«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет54/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   152
Негізгі бөлім. 
Ж. Баласағұнның моральдық
-
этикалық 
мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару 
әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық
-
саяси мәні бар 
түрлі ережелер мен заңдарды, әдет
-
ғұрыптар нормасын 
қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды 
болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке 
негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ 
заңның болуы; 2) бақ
-
дәулеттің басқа қонуы; 3) ақыл
-
парасаттың 
қоғамдық
рөлі; 4)
қанағатшылдық мәселесі. Осы принциптерді 
ұстанған
еңбектің негізі әділдік (Күнтолды), бақыт (Айтолды), 
ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің 
сұхбаты іспеттес жүргізіледі. Адамгершілік, имандылықты 
насихаттайтын саяси
-
философиялық трактат идеясы әл
-
Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастар 
жайындағы» ойлармен ұқсас. Бұл еңбек өз уақытында Қытай, 
Үндістан, Араб, Парсы ғұламалары тарапынан жоғары бағаға ие 
болды [2,215б].
Әбу
Насыр 
әл
-
Фарабидің 
энциклопедист
-
ғалымның 
әлеуметтік
-
этикалық мәселелерді қозғайтын ой
-
толғаныстары 
көп. Әл
-
Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне 
ерекше назар аударып отырған. Этиканың зерттеу нысанасы 

мораль, мінез
-
құлық, әдептілік нормалары екенін жан
-
жақты 
дәлелдеген. Әл
-
Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары 
категориясы бақыт
болып табылады.
«Бақыт» 

Фарабидің негізгі мәселесі, саяси философиясы. 
Ғұлама
ғалым «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», 
«Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» және тағы басқа 
саяси
-
әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт 
мәселесіне кеңірек тоқталған.
Әл
-
Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің 
өмірінің
мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар 

өзіне ұнайтын, 
керекті нәрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам 
бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық 
ақыл
-
парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс 
түсінетін адамдар 

данышпан адамдар.
Бақытқа жетудің маңызды шартын, әл
-
Фараби адамның 
әрекетті таңдау және осы істеген әрекеттің өз ырқына 
негізделуінде. Әл
-
Фараби адам ырқының еркіндігіне, жақсы мен 


120 
жаманды еркін таңдауына көп маңыз артады. Ерік еркіндігі жан 
парасаттылығымен анықталады және ол тек адамға тән, адамдағы 
ізгілікті қалыптастыратын және күшейтетін қажетті шарт.Ойшыл 
данышпан тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету 
жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым 
ғана
қайырымдылыққа икемді екенін ескерткен.
Ғалымның
мұрасында әсемдік мәселесі ерекше орын 
алады.Әбу Насыр ізгі істі іздеуге және жасауға тек адам ғана 
қабілетті
деп дәлелдейді: «Адам рухани ізгілігіне байланысты
ғана
жағымсыз және ізгі істерге барады», «Адамға қысқа ғана 
ғұмыр
берілгенмен, ол қас
-
қағымды көп екен деп есептейді, 
адамдар бір
-
біріне азап шектіре отырып бірімен
-
бірі жауласады, 
бір
-
бірімізді қашанға дейін азап шектіре береміз. Табиғатта 
әсемдік мәңгі
өмір
сүреді, ал қайталау түрінде пайда болатын 
өнердегі
ізгілік пен сұлулық адамнан ғана шығады». Әл
-
Фарабидің эстетикасында әсемдік пен пайдалылық, сұлулық пен 
пайда бірімен
-
бірі үйлесімді түрде тұтасып кеткен, бірінен
-
бірі 
бөлінбейді. «Адам ақыл
-
ойының арқасында ғана адам болды», 

дейді ғұлама [3,
51б].
Ж. Баласағұн өз шығармасында заманның бұзылғандығы, 
достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды. Ол адамдардан 
кісіліктің жоқтығы, ағайын
-
достық арасындағы қарым
-
қатынаста 
жаттан айырмашылығының болмауы, халық арасында иман, 
сенім мен жақсы қасиеттің қалмағанын өкіне баяндайды. 
Сонымен бірге, жігіттікке ашынып, өкініп, қарттық туралы да 
айта келе, ол өзіне ақыл
-
кеңес беру арқылы, қоғам мүшелеріне 
ықпал еткісі келеді. Ақынның дастан жолдарында айтылған мына
сөздері:
«Сөзді тура, ащы, қатты сөйледім,
Түзу сөзді ұғар түзу ел дедім.
Оқушыға аса ауыр келмесін,
Ашық айтып, көрінгенді термедім!» ,
-
оның шын мәнінде ел жағдайына немқұрайлы қарамағандығын 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет