«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет35/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
Н.Ғабдуллиннің түрлі бағыттағы еңбектері 
жайлы сыни пікір, рецензиялар, мақалалар сонау алғашқы 
әңгімелер
жинағы жарық көрген 1951 жылдан бері баспасөз 
бетінде жарияланып келеді. Институттағы түрлі жұмыстарымен 
қатар
ғылымға да, көркем әдебиетке де жете көңіл бөліп,
жаңалықтарды бақылап отыру ол кісінің сүйікті ісі еді.
Жазушы шығармаларынан оқырманның есінде ерекше 
қалары
– 
адамгершілік мәселесінің бірін
-
бірі қайталамастан әр 
шығармада соны қырынан көрінуі, әр кейіпкердің дара да типтік 
тұрғыдан сомдалуы, «әрбір сөздің жарық шашып тұруы». Досан, 
Қалима, Кәмәлия, Ақжол, Хасен, Түлкібай, Маржанкул деген 
бейнелердің автор позициясын айқындаудағы орны ерекше. 
Сонау қазақ әдебиетінің бастпқы арналарынан, жыраулар 
поэзиясынан, берісі Абайдың, Шәкәрімнің ар ілімімен үндес 
түсіп жатқан адамгершілік тақырыбы 
– 
Нығмет Ғабдуллин 
шығармашылығының алтын арқауы. Негізінен, көңілді әрі бос 
уақыттарында өнеге ретінде белгілі қазақ азаматтарының жақсы 
істерін насихаттап, ұнамды пікірлерін айтып, өзгені де өзіндей 
тазалыққа баулитын. Сондықтан Нығмет ағайдың әр әңгімесінен 
ләззат алып, рухани өсіп шығатынбыз. Нығмет Ғабдуллин 1
-
курс 
студенттеріне қазақ фольклоры тарихынан дәріс оқитын. Ежелгі 
аңыздар, фольклорлық жырлар, олардың түрлі нұсқалары туралы 
дәріс қалай қызықты басталса, солай қимастықпен аяқталатын.
Нығмет ағай әңгімені ұзақ созуды жаратпайтын, үнемі қысқа 
да нұсқа қайырып, осы қасиетін өзгелерге де сіңіретін. 
Аспирантураға қалуыма кеңес беріп, ғылыми жетекшілігіме 
профессор Рахманқұл Бердібайды ұсынып, арнайы түрде ол 
кісімен таныстырды. Рақманқұл ағай бізге аптасына бір рет 
келіп, дәріс оқитын.
Рақманқұл Бердібай! Белгілі түрколог
-
ғалым, сыншы, 
фольклортанушы, Қазақстан
Ұлтгық Ғылым академиясының 
академигі, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ
-
түрік 
университетінің профессоры Рахманқұл Бердібайды білмейтін 
қазақ
зиялы оқырманы аз болар, себебі қазақ әдебиетінің 
тарихында ғұлама ғалымның қалдырған ізі мол. Қазақстандағы 
қабырғалы
білім ордаларында ұстаздық еткен жылдары мен 
халық университетінде ұзақ жылдар бойы оқыған ғибратты 
дәрістері, ғылым жолында тәрбиелеп, бағыт
-
бағдар берген 


82 
шәкірттері білімі мен иманы домбыраның қос шегіндей жарасты 
дала абызын ел есіне ұдайы салып тұрары сөзсіз.
Рахманқұл Бердібай 1927 жылдың 2 желтоқсанында Оңтүстік 
Қазақстан
облысы, Түркістан ауданы Көкіш ауылында өмірге 
келген. Ащысай кентіндегі орта мектепте оқып, 1943
-
1944 оқу 
жылында Түркістан педагогтік училищесін бітіріп, 1949
-1953 
жылдары Оңтүстік Қазақстанның Ильич, Мақтарал, Фрунзе 
аудандарының қазақ орта мектептерінде мұғалім, директор, 
аудандық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істейді. 
Ғалымның
ғылыми жолы 1953 жылы әл
-
Фараби атындағы Қазақ 
мемлекеттік 
университетінің 
филология 
факультетінің 
аспирантурасына қабылданған кезеңнен басталады.
Белгілі қоғам қайраткері Ә.Шәріповтың соңғы еңбегі 
– 
естеліктерінде Рахаңның аты «Қазақ әдебиеті» газетіндегі ұлт 
мүддесін көздейтін ана тіліне қатысты мақалаларына байланысты
ілтифатпен аталып өтілген. Жалындаған жас кезінен
-
ақ тілін 
тірегі ете білген ұлтжанды азаматтың бар ғұмырын саналы ұрпақ 
тәрбиелеуге, әдебиеттің тегі мен түрін, тарихын зерделеуге, 
зерттеуге арнауы азаматтық позициясына адалдығы мен ұлттық 
мүдде жаршысы болғандығына кепіл. 
«Қазақ әдебиеті» газетінің сын бөлімінде қызмет істеген 
жылдары Р.Бердібай сыншы
-
публицист ретінде қаламы 
ұшталып, «Ең үлкен мәдени байлық», «Қазақ әдебиеті 
тарихының мәселелері», «Қазақша энциклопедия қажет», 
«Музыка мұқтажы», «Әдебиет пәні және оқулық», «Шығыс 
қазынасы»,» т.б. мақалалары арқылы қордаланған ойларға қозғау 
салып, Қазақстан үкіметінің ұлт мәдениетін көркейтуге 
бағытталған қаулыларының алынуына себеп болды, яғни өзекті 
ойларына өріс берген газеттегі қызметінен соң, ол 1960
-1972 
жылдар арасында әдебиеттің тарихы жөне теориясы 
мәселелерімен тереңірек айналысады. Ізденіске толы он жылдың
нәтижесі «Әдебиет және өмір», «Роман және заман», «Қазақ 
прозасындағы замандас бейнесі», «Қазақ совет әдебиетінің 
қалыптасуы», «Дәстүр тағлымы», «Қазақ романы», «Қазақ 
тарихи романы» сияқты кітаптарға айналып, ғылыми көпшілікке 
жол тартты. Р.Бердібай 1961 жылы филология ғылымдары 
бойынша кандидаттық («Қазіргі қазақ романындағы сюжет 
проблемасы»), 1971 жылы докторлық («Қазақ романдарының 


83 
теориялық мәселелері») диссертация қорғап, ғылымда өзіндік 
жолы бар, ойы бар ғалым ретінде танылады. 
Ғалым теорияға да, тарихқа да белсене атсалысуымен қатар 
кей себептермен ұмытыла бастаған әдеби
-
музыкалық 
дәстүрлерді де жаңғырту үшін тер төкті, тіпті албан Көдек ақын 
сияқты санада болғанмен қағазға түспеген ақындар мұрасына 
қайыра жан берді, айтысты, жыраулық
-
жыршылық өнерді 
көркейтуге қомақты үлес қосты. 
1968 - 
1970 жылдарда ол 
жаңадан ашылған Қазақ Совет энциклопедиясы Бас 
редакциясының жауапты секретары болып, 13 томдық әмбебап 
энциклопедияның сөз түзілімін саралауға басшылық етті. Ғалым
М.Әуезов басшылық еткен 
— 
алты томдық «Қазақ әдебиетінің 
тарихы» (1960
-
1967 ж.ж.) толағай еңбегінің, «Көпұлтты совет 
әдебиеті
тарихы» (197
0-
1974 ж.ж.), мектеп бағдарламасына 
арналған «Қазақ совет әдебиеті» оқулықтары авторларының бірі 
болды. 
Р.Бердібай 1973
-
1995 жылдарда Қазақстан Республикасы 
Ұлттық
Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер
институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі болған 
жылдары ауыз әдебиеті саласында өнімді еңбек етіп, «От 
легенды к роману», «Гүлстан бұлбұлдары», «Сарқылмас қазына», 
«Эпос мұраты», «Мұхтар шыңы» т.б. ғылыми еңбектерін 
дүниеге әкелді. Бір ғана М.Әуезов шығармашылығы жайлы 
жиырма жылдай үздіксіз қалам тартуы ғалымның қай тақырыпты 
болса да жетік біліп, жетелі талдау жасайтын сұңғылалығын 
танытады.
Ғалымның
көркем әдебиетте де біраз із тастағандығын
«Солдат сыры», «Фарида», «Жастық кешуі» сияқты әңгіме, 
повестері айғақтайды.
Өз
уақытында әдебиет пен мәдениет саласына сіңірген 
еңбектері жоғары бағаланып, «Қазақстан ғылымына еңбек 
сіңірген қайраткері» (1983), «Қазақстанның еңбегі сіңген 
мәдениет қызметкері» (1992) атағы беріліп, Түрік тілі қоғамының 
(Түркия), Халықаралық Шыңғыс Айтматов қоғамдық
академиясының, 
Ресейдің 
халықаралық 
психология 
академиясының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы, «Түрік 
дүниесіне қызмет сыйлықтарының» иегері болды. Ғұлама ұстаз
«Парасат» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», 


84 
«Тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығы», «Ана тілі», Қырғызстан 
Республикасының «Даңқ» медальдарымен, Қазақ ССР Жоғары 
Кеңесінің құрмет Грамотасының иегері болды.
Кеңестер Одағы билігі құлаған соң ғалымның көп зиялының 
алды болып, қажылыққа барып, иман мен әділет жолын 
насихаттар рухани ұстазға
айналғанын көпшілік біледі, өз 
ортасынан тағы бір айырмасы өз ұрпақтарын ана тілінің 
мәйегімен сусындата білуі еді, «Тәрбие басы

тал бесік» емес пе,
Айжан да, Азамат та, Қанағат та тұнық тұмадан қанып ішті, тіпті 
кішкентай немересі Айзаданың өзі бес жасында Мағжан 
өлеңдерін
жатқа айтты. Академик денсаулығы сыр бергенге дейін
Түркістан өлкесінің қалауы бойынша А.Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ
-
түрік университетінде жемісті еңбек етіп, 
жас ұрпақты білім нәрімен сусындатты. 
Көне грек ғұламаларының айтуынша, адамның үш беті 
болады екен, бірі жаратушының берген сипаты, екіншісі өзінің 
елге көрсететін беті, үшіншісі елдің оған берген бағасы, ал Рахаң 
дархан жаратылыстың сомдап құя салған «самородный сары 
алтыны» еді, даланың дана шежіресі жасты жассынбай, талабын 
ұштап, талай таланттың көзін ашты, мейір
-
шапағын шашқан күн 
сияқты қанша ақынның жырына арқау болды, қиналғанда демеу, 
жығылғанға сүйеу болған абыз жұбайы Зада апай екеуі қаншама 
қиналған
жанға үй мен күй болғандығын біреу білсе, біреу 
білмес. 1998
-
99 жылдар аралығында ол кісінің аспиранты бола 
жүріп мен ғалымның .үйінде бір айдай жаттым, сондағы 
көргендерім: әр күн сайын алыс
-
жақыннан азаматтар қазағы бар, 
түрігі бар, басқасы бар сәлем беруге, ақыл
-
кеңес сұрауға үздіксіз 
келіп жатты, оларға
ұстаздың уақыты да жетіп жатты, Зада 
апайдың жомарт дастарханы да кеңінен жайылып тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет