпы тілі білімі, түркология 
саласында еңбектер жазды.
Атап айтар болсақ, әдеби тілмен 
қатар, Қадырғали Жалайыри тілін, Абай тілін, Жамбыл 
поэзиясының тілін зерттеді. Қадырғали Жалайыри мен Абай тілін 
зерттеу арқылы олардың еңбектерінің әдеби тіл тарихында алар 
орнын көрсетіп берді. 
Мақалаға Р.Сыздықтың «Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV
-
XIX ғасырлар)» атты оқу құралының (1993, 2004, 2014) үш 
басылымы мен «XVIIIXIX ғ.ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы», 
«Ауызша дамыған қазақ әдеби тілі» еңбектері, М.Балақаев, 
Р.Сыздықова, Е.Жанпейісовтің құрастыруымен шыққан «Қазақ 
әдеби
тілінің тарихы» оқу құралы, «ХХ ғасырдағы қазақ әдеби 
тілі» және Абайтану туралы таңдамалы еңбектердің ХХІV
XXXVII томдары, еңбектері басшылыққа алынды. Сонымен 
қатар
Р.Сыздықтың өмірі мен қызметін зерттеуде Ғ.Әнестің 
құрастыруындағы
«Ғалым
-
ғұмыр. 
Академик 
Рәбиға 
Сәтіғалиқызы Сыздықова» атты еңбегі мен Н.Уәли, Ғ.Әнес, 
О.Жұбаеваның құрастыруымен шыққан академик Р.Сыздықтың 


254 
биобиблиографиялық көрсеткіші, академиктің 75, 80, 95 жылдық 
мерейтойларына арналған ғылыми
-
теориялық конференция 
материалдары негізгі алынды. Қосымша материалдар ретінде 
Р.Сыздықтың «Тіл
-
ғұмыр» ғылыми мақалалар жинағы, 
Б.Сағындықұлының «Қазақ тілінің тарихы» атты еңбегі, «Әдеби 
мұра және оны зерттеу» атты қазақ әдебиетінің негізгі 
мәселелеріне арналған ғылыми
-
теориялық конференция 
материалдары, Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» 
еңбегі мен «Әдебиет және искусство» журналы және т.б. 
пайдаланылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет