«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет50/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   152
Кіріспе.
Оралхан Бөкеев өмірдің әр қилы жайларын 
оқушысына толық жеткізіп, оларды үлкен толғанысқа апарып, 
өмірдегі
шындықты бүкпесіз сол күйінде, көркем образдар 
арқылы беруге әбден шеберленген қаламгер.
«Әдебиетші 

халықтың көзі мен құлағы, үні», 

дейді 
М.Горкий. Ол өз халқының көңіл
-
күйін, тілегін қамын, үмітін, 
құштарлығын, мүддесі мен мінін, қасиетін қабылдайды, 
қалыптастырады, суреттейді» [1,163], 

дейді.
Шынын да, әрбір қаламгер әдебиетке келген соң, өз 
шығармашылығымен өмірге үн қосады, үн қосқанда да өз 
халқының мақсат
-
мүддесіне сай үн қосады. Өзінің көп 
ізденгіштігі, тынымсыз білімін көтеріп, өмірді зерттеушілігі 
арқасында ол шеберлігі, стилі әбден қалыптасқан, жан
-
жақты 
толысқан, ақыл
-
ойы кемелденген қазақ әдебиетіндегі көрнекті 
прозашыға айналды. Әсіресе, Оралхан қазақ прозасының шағын 
жанры болған әңгіменің өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан 
майталман қаламгер. 
Оралхан Бөкеевтің суреткерлік әлемінің бір ерекшелігі: 
жазушыны толғандыратын мәселелер 
– 
«мәңгілік мәселелер» 


111 
екендігін, бірақ ол сол мәселелердің себебін өзіндік дүниетаным 
тұрғысынан шешуге ұмтылатыны бірден байқалады. 
Жазушының алғашқы шығармаларының бірі 
– 
«Мұзтау» 
повесінен (1974) бастап соңғы кезде жарық көрген «Атау
-
кере» 
повесіне (1989) дейінгі аралықтағы шығармаларындағы 
кейіпкерлер «адам орманда» адасқан жандар немесе сол «орман» 
қиындығын
жеңгісі келіп, жол іздеген пенделер. Жазушы 
адамдар арасыңдағы теңсіздіктің себебін, олардың бір
-
бірімен 
қоршаған
ортамен қарым
-
қатынасы арқылы тіршілік 
философиясын өзінің де түсінгісі және өзгеге де түсіндіргісі 
келеді. «Қалай өмір сүру керек?» 

деген сұраққа жауап беруге 
тырысқан суреткер қоғамдағы теңсіздіктің бір себебін 
табиғаттың өзінен іздейді.
Оралхан Бөкеев адамның жалпы өмірдегі орнына ерекше 
көңіл бөледі. Адамдардың бір бөлігі өзінің өміріңдегі орнын, 
дүниеге келу мақсатын түсінбесе, ал екінші бір бөлігі сол өмірде 
де, табиғат аясында да үстемдікке ұмтылады. Жазушының «Құм 
мінезі» повесінде осы айтылған жіктің бірінші тобына жататын 
Барханның тағдыры суреттеледі. Автор Бархан сияқты өз ісіне 
адал, шаруасын тиянақты атқаратын, атақ
-
құрметке, алдамшы 
бақытқа ұмтылмайтын адамдарды бейнелей отырып, олар тіпті, 
өзінін
басқалардан айырмашылығы неде екенін түсінбейді және 
ол туралы ойланбайды деген емеурін білдіреді. Бархан жұртқа 
байқалмайтын қарапайым адам. Бірақ құм арасында оның өз 
әлемі
бар, ол соның бір бөлшегі. Бархан өзі жасаған осы бір 
бұйығы «кіші әлем» 

«құм боранның» нәтижесінде ғана 
жанданып сала береді. Жазушы табиғатты «долдандыру» арқылы 
Барханның рухани сілкінуін көрсетіп қана қоймайды, оның 
санасын оятады. Осындай табиғатпен шендестірілетін 
психологиялық әдіс, әрине, жаңалық емес, ол пейзажды 
психологиялық одақтас ретінде пайдаланатын әрбір жазушыға 
тән нәрсе. Ал Оралхан Бөкеевтің Барханды аспанға, 
жұлдыздарға, ұшқан самолеттерге қарап, ойлана отырып өзінін 
шексіз әлемнің бір бөлшегі екеңдігін сезініп, жеке тұлға ретінде 
сол қоғамдағы тәртіпке, әділетсіздікке қарсы мінез көрсетеді.
Егер Ақтан («Мұзтау») әділетсіздіктен, теңсіздіктен қашып
табиғат аясына барса, ал Бархан, керісінше, сол әділетсіздікті 
басынан кешіріп жатқан адам.


112 
Жазушы «Сайтан көпір» және «Қар қызы» повестерінде: 
«Қалай өмір сүру керек?» 

деген мәңгілік сұрақты қозғайды. 
«Сайтан көпір» повесінде өмір сүру қорқыныш мәселесімен 
тығыз байланыста қаралады. Асып
-
тасқан адамды тәубеге 
түсірер қорқыныш деген ой алғашқы шығармаларында да 
болғанымен (Ақтанның үңгірге түскеңдегі бастан кешкендері), 
осы шығармада ол жан
-
жақты
қаралады. Табиғат пен адам 
қарым
-
қатынасына, ауыл тақырыбына жазып жүрген қазақ 
жазушыларының арасынан Оралхан Бөкеев өзінің «ішкі 
тақырыбымен» немесе негізгі тақырыбымен ерекшеленеді. Ол 
адамның қоршаған ортадағы орны, оның өмір сүрудегі 
философиялық мәселелерімен қатар адам мен табиғат қарым
-
қатынасы
мәселелерін де шығармаларына арқау етіп келеді. 
Белгілі сыншы, ғалым Серік Қирабаев Оралхан Бөкеев 
шығармалары туралы былай деп жазады: «Адамды ардақтау, 
оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда, Оралхан повестерінің 
негізгі тақырыбы десе де болады» [2, 69]. Жазушының «ішкі 
тақырыбының» идеясы Абай философиясымен үндес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет