«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»


СҮЙІНБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК



Pdf көрінісі
бет47/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   152
СҮЙІНБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК 
МӘСЕЛЕЛЕР
 
 
 
Бертаева Гулаш Есимбаевна 
№148 мектеп-гимназияның қазақ 
 
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Алматы қаласы 
Аңдатпа.
Сүйімбай ақын өмірден көрген білгендерін жырмен 
шашу қылып, кейінгіге мол мұра, қомақты көркем қазына 
қалдырды. Ақынның сұлу да сырлы жырлары уақыт сынынан 
сүрінбей өтіп, қалың оқырманның қызыға, құмарта іздейтін 
рухани сусынына айналды. Сүйінбай Аронұлы

қазіргі қазақ 
поэзиясындағы айтыс өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып, 
көркемдік жаңалықтар, өзгеше қаламгерлік мәнер, машық әкелді. 
Замандас ақындармен бір бағытта, бір мақсатта қазақ өленінің 
мазмұнын терендетіп, пішінін жетілдіруде де зор үлес қосты. 
Кіріспе.
Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға 
тараған шығармаларының бір шоғыры 
– 
өз кезіндегі хан
-
қара, би
-
төре, бай
-
манаптарға, көз көрген замандастарына қарата 
айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан 
– 
елдің мұңын 
мұңдап, жоғын жоқтайтын табанды да турашыл азаматтың 
тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан 
– 
айтар ойын ұрымтал 
образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді 
қарымын
танытады. Кез келген біртуар дарын иесі сияқты
Сүйінбай да шапағат нұрын алысқа шашқан, өзіндік мектеп 
қалыптастырған, үлгі
-
өнегесін өкше басар ұрпағына жұғысты ете 
білген құнарлы ақын. М. Әуезовтың «Сүйінбай 
– 
Жетісу 
ақындарының алтын діңгегі»
деп нық сеніммен айтып кеткен.
Сүйінбайдың ақындық дарынының алтын бесігі халқының 
ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Құнарлы сөз, кесек ой, 
келелі уәж оның поэзиясына, эпикалық қарым, көркемдік сипат 
дарытып отырады.
Сүйінбайдың 
ақындық 
мектебі 
жайлы 
ғалым
Х.Сүйіншәлиев: «Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды 
өздеріне
ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген» [1,105б.], 
– 
деп тұжырымдайды. Жоғарыдағы аталған зерттеуші ғалымдар 
адуын ақынның поэзиясын жоғары бағалап, Сүйінбайды таптық 


104 
айқын сара бағыты бар өз алдына бөлек, бүтін бір
ақындар 
шоғырының басында тұрған жыр алыбы деп санайды. 
Сүйінбай өлерде айтқан бір өлеңінде мұрасының қағаз бетіне 
түсіп, жазылып қалмағанына өкінеді. Өзі қайтыс болғаннан кейін 
өлеңдері
елдің есінде қалмай, өзімен бірге жойылып кете ме деп 
қауіптенеді

Өлеңінде
ақын кесір мінезді Жұмыққа реніш те 
білдіреді. Олай болуының себебі халық ақыны Ә.Сариев былай 
түсіндіреді: «Аурудың батқанын сезіп, енді айықпасына көзі 
жеткен Сүйінбай ағасы Жұмықты қасына шақыртып алып, өзінің 
өлеңдерін
жаздырып кеткісі келетінін айтады. Ол үшін 
– 
елден 
хат білетін төрт адам тауып әкел, солар менің айтқанымды жазып 
алсын» [2],
– 
дейді. Бірақ, тағдырға бас иген, өнерге бейтарап 
Жұмық бұл сөзге құлақ аспайды. Қайта оның сөздерін ауру 
сандырағы деп түсініп, Сүйінбайға «Құдай алдында күнәлі 
болмай, жөніңмен жатып, тағдыр бұйрығын қарсы ал», 
– 
деп 
ақыл береді. Жұмықтың осындай тоң мінезін сынай айтқан 
Сүйінбайдың «Жұмыққа» деген өлеңі былай басталады:
Атың емес, Жұмық 
– 
ай, ойың жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім 
– 
ау көзім жұмып,
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң
Отырарсың жотада жалғыз ұлып.
Өмірді келген, кеткен аңдамайсың,
Адамның болашағын болжамайсың.
Асыл сөздің білмейсің қасиетін
Жаман ойға келгенде талғамайсың,
Қияс мінез, томырық от пен жалын
Қайтейін осыныңа арланбайсың,

[3,305б.].
Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ
оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, 
арнаулар, айтыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет