«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет53/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   152
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ ҮНДЕСТІК
 
 
Сагимова Гулнур Кузтаевна
№148 мектеп-гимназияның қазақ 
 
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Алматы қаласы 
 
Аңдатпа. 
Қазіргі
қоғамда өмір сүріп отырған адамдар үшін 
ауадай қажет ұлттық құндылықтар, рухани байлықтар, адамдық 
биік қасиеттер Әл
-
Фараби мен Жүсіп Баласағұнның даналық ой
-
толғамдарынан табылады. Адамгершілік 
– 
барлық қаламгерлерге 
ортақ тақырып. Әйтсе де барлық
қаламгерлердің бәрі бірдей 
бұрыннан айтылып келе жатқан дәстүрлі тақырып 
– 
адамгершіліктің өзіндік жүйесін, қалыбын, танымын жасай 
бермеген. Бүгінгі өмірімізде рухани
-
моральдық құндылықтар 
арқылы жас ұрпақтың ой санасын, дүниетанымын кісілік, 
имандылық рухымен тәрбиелеу баршамызыдң міндетіміз деп 
білемін. 
Кіріспе.
Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл 
азаматтары бүкіл араб
-
парсы мәдениетін меңгеріп, өз 
шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына 
мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге 
жайылғандары да аз емес. Солардың бірі 
– 
бәрімізге танымал ұлы 
тұлғамыз, Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Әбу 
Насыр әл
-
Фараби. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс 
сағасындағы ежелгі Отырар қаласында туылған. Бұл Шаһарды 
арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша ұстаз Әл
-
Фараби атанып 
кеткен. Әл
-
Фараби жастайынан түрлі ғылымды оқып үйренді. 
Оның ақыл
-
ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті 
болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол араб, парсы, түрік 
тілдерін жетік меңгерді.
Әбу Насыр әл
-
Фарабидің этикалық трактаттарын, солардың 
ішінде «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», 
«Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», «Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарастары» атты еңбектерін оқып, талдау 
барысында байқайтынымыз, ойшыл ғалым қарапайым
ұғымдар 
арқылы адамның бойындағы кез келген мінез
-
құлықтардың, 


118 
әдеттер мен түрлі қасиеттердің тумысынан емес, жүре келе, 
бірте
-
бірте барып қалыптасатынын логикалық жүйелілікпен 
баяндап, дәлелдеп берген.Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде 
адам ақыл
-
ойының жан
-
жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын 
толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы 
барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш 
– 
ақыл
-
парасат деп біледі.
Әл
-
Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының 
көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, 
этникалық мәселерді сөз етеді. Мұндағы «қала» деп отырғаны 
– 
мемлекет. Фараби өз дәуірінің перзенті еді. Сондықтан ол халық 
бақытты өмір сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп 
түсінді. Ал жақсы әкім 
– 
әділ, инабатты, мейірімді, жан
-
жақты 
білімді, жақсылыққа жаны құмар, батыл, жомарт, өнер мен 
әдебиетті
сүйетін адам болуы тиіс. Фараби мемлекет басқаратын 
адамға осындай биік талаптар қояды [1, 114б].
Жүсіп Баласағұн 
– 
көне дәуірдегі түркі халықтары 
мәдениетінің өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан
-
байтақ өлкеден XI ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, 
қоғам
қайраткері музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп 
жыл қайыру дәстүрі бойынша барыс жылы 1021 жылы туылған. 
Жүсіп өз заманынан иығы асқан дана ұлдарының бірі. Оның 
терең билік иесі екендігі дастанда арнайы сөз болатын ғылым 
салалары жайлы пікірлерінен де сезіледі. Ол өз заманындағы 
ғылым
салаларымен түгелдей хабардар кісі. Ол философия, 
асторономия, геометрия, алгебра, медицина, психология, 
астрология
ғылымдарына жеке
-
жеке тоқталып, тіпті Эвклид 
теориясын меңгеруді уағыздайды. Жүсіп өз заманындағы ғылым 
саласымен толық танысып кемелденген шағында «Құтадғу білік» 
тәрізді класссикалық шығармасын жазуға бет бұрды. «Құтадғу 
білікті» жазу үстінде Жүсіп өзі пайдаланған әдебиеттер көзінен 
де мол хабардар етеді. Жүсіп заманында әдебиеттерді пайдалану 
жолы көбінесе «дана айтады, тәжік ғалымы айтады, шайыр 
айтады» түрінде сілтеме жасайды. Араб, парсы тілдерін жақсы 
білумен бірге өз ана тілін де терең меңгеріп бар байлығын бойына 
дарытқан Жүсіп ана тілінің көркемдік қуатын әлемге таныту 
бағытын ұстанды.


119 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет