«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет57/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   152
Негізгі бөлім.
Мұқағали жырларының халықтың қастерлі
мұрасына айналуының түрлі себептері бар. Соның бірі 
– 
шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Мысалы, ақын «Үш 
бақытым» өлеңінде Халықты, Тілді, Отанды үш құдіретті күш
бейнесінде сомдаған:
Ең бірінші бақытым 
– 
Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын:
Қымбатырақ
алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым 
– 
Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей
-
кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті
тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші 
– 
Отан деген,
Құдай
деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай
-
ақ кел
-
дағы от ал менен [3,66], 


125 
– 
деп Отан ұғымын Құдай ұғымымен теңестіреді, яғни Отансыз 
жанның құдайсыз екендігі туралы ой тастайды.
Алатаудан
арындап ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағали өзінің 
күнделігінде: «Туған жерімнің тұнып тұрған сұлулығын алдымен 
сүйем! Соның қызығының бәрі менде, менімен, өзіммен бірге 
кетеді».
Қазақ, рас бұл қазақтай қайсар халықың ұрпағы екен. 
Арқасында ата
-
бабасының асыл аманаты тұр. Қарасаң көз 
жетпейтін ұшқан құс, жүгірген аң аулап әзер бағындыратын 
ұлан
-
ғайыр даласы бар. Ендеше неге барын салып Отанын 
жырламасқа? Ақынның аласапыран ойы тым шарықтап, шырқау 
көкке самғай жөнелді.
Құс
ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз
жан өмірінде оңбайды.
Өзін
-
өзі қорлайды да, сорлайды
Тірі адамға 
– 
сол қайғы!
Күн көреді әкесіз де, анасыз,
Өмір
сүрер. Әйелсіз де, баласыз,
Ал, Отансыз 
– 
нағыз сорлы панасыз!
Отбасының тіреуі, қара шаңырақтың иесі 
– 
қайсар мінезді 
әкесі
соғысқа аттанғанда бұл ойын баласы еді. Ақын туған жер, 
туған ел туралы толғанғанда, үнемі әке бейнесін жадынан тыс 
қалдырмайды. Отан үшін отқа түссе де, рухы күймеген әкенің 
ғибраты
ақынның өмірлік азығына айналған.
Ақынның өзіндік үні, өзіндік мәнері, мінезі «Ордам менің
» 
өлеңінде
даралана түседі.
Кешір, Ана!
Бір сенің еркең болмай,
Отаныма ұл болу 
– 
қымбат маған.
Сеніменен Отаным егіз деймін,
Сенен Отан, Отаннан Сені іздеймін.
Отаныма бер мені басы бүтін,
Нашар әйел тапқан ұл дегізбеймін! [4, 25] 
деп, Отан менен Ана ұғымын байланыстырып қарайды.


126 
Ақын қашан да халқымен, елімен бірге. Елі қайғырса бірге 
қайғырады, жұрты қуанса бірге қуанады. Оның:
Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны,
Бәрімізге белгілі ғой ол жағы. 
Қайтер
едің қара бастың толғағы,
Тек
жұртымыз күрсінбесе
болғаны, 
– 
деген сияқты жырларын оқығанда, Мұқағали қазақ 
тәуелсіздігін көріп, бізбен бірге өмір сүріп отырғандай сезінесің. 
Отанды сүюдің, оған құлай берілудің 
– 
асқақ үлгісін жасады.
Мұқағалиды жұрттың бәрінің құмарта оқуының себебін ақын 
өлеңдерінің тақырыбы мен табиғатынан іздеу керек. Мұқағали 
Мақатаевтың 650
-
ден астам лирикалық өлеңдерінде адам 
өмірінің
мәні, ауыл өмірі, тау табиғаты, әсемдік пен сұлулық, 
тазалық, көңіл
-
күй, ерлік, елдік, Отан, туған жер, махаббат 
лирикалары поэзия тілінде әсем жырланған. Ақын қай тақырыпта 
жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмаған. Мәселен: 
Мен жырламаймын. Сырласамын.
Сыры бір замандаспен мұңдасамын.
Көгендеп жыр қосағын,
Келмейді жыр жасағым.
немесе,
Тіпті де мен еместі «мен» дегенім,
Өзгенің
жаны
-
сырын ұғу үшін,
Өзімді зерттегенді жөн көремін [3]. 

дейді.
Мұқағали шығармаларының тіні «өзін
-
өзі» зерттеуден 
тұрады. Мен 
– 
өзін
-
өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, 
ғаламнан
үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі 
пәлсапашыл Мен. Ақын шығармаларында философиялық 
тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, 
медитация басым. «Өмірдастан» атты топтамалы толғауында 
жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен 
адамдық, азаматтық, адалық, ар
-
намыс, рух
пен нәпсі арасындағы 
толассыз күркс психологиялық шиеленіс арқылы шебер 
жеткізілген. Мұқағалидың шеберлігі өзі өмірден көрген
-
білгенін 


127 
көңіл елегінен өткізе терең жеткізе білуінде. Ол әсіресе тауды, 
қазақ
ауылын көп жырлайды. Мысалы, «Тауда болғым келеді» 
өлеңінде

Өлмесін
деп берген ғой тауды маған,
Мен күрсінсем, күрсініп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран [3,55].
Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті.
Қазақтың
қара өлеңі құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр
бар естілмеген [3,59] 
– 
деп ақын «Қара өлең» шығармасында қазақ поэзиясының 
құдіреттілігіне
ерекше назар аударады.
Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, 
мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы 
ұлттық
характерімен, мінезімен ерекшеленеді. Мәселен, «Қайран 
жеңгем» өлеңінде:
Су сұрасам, сүт берген, айран берген,
Қартайып
қалыпсың
-
ау, қайран жеңгем!
Қарғаның
валетіндей едірейіп,
Қасыңа
мына біреу қайдан келген [3,221].
Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған:
Күтемін сенен үміт, сенен жігер,
Қисаң
маған биік пен тереңді бер!
О, Муза!
Маған алыс сөреңді бер!
Ғайыптан
кел де мені демеп жібер [3,67].
Ақын адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның 
болмысын шынайы бедерлейді («Жапырақ жүрек
-
жас қайың»). 
Ол «Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. 
Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың 
мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері болып қалу» 
дегенді ұстанды [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет