«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет51/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
Жазушы шығармалары ішкі тақырып пен идея 
жүзеге асатындай сюжетке құрылады. Шығармалар сюжетті 
оқиғалармен ғана ассоциацияланбайды, сонымен бірге 
кейіпкерді қоршаған ортаның психологиялық өрістеуіне де 
байланысты.
Сюжеттер көп жағдайда кейіпкерлерге алдын ала 
мінездемесіз құрылып, кейіпкерлердің ішкі әлемі өзіндік талдау 
немесе іс
-
әрекеті арқылы ашылып отырады. Мысалы, «Қар 
қызы» повесіндегі сюжет жас жігіттердің шөп әкелу үшін жолға 
шығуына құрылған. Болмаса, «Атау
-
кере» повесін алайық. 
Оқиға екі сынаптастың кездесуіне құрылған. Жазушы оларды 
бірден таныстырмайды, оқиға біртіндеп дами түседі.
Оралхан шығармаларының оқиғасы көп жағдайда екі жүйелі 
болып келеді. Оған жазушының «Мұзтау», «Қар қызы», «Атау
-
кере» повестері мысал бола алады. «Мұзтау» повесі Ақтан іс
-
әрекетімен, Шыңғыс хан туралы аңыздан, «Қар қызы» повесі үш 
жігіттің Айыртауға барар жолдағы оқиғаларынан және Қар қызы 
туралы, аңыздан құралса, «Атау
-
кере» қазіргі және 30
-
жылдардағы оқиғалардан тұрады. Сюжеттің бұлай құрылуы 
стильге де әсер етеді.


113 
Жеке 
жазушының 
стиліндегі 
ерекшелікті 
оның 
замандастарымен салыстыру арқылы анықтауға болады. Ал енді 
Оралхан, стилінін ерекшелігіне келетін болсақ, оның тіл 
көркемдігі мен сөз сұлулығы кейбір замандастарына тән 
патетикадан, декларативтіліктен және жалаң баяңдаудан таза 
екендігі.
Суреткер шығармаларының сөз құрамын шартты түрде үшке 
бөлуге болады: автор сөзі, кейіпкерлер сөзі және автор сөзі мен 
кейіпкер сөзінің қосындысы, яғни, автор сөзінің кейіпкерлер 
ойланғандағы көрінісі. Қазіргі кезде әдебиеттегі байқала бастаған 
тенденциялардың бірі 

автор сөзінің кейіпкер сөзін ығыстыра 
бастауы. Біз бұны Оралхан Бөкеев шығармаларынан да 
байқаймыз. Оларда автор сөзі бірнеше стильдік ағымдарды, 
денгейлерді қамтиды. Шығармаларда автордың ой қорыту 
сентенциясы, аумақты тарихи шолуы және күнделікті өмірде 
байқағандары біріге келіп шығарма стиліне әсер етеді. Оралхан 
Бөкеев шығармаларындағы автор сөзінің бір ерекшелігі 

оның 
философиялық және публицистикалық сипатының басымдығы. 
Әсіресе, адам мен табиғаттың қарым
-
қатынасы және олардың 
рөлі туралы жазылған автор сөзі осыған нақты мысал бола алады.
Ал жазушының тіл өнерін жақсы меңгергенін, шығармалары 
образды тілге, бейнелі суретке бай екендігін сыншылардың 
көпшілігі мойындаған. Жазушының негізгі тақырыбын терең 
игергендігі мен шеберлігін оның шығармаларыңдағы кейбір 
автор сөзінің қанатты сөздерге айналуынан да байқауға болады. 
Мысалы, «Ағаш бір
-
ақ рет құлайды», «Сыбырласар сырласың, 
еркелетер елің болғанға не жетсін», «Ұлттың азуын ұлынан көр», 
«Адам баласын ой емес, ойсыздық құртады» және т.б. [3, 53].
Оралхан Бөкеев өзінің табиғат туралы конпепциясын 
адамның іс
-
әрекетімен аша түседі. Оның шығармаларыңдағы 
«адам табиғаттағы артық нәрсе». Адам кей жағдайда жалпы 
тіршіліктегі біріншілікке ұмтыла отырып, өзіне де, өзгелерге де 
зиянын тигізеді. Ол өзіне дейінгі қалыптасқан дүниені өзгертуге 
тырысады, бірақ ол оңай шаруа емес. Сондықтан адамға дүние 
өзін
бағындырып отырғандай көрініп, сол себепті осы 
қиындықты
айналып өтетін жол іздей бастайды. Бірақ бұл жол 
көзге бірден көріне қоймайды. Оралхан Бөкеев табиғатты 
ақылды, әділетті, бірақ адаммен қарама
-
қайшылықты дамыған 


114 
деп суреттейді. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адамның 
табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. 
Автор адамды табиғаттың өгей баласындай суреттейді: 
«Адамнан өткен қаскөй не бар екен бұл жалғанда: ендеше, 
табиғатқа біздерден өгей ештеңе де жоқ, ештеңе де, тек екі 
аяқтылар ғана артық, сол керексіздігімізді жасқана жасырамыз, 
жанталаса қорғаймыз. Өгейлігімізді білдірмес үшін арпалысып 
мұқым жер
-
жаһан, ұшқан құс, жүгірген аңға өктемдігімізді 
жүргіземіз. Адам баласы жаратылыстан бәрін
-
бәрін алып, 
тауысуға айналды, ал өзіміз не бердік сол табиғатқа. Түк те 
берген жоқпыз. Адам баласы жаратылыстың астын тындап, үстін 
шындап зерделеп, танып білді, тек қана өздерін өзі зерттеп, дөп 
басып, тани алмай жүр». Табиғатта бар нәрсенің бәрі 
гармониялық даму үшін жаратылған. «Аспан жер үшін, жер
су 
үшін, су жан
-
жануар, құрт
-
құмырысқа үшін, тіпті, тоғай екеш 
тоғай да бармақтай торғай үшін жаратылған. Бірінсіз екіншісінін 
тіршілігі тоқталады. Автор табиғат адамсыз тіршілік құра алады, 
ал адам табиғаттан тысқары өмір сүре алмайтыны рас болса, неге 
ғана мына қар астыңдағы қара жер, анау жұлдызды аспан адам 
баласына табыну керек» дейді [4, 163].
Автор адамды тәубеге келтірер бірден
-
бір нәрсе табиғат 
қаталдығы
деп түсінеді. Табиғат қаталдығы Оралхан Бөкеев 
шығармаларында сюжеттік маңызға ие. Табиғат оқиға
желісіне 
араласып отырады. «Сайтан көпір» және «Қар қызы» 
повестерінде кейіпкерлерді дедектетіп оқиғадан оқиғаға қуып 
отыратын күш 

табиғат қаталдығы. Табиғаттың алай
-
дүлей 
мінезімен бетпе
-
бет «Қар қызы» повесінде шөп әкелуге шығып, 
жолдан адасқан, суыққа
тоңған үшеуінің де адамгершілік бет
-
бейнесі осы сипатта айқындала түскендей. Бақытжанның 
жолдастарынан тығылып құрт жеуі, ал Аманжанның еліре 
бастауы осыған нақты мысал бола алады. Жазушы ойынша, 
табиғат қаталдығы қажет нәрсе. Ол Алтай жайлауына барар 
жолға бетоннан құйылып жасалатын көпірге қарсы. Себебі, ол 
енді «Сайтан көпір» бола алмайды, бірде
-
бір адам қорықпай, 
қарқ
-
қарқ күліп өте шығады да, Алтай жайлауынан қадір
-
қасиет 
кетеді. Адамдар бойынан қатерден сескену сезімі жоғалып, 
мүлдем құрып бітіп, есінетер ессіздік үстемдік алады. 


115 
Табиғат 
пен 
адам 
қарым
-
қатынасына 
арналған 
шығармалардағы кейіпкерлерді табиғатқа деген позициясына 
қарай
«ойлампаздар», «жасампаздар», «жыртқыштар» деп типке 
бөлуге болады. Оралхан Бөкеев повестеріндегі кейіпкерлерді 
типтік жағынан «ойлампаздар» қатарына жатқызуға болады. 
Олар табиғатты қорғауға белсене араласып жүрген адамдар емес. 
Ақтан, Бархан сияқты кейіпкерлер табиғат
-
ананың тәй
-
тәй 
баспаған нәрестелері сияқты. Қоғамдық қарама
-
қайшылықтан 
тыс өмір сүруге ұмтылған олар үшін, ең бастысы, табиғатпен 
бірге болу. Ата
-
анасынан алшақтап, балалар ортасына баруға 
қорыққан
жас сәби тәрізді кейіпкерлер. Автор кейіпкерлерін 
қарама
-
қайшылықта суреттей отырып, өзі де қарама
-
қайшылықтан
шыға алмаған. Ақтанның он кластан артық 
оқымауының өзі жақсылыққа баланса, жоғары білімді 
кейіпкерлердің бәрі арақ ішіп, маскүнемдікке салынған жандар 
есебінде суреттеледі. Оралхан Бөкеев шығармаларында өмір сүру 
мәселесіне байланысты екі тенденция бар. Бірі 

табиғатпен бірге, 
адамдар қоғамынан тыс өмір сүру. Екіншісі 

табиғатқа қамқор 
бола отырып, адамдар қоғамында өмір сүру. Оралхан Бөкеев 
шығармаларындағы басты кейіпкерлер (Ақтан, Ерік, Қоңқай, 
аңшы шал) адамдар ортасынан шалғай, табиғат аясында өмір 
сүруді мақсат тұтқандарымен, олардың өзі бір
-
біріне ұқсамайтын 
әр
түрлі мінез
-
құлықтағы бейнелер. Ақтан («Мұзтау») туған 
ауылынан көшкісі келмей жалғыз өмір сүрсе, Ерік («Атау
-
кере»),
Қоңқай
(«Қар қызы») тек бас пайдалары үшін жүрген адамдар. 
Автор табиғатта, онымен біте қайнасып өмір сүруді бірден
-
бір 
дұрыс жол деп тапқанымен, адамдар ортасынан бөлек тіршілік 
ету де өз ізін қалдыратынына сенеді. Оралхан Бөкеевтің 
кейіпкерлері «кейде ақымақ болса да адамдарды, көрсоқыр болса 
да көрші
-
қолаңды сағынады». Себебі, «саяқ тартып жүре берген 
адам Қонқайға, соларға ұқсағандарға айналып кетеді».
Мысалы, «Сайтан көпір» повесіндегі өзенді алайықшы. 
Әкесін
де, баласын да құшағына алып, қақпақыл жасаған тау 
өзенінің
суретінен жалпы өмір ағынын аңдауға болады. Өмір 
ағыны тоқтамайды, өмір сынағынан ата да, бала да, немере де 
өтуі
керек.
Туған жер табиғатының сырын түсіне білген жазушы ұтымды 
салыстырулар, жаңа метафоралар, жарқын эпитеттер арқылы 


116 
көркемдік әлемнің сұлулығын оқырманға жеткізе біледі. 
Мысалы, «аспандағы ай жарықтык қорғалап, таудың теріскей 
бетіне қараңғылық
ұйыды, бейне бір альш қара мысық көсіле 
түсіп ұйықтап жатқандай» немесе «Қарқатынның әрі шоқтай 
ыстық, әрі мұздай суық құшағында жатқан Аман жарық 
дүниемен,... бозамық әлемнің бозөкпе тірлігімен мүлдем 
қоштасуға
қуаты жетпеді» [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет