Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет160/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   218
3. Биологиялық алғы шарттар 

Жоғарғы  жүйке  қызметінің  кейбір  типологиялық  қасиеттері  қорқыныш  сезімінің  пайда 

болуына  әсерін  тигізеді.  Бұл  эмоционалды  сезімталдылық  және  сонымен  байланысты 

әсерленгіштік.  Агрессивті  жауап  қайтара  алмай,  бәрін  «жүрекке  тым  жақын  қабылдап  және  тез 

ренжитін»  адамдардың  жоғары  әсерленгіштігі  олардың  эмоционалды  ренжігіштігі  мен 

осалдығынан көрініс табады. Көптеген балалар психикалық дамуында қорқынышқа деген жоғары 

сезімталдықтың  бірнеше  жас  ерекшелік  кезеңдерінен  өтеді.  Бұл  қорқыныштардың  бәрі  өтпелі 

сипатқа  ие,  бірақ  олар  мазасыз  ата-анасының  ойында  қалып  қоятын  қорқыныштарды  қайта 

жандандыруы  мүмкін.  Ересектердің  үрейі  жанұядағы  балаларға  беріледі.  Бұл  қорқыныштардың 

берілуінің  ең  типтілік  психологиялық  жолы.  Көптеген  қорқыныштар  балаға  санасыз  беріледі, 

бірақ  кейбір  қорқыныштар,  дәлірек  қауіптер,  оған  танылатын  бағалы  бағдарлар  жүйесі  күштеп 

сендірілуі мүмкін. Сөйтіп, қорқыныштардың өздері емес, елеудің кейбір жалпы қасиеттері тұқым 

қуалайды. 

Жас  ерекшелік  қорқынышы  эмоционалдық  сезімтал  балаларда  олардың  психикалық  және 

тұлғалық  даму  ерекшеліктерінің  көрінісі  ретінде  байқалады.  Олар  мына  факторлардың  негізінде 

пайда  болады:  ата-аналарда  қорқыныштың  болуы;  баламен  қарым-қатынаста  мазасыздану,  оны 

қауіптерден  шектен  тыс  қорғау  және  құрбыларымен  араласуын  шектеу;  сол  жыныстағы  ата-

анасының  тарапынан  көп  тыйым  салыну  немесе  басқа  жыныстағы  ата-анасының  балаға  толық 

еркіндік  беруі,  сонымен  бірге  отбасындағы  үлкендердің  көптеген  іске  аспаған  қоқан-лоққылары; 

сол  жыныстағы  ата-анамен  рөлдік  идентификация  мүмкіндігі  көбінесе  ұл  балаларда  болмайды; 

ата-аналардың  арасындағы  қақтығыстық  қарым-қатынас;  шошыну  тәрізді  психикалық 

жарақаттану;  үлкендермен  және  құрбыларымен  қарым-қатынас  жасау  үрдісінде  қорқынышқа 

психологиялык бой алдыру. 

Оқу жүктемесін әртүрлі себептермен игере алмай жүрген бірінші сынып оқушылары, уақыт 

өте  келе үлгермеушілер қатарына ілігеді, ол өз кезегінде, невроздарға, мектептен қорқушылыққа 

алып  келеді.  Мектепке  дейін  үлкендермен  және  құрбыларымен  қарым-катынас  жасаудың  тиісті 

тәжірибесін  алмаған,  өзіне-өзі  сенімсіз  оқушылар,  үлкендердің  күткен  нәтижелерін  ақтай  алмай 

қалуға  қорқады,  мектеп  ұжымына  бейімделу  қиындықтары  мен  қорқыныш  сезінеді.  Бұл 

қорқыныштың  негізінде  қателік  жасауға,  ақымақтық  қылуға  және  сол  үшін  күлкіге  ұшырауға 

деген  қорқыныш  жатыр.  Мұндай  балалар  көбінесе  тақтаның  алдында  жауап  беруге  қорқады. 

Әсіресе осы тақтаның алдында олардың қорғансыздығы толық көрінеді. 

Кейбір  балалар  үй  тапсырмасын  орындағанда  қателік  жіберсе,  зәре-құты  қашып  қорқады. 

Бұл  ата-анасы  оларды  шұқшия  тексеріп  және  қателікке  драмалық  мән  берген  жағдайда  болады. 

Ата-анасы  баланы  жазаламаса  да,  психологиялық  жазалау  бәрібір  сезіліп  тұрады.  Бастауыш 

мектеп  жасындағы  бағалау  іс-әрекеттің  нақты  нәтижесін  ғана  бағалау  емес.  Оны  бала  өзінің 

тұлғасын  бағалау  деп  түсінеді.  "Сен  жамансың,  өйткені  сен  жаман  оқисың",-  деген  сөздер 

айтылады балаға. Ол онымен келіседі, соның негізінде беймәлімдік, сенімсіздік сезімдерімен және 

әртүрлі қорқыныштармен жалғасқан шешілмейтін ішкі қайшылық пайда болады. 

Бірқатар  жағдайларда  мектептен  қорқу,  құрбыларымен  қақтығыстан,  олар  жағынан 

шығатын  дене  қара  күштен  қорқудан  туындап  отыр.  Әсіресе  бұл  эмоционалды  сезімтал, 

әлеуметтік-мәдени және педагогикалық олқылығы бар балаларға тән. 

Жас  өсе  келе  осы  тәрізді  қорқыныштар  өзінің  сипатын  өзгертеді,  кейде  мүлдем  жоғалып 

кетеді.  Бірақ  ұзаққа  созылу  сипатына  қарай  олар  балада  әлсіздік,  өзінің  сезімдерін  игеруге, 

бақылауға қабілетсіздікті тудырады. Мектептік қорқыныш баланың психологиялық жайлылығын 

ғана емес, сонымен қоса балалар неврозының дамуына да ықпал етеді. 

6-7  жаста  қорқыныштарды  жою  мақсатты  түрде  күш  салуды  қажет  етеді.  Бұл  жерде 

балалардың  шығармашылығын  пайдаланбай  кету  мүмкін  емес,  яғни  сурет  салу  немесе  ойындар, 

сонымен бірге балаға құрбылармен өзара қатынасты құруға көмектесу қажет. 

Балалармен    жұмыс  жасауда  психотерапевтік  жұмыстың  икемді  түрлерін  қолдану  өте 

маңызды. Психотерапевтикалық әдістер проблеманы  уайымдауға  адам қалай дайын болса, солай 




327 

 

ішіне  еніп  кетуге  мүмкіндік  береді.  Ал  бала  болса,  әдетте  онымен  не  болып  жатқанын  да 



сезінбейді.  

Қазіргі  уақытта  қандай  да  болмасын  психологиялық  проблемасы  бар  адамдарға  көмек 

көрсету  үшін  көп  әдістер  мен  тәсілдер  қолданылады.  Соның  бірі  психотерапевтік  бағыт.  Ал 

балалармен жұмыс кезінде тиімді әдістің бірі-арттерапия. 

"Арттерапия"  терминін  санаториядағы  туберкулез  ауруына  шалдыққан  науқастармен 

жұмысын  сипаттау  барысында  Адриан  Хилл  (1938)  қолданысқа  енгізген.  Бұл  сөз  тіркесі 

психикалық  денсаулық  орталықтары  мен  емханаларда  өткізілген  өнер  сабақтарының  барлық 

түрлеріне байланысты қолданылған. 

Арттерапия - өнерге негізделген, соның ішіндегі негізінен шығармашылық және бейнелеу 

іскерлігіндей  қолданылатын  психотерапияның  арнайыланған  формасы.  Бастапқыда  арттерапия 

К.Г.Юнг пен З.Фрейдтің теориялық идеялар контекстінде пайда болған, ал одан кейін К.Роджерс 

пен А Маслоудың жеке адам дамуының гуманистикалық модельдерін қоса, кеңінен концептуалды 

базаға иемдене бастады. 

Арттерапия мақсаттары: 

1.Агрессия  мен  басқа  да  негативті  сезімдерге  әлеуметтік  қолайлы        сыртқа  шығарту. 

Картина, суреттер, скульптуралармен жұмыс "бу" шығарудың қауіпсіз әдісі болып табылады. 

2.  Емдеу  процессін  жеңілдету.  Санаға  қонымсыз  ішкі  конфликттер  мен  уайымдарды  көп 

жағдайда  вербалды  коррекция  процессінде  айтқаннан  гөрі,  көру  бейнелері  арқылы  шығару 

жеңілдеу болып келеді.  

4.Баланың   басып   тастауға   үйреншікті болған ойлары мен сезімдерін жұмыс істеткізу. 

Вербалсыз  құралдар  кейде  қатты  уайымдар      мен  сенімдердің  айқындалуына  және  сыртқа 

шығарудың жалғыз мүмкін нәрсе бола алады. 

5.Психолог  пен  клиент  арасындағы  қарым-қатынасты  жақсарту.  Көркем  қызметке  бірігіп 

қатысу екі жақты қабылдау мен эмпатия    қарым-қатынасының тууына себепші болуы мүмкін. 

6.Ішкі      бақылау    сезімін      дамыту.  Суреттермен,      картиналармен      жұмыс  немесе 

жабыстырма (лепка) түс және форманың реттелуін ескереді. 

7.Зейінін  сезім  мен  түйсіктерде  топтау.  Бейнелеу  өнерімен  айналасу  көру  және 

кинестетикалық  түйсіктермен  эксперимент  жасауға  және  оларды  қабылдай  алу  қабілетінің 

дамуына кең мүмкіншілік туғызады. 

8.Көркемдік  қабілеттілігін  дамытып,  өзін-өзі  бағалауды  жоғарылату.  Арттерапияның   

қосалқы  өнімі   жасырын таланттардың ашылуы мен олардың даму нәтижесінде пайда болатын 

қанағаттану сезімі болып табылады. 

Арттерапияда  әдістемелердің  түрлілігі  өте  көп.  Мысалы,  музыка-терапия,  ертегітерапия, 

денеге бағытталған   терапия   және т.б. Солардың ішіндегі  әсіресе изотерапияға жеке тоқталып 

өтеміз. 

Изотерапия сурет салу арттерапия түрлерінің бірі болып табылады. 

Сурет салу - балаға өз-өзін сезініп және түсінуге, өз ойы мен сезімін еркін шығаруға, қатты 

уайымдар  мен  конфликттерден  босануға,  эмпатияны  дамытуға,  өзімен  өзі  болып    сурет  салуды 

ағзаны жетілдіру бағдарламасының орындалу жолдарының бірі ретінде қарастыруға бейім. 

Сурет  сала  отырып,  бала  өзінің  сезімдерін,  арман-тілектерін  шығарады,  түрлі 

ситуациялардағы  қарым-қатынасын  қайта  құрастырып,  кейбір  қорқынышты,  жағымсыз, 

жарақаттайтын  бейнелермен  ауыртпалықпен  жақындайды.  Осылай  сурет  салу  өз  мүмкіндіктерін 

мен  айналадағы  шындыққа  жету  әдісі,  ара  қатынасты  модельдеу  мен  әртүрлі,  соның  ішінде 

жағымсыз, негативті эмоцияларды сыртқа шығару әдісі ретінде көрсетіледі. Сондықтан сурет салу 

психикалық  қысымды,  стресстік  күйлерді  алып  тастауға,  невроздар  мен  қорқыныштарды 

коррекциялау үшін кең қолданыс тапқан. 

Изотерапияның  тағы  бір  әдісі:  Ол  -  жобалық  сурет.  Бұл  әдіс  өзінің  екі  мінезділігімен 

қызықты. Бір жағынан бұл керемет диагностикалық әдіс, екінші жағынан ол психокоррекционды 

әсер етудің барлық қажетті техникаларға ие. 

Салуға  ұсынылатын  тақырыптар  жалпы  топтық  та,  жеке  де  проблемаларға  қатысты 

болатындай әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте сурет салу тақырыптары мынаны қамтиды: 



328 

 

1.Өзінің  өткені  мен  қазіргі  кезең  ("Балалармен  араласудағы  менің  ең  басты 



проблемаларым", "Өзімді сенімсіз сезінетін өмірлік жағдайларым", "Менің күнделікті күнім"), 

2.Болашақ  немесе  абстрактылы  түсініктер  ("Кім  болғым  келеді",  "Үш  арманым",  "Бақыт 

аралы", "Үрей"); 

3.Топтағы  қарым-қатынас  ("Топ  мен  үшін  және  мен  ол  үшін  не  бердім",  "Топта  қарым-

қатынастан не алдым және одан күткенім"). 

Жобалық суретте келесідей әдістер (Кратохвил классификациясы) қолданылады: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет