«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет7/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152
Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы 
Тұран университетінің қауымдастырылған профессоры, 
филология ғылымдарының кандидаты 
29.09.2023 жыл 
 
 
 
 


14 
ӘЛ
-
ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
 
ҰЛТТЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ
 
 
 
 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
 
 
 
 
ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ
 
 


15 
 
 
М.О.ӘУЕЗОВ
 
АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР 
ИНСТИТУТЫ
 
 
 
 
ҚАЗАҚ
 
ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ 
КАФЕДРАСЫ
 
 


16 
 
 
А.БАЙТҰРСЫНОВ
 
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ 
КАФЕДРАСЫ
 
 
 
 
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №59 МЕКТЕП
-
ГИМНАЗИЯ 
ҰЖЫМЫ
 
 


17 
 
 
Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП
-
ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫ
 
 
 
 
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 15 ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫ
 
 


18 
 
ӘЛ
-
ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 
ҒЫЛЫМИ
-
ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ (2023)
 
 
 
 
«ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ БАСТАУЛАРЫ: ЗЕРТТЕУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» (2023)
 
 
 
 


19 
«МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАУ СӘТТЕРІ» (2023)
 
 
 
 
«КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕР СӘТТЕРІ» (2023)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


20 
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ
 
 
«ОҒЫЗ
-
НАМЕ» ЕСКЕРТКІШІНІҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ 
СИПАТЫ
 
 
Сейітжанов Зұфар 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы 
Алматы қаласы 
 
Түркі тілдес халықтарға ортақ мұраның бірі «Оғыз
-
наме» 
кітаби эпосы жайында көптеген
зерттеулер жазылған түрлі 
аспекті де қарастылған. Бұл рухани мұрадағы тарих оқиғалар мен 
есімдер жайындағы пікірлер де бір арнаға тоғыса қоймай әртүрлі 
тұжырымдар айтылғаны белгілі. Осы жайларды ескерген 
зерттеуші ғалым
Б. Сарбасов мәселені бір қырынан тереңдете 
зерттеу қажет екені аңғартады. Сондықтан зерттеуші аталған 
кітаби эпостағы фольклорлық таныммен заңдылықтардың 
сипатын ашуды мақсат етеді.
Бұл шығарма әу баста ауызша туып, ауызша тараған, кейінрек 
хатқа түскен. Осы ерекшелік ескерген зерттеуші «Оғыз
-
намедегі» рулық
-
тайпалық дәуірдің елестері мен оғыз 
мемлекетінің өмір сүрген кезеңдеріндегі қат
-
қабат оқиғалардың 
шын тарихы, фольклорлық тарихы қайсы екеніне ден қояды, 
жаңаша зерделеуге ұмтылады.
Автор алдымен «Оғыз
-
намені» зертеу, жариялау, аудару 
мәселесіндегі шетел және қазақ ғалымдарының еңбегіне 
тоқталады, назар аударады. «Оғыз
-
наме» кітаби талдаған 
еңбектерінде айтылған ой
-
тұжырымдардың мәнін ашады. 
Салыстыра қарастырып артық
-
кем тұстарын атап өтеді. Алдымен 
зерттеуші осы ескерткіштегі тұтастану құбылысының бірнеше 
түрі бар екенін байқаған. Көркем жинақтау фольклорға тән, оның 
бейнелеу тәсілдерінің бірі екені аян. Мұнда тарихи оқиғалар, 
кейіпкердердің іс
-
әрекеті және оның ұрпақтарының ғұмыры 
жинақтала топтастырлып бір тұтас дүниеге айналады. Оғыз 
атауын иеленген елдің
өзі іштей біріккен де, бөлінген де және 
өзге
түркі тектес жұрттармен тоғысу сияқты жолдардан өткен. 


21 
«Оғыз
-
наме» эпосынан осы жағдайлардың ізін табу онша қиын 
емес деген пікір түйеді.
Әр
кездегі әртүрлі оқиғалар жинақталып, бір кезеңнің 
оқиғасы сияқты суреттелген. Фольклорлық шығарма мақсаты 
елдің тұтастығын, бірлігін сақтау болғандықтан автор тұтастану 
мәселесіне бас ден қойған. Шығармадағы рулық
-
тайпалық 
кезіндегі көріністері оғыз мемлекетінің өмір сүрген кезеңіндегі 
оқиғалармен тоғыстыра қарау сипатын фольклордағы 
көпқабаттылық, тұтастану арқылы ажырата қарауға мүмкіндік 
туатынын сезіне білген. Осы тұрғыдан келгенде фольклор 
тарихпен байланысты бола тұра, тарихи фактыны дәлме
-
дәл 
қайталамай, әр дәуір оқиғаларын, адамдармен іс
-
әрекеттерін 
кейінгі заманға,
кейінгі дәуір қайраткерлеріне әкеліп теліген, 
топтастырған деген орынды қорытындыға келеді.
Б.С. Сарбасов осы шығарма жайында пікір айтқан 
оқымыстылардың 
еңбектеріне 
сүйене 
отырып 
түркі 
қағандарының
құрамында тоғыз
-
оғыз тайпалық одағының пайда 
болған кезі
қай ғасыр (VІІ
-
ХІғ.ғ.) және қай жерлерді мекендегенін 
нақты атап көрсетеді. Солардың көркем шежіресі ретінде 
ғасырлардан
жеткен мәнді мұраның бірі 
– 
«Оғыз
-
наме» эпосы 
деп біледі. Бұл ескерткіштің тарихи тұтастануға түскенін 
көрсетеді. Себебі, тұтастанудың
бұл түрі барлық елдің 
фольклорына тән. Сонымен, оғыз елінің түрлі тарихы бір 
кезеңнің оқиғасы ретінде жинақталып суреттелген. Басқаша 
айтқанда, «Оғыз
-
наме» кітаби эпосында бір тайпа елдің басынан 
өткен
оқиғалар бір адамның басына жинақталып, тарихи 
тұлғалар тарихын танытатын фольклорлық бейне жасағанын 
лайықты атап көрсетеді. Бұл арада жыршы ғұмырнамалық 
(шежірелік) тұтастануға сүйенгенін аңғарады. Өйткені, осы тәсіл 
арқылы батырдың ерекше туылғанынан бастап қартайған шағына 
дейінгі өмірбаяндық бөлшектердің
көрсетілуі бұған дәлел 
болмақ, яғни оғыз киелі нұрдан жаралуы фольклорлық ғажайып 
туу мотивінің тәңірлік сенім арқылы дүниеге келуімен жалғасады 
да, кейін бұл мотив басқа эпикалық жырлардан орын алған. 
Оғыздың екі әйелінен туған балалар есімдерін аспан денелерінің 
атының берілуі де тегін емес. Түркілердің көне дүниетанымына, 
наным
-
сенімдеріне космологиялық мифтердің рөл атқарғаның 
нақты мысалдар келтіре отырып анықтайды.


22 
Ғалымның
екінші бір көңіл аударған мәселесі 
– 
ескерткіштегі 
мотивтер мен образдары. Эпос пен ертекте кездесетін қалыңдық 
іздеу мотивіне ұқсамайды. «Оғыз
-
намедегі» бұл мотив хабарлаау 
түрінде ғана берілген. Қалыңдығын алу үшін батырлық сынақтан 
өтпейді, үйлену мотиві көмескіленген. Оғыз қағанның 
балаларына аналарының тегіне қарай ат қойылуы ана еркі 
заманының елесі деп біледі. Түс көру мотиві фольклорда жиі 
кездесетін болса, бұл сарын «Оғыз
-
намеде» үлкен рөл атқарған. 
Алайда түсті Оғыз емес, қасындағы жырау Ұлұқ түрік көреді. 
Оның көрген түсі бүкіл ру
-
тайпа тағдырына қатысты болып 
отырады. Сондай
-
ақ, Оғыз әулетінің Үшоқ және Бозоқ болып 
бөлінген тарихынан, іштей жіктелу процесінен хабар береді, яғни 
тарихи шындық фольклорлық тәсілмен беріледі. Түс көру мотиві 
тарихи аңыздармен ұштасып, фольклорлық шарттылық пен Оғыз 
қағанды
мадақтау, дәріптеу мақсатында қолданылғаны 
талданады.
«Оғыз
-
наме» кітаби эпосының фольклорлық негіздерін 
айқындайтын бір фактор 
– 
Көкбөрі бейнесі. Ол сюжеттің 
дауымна белгілі дәрежеде әсер етіп, төрт эпизодта көрініс тапқан. 
Көкбөрі Оғыз әскерлерінің үш жорығында жол бастайды. 
Көкбөрі туралы мифтік аңыздар түркі халықтарына ортақ, тіпті 
көне түркілер шығу тегін көкбөріден тартатын аңыздар да 
сақталған. Кейде көкбөрі рудың түпкі анасы ретінде көрінсе, енді 
бір мифтік аңызда руды аталық негізі ретінде баяндалады. 
Мұндай мифтер байырғы адамдардың тотемдік көзқарастарының 
белгісі ретінде сипатталатынын дәйектейді. «Оғыз
-
наменің» үш 
эпизодында 
көрінетін 
көкбөрі 
байырғы 
түркілердің 
дүниетанымдық көзқарасымен, тәңірлік дінімен тығыз 
байланыста туған образ екені дәелді сөз етіледі.
«Оғыз қағанның тууы мен балалық шағы баяны» тарауында 
кейіпкер күн нұрынан пайда болады. Бұл сарын (мотив) 
дүниежүзі халықтарынң халық әдебиетінде бар. Автор мұны 
шаман дінің әсері деп түсіндіреді. Өйткені, шаман діні күнді, 
айды, көк аспанды қасиетті деп табынатыны аян. Сонымен 
кейіпкердің ғажайып туу мотиві матриархат заманында 
тотемизмге негізделіп қалыптасқан наным
-
сеніммен байланысты 
екен, кейін келе бұл көне наным фольклорлық мотивке айналып, 
кейіпкерді әсірелеу үшін көркемдік тәсілге ауысқан. Ал қазақ


23 
және Орта Азия эпикалық жырларында бұл міндетті әулие
-
әмбиелер
(Ғайып ерен қырық шілтен, Баба түкті шашты азиз, т.б.) 
атқарғаны айтылады. Сондықтан қазақтың батырлық 
жырларындағы ғажайып туу мотивіне кейінгі заман әсері бар 
деген дәлелді тұжырым жасайды.
Ал «Оғыз
-
намедегі» 
кейіпкерлер қатарын оғыздың жақтастары құрайды. Бұларға 
қарсы
дұшпандары белсенді іс
-
әрекетке бармайды. Барлық оқиға 
бас қаһарманның маңына шоғырландырылған. Сол себепті оқиға 
бас қаһарманның іс
-
әрекетіне байланысты дамиды. Оғыз қаған 
бейнесі ғұмырнамалық тұтастану тәсілімен жасалған. 
Қорыта
айтқанда, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы 
саналатын «Оғыз
-
наме» кітаби эпосы мен қазақ батырлық 
жырлардың арасындағы дәстүрлі көркемдік байланыс бары жан
-
жақты пайымдалады. Түркі халықтарының бір тұтас мемлекетке 
айналу идеясын өрім
-
өзек еткен туындының фольклорлық 
сипаты тарата талданып, ұтымды тұжырымдар жасаған 
ғалымның
құнды ғылыми еңбегі деп айту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет