«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет44/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   152
Кіріспе.
Қазақ фольклорының көне жанрларының бірі мақал
-
мәтелдер ата
-
бабаларымыздың өткен өмірінен мол мағлұмат 
беретін мұралардың қатарына жатады. Өйткені, халық сан 
ғасырлық
тәжірибеден көрген
-
түйгендерін қорыта келіп, 
ұрпақтарына «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» ұсынады. 
Адамзаттың өскелең өміріндегі қажеттіліктерді екшелеп, ел 
жадында өшпестей қашалады. Бейнелі кестелермен өрілген 
мақал
-
мәтелдерде 
халықтың 
наным
-
сенімі, 
әлеуметтік 
құрылысы, өмірлік қағидасы, дүниетанымы, тұрмыс
-
тіршілігі 
жан
-
жақты көрініс табады.


98 
Мақал
-
мәтел қай халықтың болсын ауыз әдебиетіндегі көлемі 
шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал
-
мәтелдер халықпен бірге жасайды. Біреулері ескіріп, қолданудан 
шығып, екіншілері жаңарып, туындап жатады. Мақал мен 
мәтелді де әуелде жеке адамдар шығарды. Оны біреуден біреу 
естіп, айтып таратады, өңделеді, өзгертіледі, сөйтіп, халықтық 
мұраға айналады. Демек, мақал
-
мәтелді де белгілі бір халықтың 
өмірде
көрген
-
білгені, жасаған қорытындысы, ақыл
-
ойы деуге 
болады. Мақал
-
мәтел көркем шығармада көп қолданылады. 
Ақын
-
жазушылар шығармаларында халық даналығын 
пайдаланумен бірге, сол үлгілермен өздері де жаңа мақал
-
мәтелдер шығарады. Мысалы, Ы.Алтынсаринның «Аш бала тоқ 
баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» 

дейтін 
сөзі мақалға айналып кеткен [1,21б.].
Мақал 
– 
нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой 
түйіні, сөз мәйегі. Мақал, көбінесе, өлеңдік өрнекпен, сабырлы, 
салмақты ырғақпен айтылады. Қара сөзбен, шешендікпен 
айтылатын мақалдар да бар.
Қазақ
– 
сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан 
тастамай, данышпандығын өнеге ретінде өлеңмен өрнектеп, 
терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз 
зергерлерінің аузынан шыққанды үздіксіз үлгі етіп, ұрпақ 
тәрбиесіне парықтап
пайдалану дәстүрге айналған. Әсіресе 
қариялар
мақалдап, маңызды сөйлеуді борышым деп санайды, 
онсыз қарт адамның сөзінің қадірі болмайды.
Отбасында ата
-
аналар бала тәрбиесіне лайықтап: «Ана тілін 
алмасаң, арың кетеді», «Әке 
– 
тірегің, ана 
– 
жүрегің», «Сабыр 
түбі 
– 
сары алтын», «Еріншектің ертеңі таусылмайды», «Көзің 
ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, асыңды тый», «Іс істесең, 
ретін тап», т.б. мақалдарды жиі айтады.
Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан, оған айтылатын 
ақыл
-
насихат, өнеге, өсиет әрі әсерлі, әрі
ойда қалатындай мәнді 
болуы керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, 
ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре 
алу қабілетін дамыту үшін, ата
-
ананың мақалдап сөйлеуінің 
маңызы зор[2,15б.].
Фольклордың басқа түрлері
сияқты мақал
-
мәтелдер 
– 
халық 
оқулығы, өсиеті. Олар жастарды тәрбиелейді, жамандықтан 


99 
сақтандырады. Ең алдымен қарапайымдылыққа, ұйымшылдыққа 
мегзейді, еңбекке, ерлікке баулиды. Адалдықты, адамгершілікті 
мақтап, насихаттай отырып, оған қарама
-
қарсы арамдық, 
қараулық, өтірік
-
өсек, жалқаулық, ұрлық, екі жүзділік секілді 
жарамсыз мінез
-
құлықтар сыналады.
Мақал
-
мәтел 
– 
халықтың сан ғасырлық көрген
-
білгенінен, 
бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл
-
ойының 
жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, өмірде үнемі қайталап 
тұратын уақиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан 
ауыз сөздің тобықтай түйіні [3,6б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет