Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет164/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   218
ӘОЖ 159.99  

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 

 

Егенисова А.Қ. 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және  

инжиниринг университеті, Қазақстан 

 

Аңдатпа. Бұл мақалада  психология оқытушысының жұмысындағы психологиялық ағарту 

жұмыстарының формалары: ғылыми-танымал дәрістер, әңгімелесулер, семинарлар, көрмелер, 

маман-психологтармен кездесу және ата аналармен, мұғалімдермен, оқушылармен психологиялық 

жұмыстардың түрлері, жүргізу әдіс-тәсілдері баяндалады.  



Түйінді  сөздер:  психологиялық  ағарту,    ғылыми-танымал  дәріс,  әңгімелесу,  семинар, 

көрме,  маман-психологтармен  кездесу,  лектория,    практикум,      диагностикалық  сабақ,    тренинг,   

факультатив,    үйірмелік  сабақ,   зерттеу,  психологиялық  газет,   психология  апталығы, интонация 

конкурсы 

 

Психологтың  ең  маңызды  функциясының  бірі  –  халыққа  психологиялық  ағарту 



жұмыстарын  жүргізу  болып  табылады.  Психологиялық  ағартудың  негізгі мақсаттары: 

– 

халықты  тұлға  психологиясының  негіздерімен,  яғни  қарым  –  қатынас,  іс-әрекет, 



өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру мәселелерімен таныстыру; 

– 

жаңа  психологиялық  зерттеулермен,  әсіресе  оқыту  және  тәрбиелеу  саласындағы 



нәтижелерді түсіндіру, тарату; 

– 

психологиялық  білімдерді  және  оларды  өз  өмірі  мен  қызметінде  орнымен  қолдана 



білу қажеттілігін қалыптастыру [1]. 

Психологиялық 

ағарту 

жұмысының 

формаларына: 

ғылыми-танымал 

дәрістер, 

әңгімелесулер,  семинарлар,  көрмелер,  маман-психологтармен  кездесу  және  т.б.  жатады. 

Психологиялық білім беру жұмыстарын өткізу барысында кейбір ерекшеліктерді ескерген жөн: 

1. Мейірімділік, яғни психолог өзінің білімін бере отырып шын тілектестігін білдіруі; 

2. Аудиторияның  кәсіптік  және  жас,  даму  деңгей  ерекшеліктеріне  жұмыс  әдістері, 

формалары мен мазмұнының сәйкестігі; 

3. Берілген ақпараттың мақсатқа сайлығы мен практикалық қажеттілігі; 

Перспективалы 

жұмыстың 

қатарына 

оқушылармен, 

олардың 


ата-аналарымен, 

оқытушылармен, мекеме басшыларымен, сауда қызметкерлерімен, менеджер және т.б. мамандық 

иелерімен  жүргізетін  жұмыстары  жатады.  Біз,  өз  жұмысымызда  ата-аналармен,  оқушылармен, 

мұғалімдермен жүргізілетін жұмысқа тоқталамыз. Тұрғындардың бұл категориясы психологиялық 

білім беру жұмыстарын көбірек қажет етеді. 

Ата-аналармен ағарту жұмысының мақсаты: 

– 

бала  тұлғасын  қалыптастыру  және  дамыту  туралы  психологиялық  заңдылықтар 



туралы білім беріп және осы заңдылықтарды тәрбие процесінде есепке алып, пайдалану; 

– 

баланың жанын түсінуді үйрету; 



– 

балаларды оқытып-тәрбиелеуде оларға жиі көңіл бөлуді меңгерту; 

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ең тиімді формасы – психологиялық лекторияларды 

ұйымдастыру.  Лектория  бұл  лекция  циклі  емес.  Оның  мазмұны  2  бөлімнен  тұрады:  теориялық 

және практикалық [2].   

Теориялық бөлім ереже бойынша маман-психолог лекция оқитын ғылыми-танымал циклдан 

тұрады.  Мұндай лекцияға  қойылатын  ең  басты  талап  оның  мазмұны  тыңдаушылар  үшін  қажетті 

және  қызықты  болуы.  Қызықсыз  лекция  ата-аналарды  жалықтырып  қана  қоймай  психологтың 

беделін  түсіреді.  Әр  түрлі  аудитория  (ата-аналар,  оқушылар,  мұғалімдер  үшін  қандай  лекция 

қызықты)  бұларды  мысалы,  Н.В.  Самоукинаның  «Мектептегі  практикалық  психология:  лекция, 

кеңес беру, тренингтер» деген еңбегінен қарауға болады. 

Ата-аналар  аудиториясы  психологтарға  белгілі  бір  қиыншылықтар  туғызады.  Ата-

аналардың  кейбір  категориясы  психологиялық  білімдерді  қажетті  деп  санамайды.  Мұндай  ата-




334 

 

аналар  бәрін  дұрыс  жасаймын  деп  өздеріне  сенімді  болады.  Сондықтан,  бұл  тәжірибе  дұрыс 



дайындықты  қажет  етеді.  Ал,  ата-аналардың  кейбір  топтары  қиындықтан  қалай  жол  табуды 

білмейді.  Олар  баланы  түсінбейді  және  қалай  тәрбиелеу  керек  екенін  де  білмейді.  Мұндай  ата-

аналарды  сендіріп,  үйретіп,  көрсету  қажет.  Қиыншылықтар  психологиялық  заңдылықты  қате 

түсінуінен  де  болуы  мүмкін.  Мысалы:  темпераментті  тәрбиелеуге  болады,  қабілет  туғаннан  ген 

арқылы  беріледі,  қаталдық  дұрыс  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді  және  т.б.  Көпшілік  ата-аналар 

балаларға  жас ерекшелігіне сай қалай қарым – қатынас жасауды білмейді.  

Лекторияның теориялық бөліміне лекция, әңгімелесу, семинар-пікірталас, «дөңгелек үстел» 

кіргізуге  болады.  Бұл  тыңдаушылар  мен  лектор  арасында  қажетті  қарым  –  қатынасты  орнатып, 

қолайлы атмосфераны жасайды.  

Лекторияның  тақырыбын  баланың  жас  ерекшеліктеріне  сай  жоспарлаған  дұрыс. 

Тақырыптардың тізімі құрастырылып, ата-аналарға алдын-ала сұрақ анкета өткізген пайдалы. Бұл 

тізім  ата-аналар  жиналысында  оларға  беріліп,  өздеріне  қызықты  тақырыпты  белгілеуін  өтінуге 

болады. Таңдалған тақырыптар лекторияның негізі болып табылады.  

Практикалық  бөлім.  Практикалық  бөлімсіз  лектория  формальды  шара  болып  қалады. 

Көптеген  ата-аналар  лекториядан  тыңдағандарын  тереңірек  түсіну  үшін  арнайы  тренингтерді,  

нақтылауды,  дәлелдеуді сұрайды.  

Практикалық бөлімнің формаларына төмендегілерді жатқызуға болады [3]:  

– 

практикум, яғни, ата-аналарды мазалайтын өмірлік ситуацияларды талдау( мысалы: 

баланың жеткіншектік кезеңдегі мінез-құлқы)  

– 

тренингтер, қарым – қатынас тренингі кең танымал болып табылады.  

Ата-аналарды үй жағдайындағы өз бетіндік жұмыстармен орындауға жетекшілік жасауды, 

зейінді, есті жаттықтыруды, эмоцияны басқаруды үйрету және т.б.  

Диагностикалық  сабақтар:  ата-аналарға    өздерінің  балаларының  қандай  екенін  білдірту 

қажет  және  олардағы  аз  ғана  өзгерістің  өзіне  көңіл  аударуға    үйрету.  Бұл  мақсат  үшін 

байқағыштық жаттығуларын ұйымдастыру (темпераментін, эмоциялық жағдайын анықтау т.б.).  

Ата-аналар лекториясының құрамында  жеке  кеңес беру  жұмысы болмаса, ол толыққанды 

болып  есептелмейді.  Баласының  бойындағы  қиыншылықтарды  түсінбейтін  ата-  аналар  да 

кездеседі. Мұндай ата-аналарға кеңес міндетті түрде қажетті. Төменде кеңес беру кезінде  сақтауға 

тиісті кейбір ережелерді атап өтеміз: 

– 

кеңес жеке кабинетте, жекеше өткізіледі, ешкім бөгет жасауға болмайды. Ата-аналар 



қатаң белгіленген уақытта келгені дұрыс. Көп ата-аналарға кеңесті бірге белгілемеңіз; 

– 

қайырымдылық, мейірімділік, ең бастысы сенім мен байланыс орнату; 



– 

шешім тек бірге қабылданады; 

– 

әңгімелесуді жақсыға сеніммен аяқтау; 



– 

келесі кездесуді жоспарлау (бәрі өзгеретіндігін білу керек). 



Мұғалімдермен  жұмыс:  Психологиялық  лектория    психологиялық  білім  берудің  бұл 

формасы  мұғалімдер  аудиториясына  барынша  жемісті  болады  [4].  Жаңа  психологиялық 

әдебиеттерді  оқып  және  терең  талдауға  мұғалімдердің  бос  уақыттарының  жетіспеушілігінен 

мүмкіншілігі болмай қалады.Мұғалімдерге проблемалық лекторияларды өткізген дұрыс. Ол жарты 

жылға  немесе  бір  жылға  есептеліп,  практикалық  және  теориялық  сабақ  ретінде  кіргізіледі. 

Бастауыш  мектеп  және  орта  мектеп  мұғалімдері  үшін  лекцияны  мүмкіндігінше  бөлек  өткізген 

дұрыс. Лекторияның тақырыптарын төмендегідей етіп өткізуге болады: 

– 

жеткіншектік  кезеңдегі  қиыншылықтар  (сексапатолог,  нарколог  және  т.б. 



мамандардың қатысуымен). 

– 

кіші мектеп жасындағы проблемалар; 



– 

мұғалімнің коммуникативтік мәдениетін жоғарылату т.б. 

Қазіргі  уақытта  әр  түрлі  тренингтер  мен  рөлдік  ойындар  кең  танымал  болып  есептеледі. 

Мұғалімдерге тренингтер өткізумен әдістемелік материалдарды  дайындауды Н.В. Самоукина мен 

С.В.  Кривцованың  және  т.б.  жұмыстарынан  табуға  болады.  Жаңа  психологиялық  әдебиеттерге, 

ғылыми-практикалық  конференция  мен  семинарлардағы  ғылыми  мақалаларға  мерзімдік  

басылымдарға   шолу жасауға да болады [1].  



335 

 

Оқушыларға   психологиялық білім беру  жұмыстары:Оқушыларға жүргізілетін жұмыстың 

әр  түрлі  типтерін:  факультатив,  лекция,  психологиялық тақырыптағы  кеш,  КТК  (КВН),  ғылыми-

практикалық  конференция,  қабырға  газеті  және  т.б.  жатқызуға  болады.  Оқушыларға  қызықты 

тақырыптағы  лекция  оқуға  болады.  Мысалы,    «Түс  көру  және  оны  жору».  «Адамның 

экстрасенсорлық  қабілеті»,  «Адам  өмірінде  түстің  маңызы»,  «Психологиялық  символдар»  және 

т.б.  

Тақырыптық кештер. Мысалы: «Жұмбақ ес», «Таныс бейтаныс», «Түс кеші».  

Сұрақ  және  жауап  кеші.  Мұндай  кешті  ұйымдастырар  алдында  алдын-ала  сұрақтарды 

жазбаша түрде алған дұрыс. Сұрақтарға оқытушы жауап берген дұрыс, ал қарапайым сұрақтарға  

оқушылар жауап беруге болады. 

Кездесу кеші. Мұнда кездесу кешіне тыңдаушыларға мамандықтың оң және теріс жақтарын 

айтуға  практик-психологты  шақыруға  болады.  Кездесу  кештеріне  режиссер,  прокуратура 

қызметкерін,  тергеушілерді,  жазушы,  оқытушы,  дәрігер,  журналист  және  т.б.  шақыруға  болады. 

Бұл мамандардан өз кәсіптеріне психологиялық білімнің қандай көмегі бар, сол жөнінде сұрауға 

болады.  Мұндай  кездесуге  дұрыс  дайындалу  қажет.  Оқушыларды  қызықтыратын  сұрақтарды 

алдын – ала ескеріп, тыңдаушылар мен сөйлеушілерді әңгімелесуге дайындау қажет. 



Факультатив, үйірмелік сабақтарды ұйымдастыру: Ғылыми студенттік қоғамды өздерінің 

бағдарламасымен  және  ұйымдастырылған  формасымен  факультатив,  үйірмелік  сабақтарды 

ұйымдастыру.  Жұмыстың  мұндай  формаларының  бағдарламалары  нормативтік  психологиялық 

курстың  бағдарламасын  қайталамауы,  қызықты  және  аз  оқытылған  тақырыптарды  қамтуы  тиіс. 

Егер  мұндай  сабақтар  мектепте  өткізілетін  болса,  онда  тақырыпты  таңдағанда  тыңдаушылардың 

жас ерекшеліктерін ескеру қажет.  

Мысалы:  Жоғары  сыныптардың  оқушылары  үшін  қызықты  тақырып:  «Сенім,  өзін  -  өзі 

сендіру  және  гипноз»,  «Тұлға  және  ақыл»  және  т.б.  Төменгі  сынып  оқушылары  жануарлар 

психикасы,  психиканың  құпия  құбылыстары  және  т.б.  тақырыптағы  әңгімелерді  қызыға 

тыңдайды.  Ал,  жеткіншектерді  өзара  қарым  –  қатынас,  тұлғаны  қалыптастыру  мәселелері,  ерік, 

мінез және темперамент және т.б. туралы проблемалар қызықтырады. 



Шағын  эксперименттік  зерттеулер:  Мұнда  лекция  және  практикалық  сабақтар  үшін 

студенттер  күшімен  жасалған  экспериментті  және  тәжірибені  демонстрациялауды  жатқызуға 

болады. Бұл диагностикалық зерттеу мектепте мектеп психологына көмек болады. Жоғары сынып 

оқушыларына, студенттерге өзін-өзі бағалауды, танымдық процестерді  өзара қарым  – қатынасты 

және  т.б.  психологтың  тікелей  жетекшілігімен  диагностикалауды  тапсыруға  болады.  Психолог 

керекті  әдебиеттер  тізімін  беріп,  дайындаған  жоспарларын  қарап,  кеңес  беріп,    алдын  –  ала 

дайындық жасатады [3]. 

Психологиялық газет: Бұл психологиялық факультативтің, үйірменің немесе ҒСҚ (ғылыми 

студенттік қоғамның) органы болып табылады. Газет  қабырға газеті болуы мүмкін. Газеттің осы 

түрі  ЖОО  және  мектепте  кең  қолданылады.  Мұндай  газетті  безендіргенде  оқу  орындарының 

психологиялық  ерекшеліктерін  ескеру  қажет.  Рубрикалар  әр  түрлі,  көлемі  шағын,  мазмұны 

қысқаша,  оқығанда  қиындық  келтірмеуі  тиіс.  Теориялық  қағидалар  мүмкіндігінше  бір  –  бірінен 

бөлек орналасқан және иллюстрациялармен берілуі тиіс. 



Психология апталығы: Соңғы жылдары, әсіресе мектепте пәндік апталықтар кең танымал 

болып  отыр.  Психология  апталығы  бұл  ғылымның  және  психолог  мамандығын  танымал  етудің 

тиімді  формасы  болып  табылады..  Бұл  апталық  кезінде  барлық  топтарда,  сыныптарда  танымал 

лекциялар,  әңгімелесулер,  демонстрация,  ғылыми  конференция,  кездесулер,  кештер  өткізіледі. 

Апталық  аяғында  психологиялық  тақырыптағы  қабырға  газеттерінің  конкурсы,  ал 

қорытындысында КТК (КВН) немесе «Не, қайда, қашан?» сайысы өткізіледі.  



КВН  (КТК)  –  ны  және  тақырыптық  кештерді  дайындау:  Кештер  мен  КВН  (КТК)    –  ны 

өткізу  үшін  көптеген  материалдар  қажет.  (тарихи  фактілер,  ғалымдардың  өмірбаяны,  олардың 

айтқандары,  афоризмдер,  тақпақ,  конкурс,  викториналық  сұрақтар,  әзілді  тестілер, 

театрландырылған  көрініс,  ойын  т.б.).  Кеш  сәтті  өту  үшін  алдын  –  ала  жоспар  құрылуы  қажет. 

Жоспарды құрастыру кезінде кештің барлық деталдары жөнінде ойлану керек. 



336 

 

Кештің басталуы. Кешті әдеттегідей психология пәнінің оқытушысы ашады. Өз сөзінде ол 

таңдалған  тақырыптың  тұлғаның  қызметі,  кәсібі,  жанұясы  және  т.б.  үшін  мәні  зор  екенін  атап 

өтеді.  


Тарихи  фактілер.  Олар  мүмкін  көріністер  немесе  біреудің  айтқандары  (мысалы:  Психея 

жөніндегі  аңыз).  Кештің  бұл  бөлімі  тікелей  таңдалған  тақырыптарға  байланысты.  (Мыcалы: 

«Психолог кәсібі жөнінде»,  «Біз бәріміз әр түрліміз»,  «Менің ішкі жан дүнием» т.б.). Ақпаратты 

баяндау формасы әр түрлі болады: баяндама, көрініс, арнайы сценарий т.б.  

Көрермендер  үшін  соңында  шағын  сыйлығы  бар  конкурсты  ұйымдастыру  қажет. 

Төмендегідей конкурстар өткізуге болады: 

–  

«Сіз білесіз бе?» 



–  

«Егер мен сөйлей алмасам!» (вербальды емес қабілетке конкурс). 



Тапсырма:«Көрермендер  алдында  сөйлемей  вербальды  емес  құралдармен  көрсету. 

Мысалы:  ым,  мимика,  пантомимика»  т.б.  Көрермендер  оқылған  өлеңді  немесе  тақпақты  айтуы 

тиіс. 

Интонация  конкурсы.  Мысалы:  «мында  кел»  фразасының  интонациясын  білу.1) 

бұйрықпен;  2) өтінішпен;    3) қуанышпен;  4) қобалжушылықпен; Көрермендер сынға қатысушы 

дұрыс айтты ма, соны анықтайды.  

Сен  жақсы  психологсың  ба?  (психология  ғылымының  негізгі  ұғымдары  туралы  білімін 

анықтау тапсырмасы). 



Біз  жақсы  көреміз  бе?  (плакаттағы  әр  түрлі  бейнелерді  айыру  тапсырмасы.  Бұл  мүмкін 

әртүрлі бейнелердің иллюзиясы болуы мүмкін). Сыйлықты тек дұрыс айтқанға ғана емес, біз неге 

осылай көреміз мүмкіндігінше осыған жауап бергенде беруге болады[3]. 

Шақыру билеттерінің конкурсы. Билетті алдын – ала дайындау қажет. Мысалы: 1 билетте 

(тақ билет) символ, фраза, суреттің жартысы, басқа билетте (жұп билетте) басқа бөлігі бейнеленуі 

тиіс. Жігіттерге тақ номері, қыздарға жұп номері беріледі. Бір – бірін тапқандар ұтады, жеңеді. Бұл 

конкурсты кештің басында өткізген дұрыс.  



Тақпақ,  проза, афоризм, мақал және т.б. таңдау. 

Музыканы ойлап шығару (қазіргі заманғы билейтін, мүмкіндігінше, келесі би әзілді атаумен 

немесе  таңғажайыпты  мәтінмен  хабарланған  тиімді).Осындай  психологиялық  ағарту 

жұмыстарының ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге көп көмегі болатыны сөзсіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет