Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет202/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   218
ӘОЖ 821.512.122  

 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС АЙМАҒЫ ӘДЕБИ 

МҰРАЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛУЫ ЖАЙЫНАН 

 

Сейтмаганбет Г.А. 

Ғылыми жетекшісі: Миров М.О. 

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Қазақстан 

 

Аңдатпа:  Аталмыш  мақалада  Қазақстанның  батыс  өңірінің  әдеби  жәдігерліктері  олардың 

жинақталу,  зерттелу  жайы  сөз  болып,  Ақтөбе  өңірі  ақын-жазушыларының  әдеби  мұралары  мен 

аймақтық әдебиеттану мәселелеріне назар аударылады. 

Түйінді  сөздер:  Қазақстанның  батыс  өңірі  әдебиеті,  Ақтөбе  өңірі  әдебиеті,  аймақтық 

әдебиеттану мәселелері. 

  

 Елбасы  Н  Ә  Назарбаев  өзінің  «Болашаққа  бағдар  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық 



мақаласында  ұлттық  құндылықтарды  өскелең  ұрпаққа  насихаттау,  олардың  бойына  ұлттық  рух 

нәрін молырақ себу мәселесі нақты айтылған. Рухани байлықтың адам өмірінде алар орны ерекше 

екені  әлмисақтан  белгілі  жайт,  дау  тудырмас  ақиқат.  Көшпелі  мәдениеттегі  қазақтардың  ұлттық 

рухани байлығына өзге ел оқымыстылары В.Радлов, Г.Потанин, П.М.Мелоранский, т.б. таңғалып, 

тамсана жазды.  

Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті өзінің құнары жағынан да көлемі жөнінен де ғаламдық 

фольклор  мұраларының  арасында  көш  бастап  тұр.  Мұндай  мол  рухани  құндылықтарымыздың 



399 

 

тарихи-мәдени  мәнімен  көркемдік  жағынан  осыдан  екі  ғасырдай  бұрын  шетелдік  ғалымдар  оң 



пікір білдірсе кейін орыс фольклор танушыларымен отандық зерттеушілеріміздің еңбектерінде де 

толыққанды  салиқалы  да  терең  көземелер  жасалып,  жоғарыдағы  пайым  ғылыми  тұрғыда 

дәлелденді.  Қазақтың  қай  даласы  да  әрқашан  да  аузымен  құс  тістеген  арқалы  ақындарға,  елін 

жерін қорғаған ержүрек батырларға, от ауызды орақ тілді шешендерге кең де болған жоқ.  

Халық – жасампаз.  Әр халықтың да өз тарихы мен мәдениеті, өз тарихының 

шежіресі


,  өз 

мәдениетінің  асылы  тәрізді  көркем  әдебиеті  бар.  Халық  арасынан  талай  саңлақ  жыраулар  мен 

жыршылар,  бармағынан  өнер  төгілген  күйшілер  шыққан.  Талант-гүл,  халық  соның  нәр  алар 

топырағы.  Қазақ  табиғатынан  ақын  халық.  Ұлы  Қазан  төңкерісіне  дейін  сан  ғасыр  байтақ  дала 

төсінде  көбіне  көші-қоңды  күндер  кешкен  халқымыз  қуаныш,  күйінішін  –  жан  сезімін  жырмен 

ағытқан, өлең – ақыл мен ойдың кені, даналық сөз өнерінде деп қадірлеген.  

Қазақ  өнерінен  тау  өзеніндей  тасқын  жырлы  ақпа  жыраулар,  олардың  сөзін  таратушы 

жыршылар көп шыққан. Әр дәуірде де ақын, жыраулық, жыршылық өнерді дарынды ұрпақ өнеге 

тұтқан.  Өмір  сырын  мол  сезініп,  санаға  жазған  дала  даналары  халқын  елдікке,  ерлікке  үндеген, 

қайғысына  қабырғасы  қайысып,  қуанышына  жүрек  жарды  жыр  төккен.  Мұндай  озық  дәстүр 

сипаттарын  ақын  жырының  идеялық-көркемдік  сапасынан  нақты,  әрі  затты  тануға  болады. 

Халықтық, ілгерішіл дәстүрдің басты белгісі – шығарма қандай формада келмесін, айтушы қандай 

мәнерімен  айтпасын  –  оның  идеялық  мәні  мен  өмірлік  мазмұнында,  шыншылдығы  мен 

шынайылығында  жатады.  Егеменді  елдің  өміріндегі  оң  өзгерістерге  орай  Қазақстанның  батыс 

өңірі  әдебиетінде  есімі  аталмай,  еңбектері  насихатталмай  жүрген  көптеген  ақын-жазушылар 

шығармашылығы қайта жаңғырды. Дегенмен, әлі де зерттеуін күтіп жатқан тың дүниелер де бар. 

Олардың дер кезінде қолға алынып, зерттеуіне әлі де түрлі бөгесіндер болып тұр.  

Қазақстан  батыс  өңірінің  әдебиетін  жинауда  «Жаңа  дәуірдегі  қазақ  әдебиетінің  даму 

заңдылықтары  (ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасырдың  бас  кезі)»  ғылыми-зерттеу  жобасы  авторларының 

құрамында көрнекті әдебиетшілер мен белгілі әдебиет зерттеуші мамандар атсалысты. Филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  С.А.  Қасқабасов  («Махамбет  Өтемісұлы»),  ҚР  ҰҒА 

академигі, 

филология 

ғылымдарының 

докторы, 

профессор 

Қ.Жұмалиев 

(«Шернияз 

Жарылғасұлы»),  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ә.  Дербісалин  («Шөже 

Қаржаубайұлы»), филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сыдиықов («Абыл Тілеуұлы», «Нұрым 

Шыршығұлұлы»)  туралы  тарауларды  жазды.  Зерттеу  жұмысында  еңбектері  ғылыми  айналымға 

тартылды  [1,  60-61].  Қазақстан  батыс  өңірінің  60-80  жылдардағы  қазақ  әдебиеті  «Х.Ерғалиев», 

«Ж.Молдағалиев»,  «Т.Ахтанов»,  «Қадыр  Мырза-Әли»,  «Ә.Кекілбаев»  сынды  сол  дәуірде  үздік 

табыстарымен көзге түскен ақын-жазушылардың шығармашылық портреттерінен тұрады.  

Аймақтық  әдебиеттану  проблемасы  -  соңғы  жиырма  жылдың  дидарында  ерекше  қолға 

алынып,  көтеріле  бастаған  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  бір  саласы.  Ұлттық  ерекшелігімізге 

орай  белгілі  бір  регионның,  не  аймақтың  әдеби  мұралары  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Бұл  тұрғыдан 

алғанда Ақтөбе өңірі ежелгі мұраларға өте бай, ірі эпикалық ауданға жатады. Ол мұралар туралы 

кезінде  академик  Қ.  Жұмалиев,  М.  Ғабдуллин,  Ә.  Тәжібаев,  Ә.  Дербісалин,  Р.  Бердібаев,  Т. 

Кәкішевтер  оң  пікірлерін  білдірген.  Оған  облыс  территориясындағы  небір  көмейінен  жыры 

төгілген ақын-жыраулары мен от тілді, орақ ауызды шешен-билері, өнерімен тәнті еткен біртуар 

саңлақтары  куә.  Олардың  қатарына  шығармашылығы  аз-мұз  баспа  бетін  көріп,  есімдері  халық 

арасына  кеңінен  тараған  Шернияз  Жарылғасынұлы,  Әбубәкір  Кердері,  Ақтан  Керейұлы,  Сары 

Батақұлы,  беріректегі  Нұрпейіс  Байғанин,  Құрманәлі  Дәуітұлдарымен  қоса,  кешегі  егемендік 

алғанға  дейін  есімдерін  атауға  мүмкіндік  болмаған  Мөңке  би,  Ақпан  Әйітбекұлы,  Сарышолақ 

Боранбайұлы, Қожахмет Бұжыртегі, Кете Қазақбай, Әкімгерей Қостанов, Ашубай Жарымбетұлы, 

Құтаяқ Сейітұлы, Сенбай Төлегенұлы, Әлима, Бақи, Таразылар бар. Бұлардың сыртында әртүрлі 

себептермен  ұмытылған  ақын-жыраулар  қаншама?!  Соның  өзінде  олардың  шығармаларының 

кейбір  үзінділері,  жұрнақтары,  халықтың  рухани  қажетін  өтеуге  керек  болғандықтан,  ауыздан- 

ауызға көшіп, бүгінгі күнге дейін жетті.  

Тек тәуелсіздікке қол жеткен соң ғана орынсыз, ретсіз күсталанған ұлттық поэзиямыздың 

хас  жүйріктері  қайта  ақталып,  еңбектері  қауымның  игілігіне  айналды.  Мөңке,  Сарышолақ, 

Ашубай  есімдері  «Қазақ  әдебиеті  энциклопедиясы»  сияқты  құнды  еңбекке  енді.  Ал  Нұрпейіс 

Байғанин  шығармалары  түп  нұсқасы  бойынша  қайыра  басылып,  тәуелсіз  жыршысы  Сарышолақ 




400 

 

Боранбайұлы,  атақты  эпик  ақын  Жөкей  Шаңғытбайұлы  шығармалары  орталық  басылымдардан 



шықты.  

Жәкібай  Сағымбайұлы,  Сидақ  Дайранбайұлы,  Закария  Шоқаев,  Бақтыгерей  Науқанов, 

Құрманәлі  Дәуітов,  Мәлік  Әлмұратовтардың  поэмалары,  дастандары,  өлең  жырлары  еніп  жарық 

көрді.  Бұл,  әрине,  өңір  әдебиеті  зерттеліп  бітті  деген  сөз  емес,  бұлар  тек  ғажайып  мол  мұраның 

алғашқы бастаулары, алғашқы игі әрекет, қадамдары ғана. Есімдері исі қазақ жұртына мәшһүр – 

Шернияз  Жарылғасынұлы,  Сары  Батақұлы,  Әбубәкір,  Тәңірберді  мұралары  толық  жинақталып, 

ғылыми айналымға түсуде. «Қазақ әдебиеттану ғылымында «эпикалық аймақ» болып есептелетін 

Ақтөбе  облысында  бұл  жұмыстар  жалғасын  табуда.  Қазақ  жерін  –  алтын  тұғырым,  Ақтөбем  – 

туған жерім деп санайтын айтулы өнерпаздар, ірі-ірі тұлғалар мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері, 

өлеңмен  өрмек  өрген  жыр  дүлділдері  мен  қарасөзбен  жырлаған  сөз  зергерлері  де  баршылық. 

Кешегі  кеңестік  заманының  алмағайып  кезеңінде  өмір  сүріп,  дүниеден  озған,  артына  бай  әдеби 

мұра  қалдырған  Сағыр  Камалов,  Бернияз  Күлеев,  Ғалым  Ахмедов,  Сағи  Жиенбаев,  Ізтай 

Мамбетов,  Тобық  Жармағамбетов,  Сәбит  Баймолдиндер  мен  Өтежан  Нұрғалиев,  Есенбай 

Дүйсенбаев,  Мұхтар  Құрманалин,  Қажығали  Мұхамедқалиев,  Құрал  Тоқмурзин,  Үмбетбай 

Уайдин,  Мәндібай  Төрежановтардың  шығармаларын  жаңа  заман  талабына  сай  қайта  ғылыми 

тұрғыдан талдау керек деп ойлаймыз. 

«Ол  үшін  төмендегі  бағыттағы  мәселелер  зерттеліп,  шешілуі  керек  және  филология 

ғылымының докторы ,профессор А.Мусаевтың пікірлерін басшылыққа алған жөн деп есептейміз» 

[3, 306] деген пікірді басшылыққа аламыз:  

- Ақтөбе өңірінің Қазақ хандығы құрылғаннан бергі сөз мұрасы, қол өнері мұрасы және  

сөз өнері мұрасы;  

- Ақтөбе өңірінің Алтын Орда және Қазақ хандығы тұсындағы әдебиеті;  

- XIX ғасырдағы әдебиеті мен өнері;  

- XIX ғасырдағы жазба әдебиеті және өнері;  

- Би-шешендер мұралары (Мөңке би, Нияз би, Жетес би т.б дәстүрлерін зерттеу) .  

Ақтөбе  өңірі  –  ертеден  батырлар  мен  ақындардың  елі  атанған,  тамыры  терең  тарихы, 

жомарт жері мен еңбеккер елі бар қасиетті мекен. Әбілқайыр ханның ордасы қонған, Қобыланды 

батырдың қонысы болған  осы топырақ – небір шайырлар  мен билердің, сөз зергерлерінің кіндік 

қаны  тамған  жер.  Асанқайғыдан  бастау  алып  дархан  даламызда  салтанат  құрып  келе  жатқан  сөз 

өнері керуенінің қоржынын толтырып, ата-бабаның аманатын болашаққа жеткізу бүгінгі буынның 

еншісінде.  

  

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 4-том. Алматы. ҚАЗақпарат., 2005. - 438-б.  

2. Мұсаев А. «Әйтеке би аймағының этномәдени мұрасы » Ақтөбе; 2006.  

3. Ақтан Керейұлы және аймақтық әдебиетттану мәселелері» атты республикалық ғылыми-  

тәжірибелік конференция материалдары. Ақтөбе-2010. 446 бет.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




401 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет