Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет199/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   218
Түйінді  сөздер:  ақын-жыраулар,  жыраулар  поэзиясындағы  жан  толғаныстары, 

психологизм, рухани жаңғыру 

 

Жыраулар  поэзиясының  ішкі  көркемдік  сымбаты  ұлттық  дүниетанымның  бір  кезеңінің 



көрінісі  іспетті.  Жалпы  «жыраулар  адам  жан-дүниесін  аса  терең,  жан-жақты  суреттеуден  гөрі 

қысқа  да  шола  суреттеуді,  сол  кездегі  оқиғаға  байланысты  бейнелерді  машық  еткен»  [1,  11],  - 

дейді  ақын-жыраулар  поэзиясын зерттеуші  Қ.Сыдиқов. Дегенмен де жыраулар поэзиясында ішкі 

монологқа құрылған, ішкі тебіреністі бейнелейтін толғаулар көп. Мысалы: Ақтамберді жыраудың 

«Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын толғауы ақынның алдына қойған арман-мақсатын айқын 

танытып,  ішкі  ойынан  хабар  береді.  Жастайынан  жоқшылықты  көп  көрген  ақын  жалғыздығына, 

кедейшілігіне өкіне, шерлене сөз толғайды: 

Жағама қолдың тигенін, 

Жалғыздық, сенен көремін. 

Жамаулы киім кигенім,  

Жарлылық, сенен көремін. 

 

Атадан тудым жалқы боп, 



Жақыннан көрдім талқы көп. 

Жасым жетпей он беске, 

Қорғайтын жан адам жоқ [2]. 

Сонда  да  жырау  жақын-жуықтар  түрткісін  көп  көрсе  де  олардан  кек  алуды  ойламаған. 

Пендешіліктерден өзін жоғары ұстай білген. 

Жақыннан көрдім қорлықты, 

................................................. 

Он жетіге жас толды, 

Көңілім сонда орнықты. 

Жауласарға жау емес, 

Дауласарға дау емес, 

Жақынға қылман зорлықты! [2] 




391 

 

Ақын тек өз мүддесін емес, ел тағдырын ойлауға серт  береді. Сырт жаулардың көрсеткен 



қорлық-зорлықтарына ақын қабырғасы қайыса қайғырады. 

Дұшпаннан көрген қорлығым 

Сары су болды жүрекке [2], - 

деп  жанына  аяздай  батқан  бүкіл  халықтың  мұңын  мұңдап,  халық  шерін  өз  атынан 

толғайды. Осы жолдар арқылы көрген қорлықтың жанына қатты батқанын аңғартып тұр. Жүрекке 

сары су болған қайғы – ақын жан-дүниесіндегі ауыр төңкеріс.  

Ақынның өзі туралы айтқан мына бір жолдарын оқып көрсек: 

Торлаусыз өскен құланмын,  

Мезгілсіз жусап өлермін. 

Байраққа біткен құрақпын, 

Саусағым жерге түсірмен. 

Жапанға біткен терекпін, 

Еңсемнен жел соқса да теңселмен. 

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын

Балталасаң да айрылман. 

Сыртым құрыш, жүзім болат, 

Тасқа да салсаң майрылман [3]. 

Бұл жердегі торлаусыз өскен құлан – еркіндіктің, байраққа біткен құрақ – ерліктің символы. 

Өзін бейнелеген эпитеттер мен ауыстырулар  көз алдымызға өршіл де асқақ ер тұлғасын әкеледі. 

«Жапанға  біткен  тірекпін»  деп  жалғыздығын  айтса,  сол  жалғыз  теректің  еңсесінен  жел  соқса  да 

теңселмейтіні  –  қайсарлылықтың,  қажырлылықтың  белгісі.  «Қарағайға  қарсы  біткен  бұтақпын, 

балталасаң  да  айрылман»,  -  деп  ақын  ержүректілігінен  де  хабар  береді.  Тасқа  да  салса 

майрылмайтын  сырты  құрыш,  жүзі  болат  нағыз  азамат  ердің  бейнесі  емес  пе?  Бұлардың  бәрі  – 

ішкі психологиясының көріністері. 

Осындай бейнелеу Жиембет жырауда да кездеседі. 

Менің ерлігімді сұрасаң, 

Жолбарыс пен аюдай. 

Өрлігімді сұрасаң, 

Жылқының асау тайындай. 

Зорлығымды сұрасаң, 

Бекіре мен жайындай. 

Беріктігім сұраса, 

Қарағай мен қайыңдай [4]. 

Халық  ауыз  әдебиетінің  жетістіктерін  жете  меңгерген  ақын  өз  бойындағы  қасиеттерді 

бейнелеу  үшін  жоғарыдағыдай  тамаша  теңеулер  қолданған.  Сол  теңеулерді  қолдана  отырып, 

жырау өзінің тұлғасын сомдайды және ішкі дүниесінен де хабар береді. 

Қазақтың  халық  поэзиясымен  біте  қайнасып  кеткен  сөз  өрнектерін  ақын-жыраулар 

туындыларынан молынан ұшырастырамыз. Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауында» 

мынадай жолдар бар: 

Аспанда бұлт құрсайды- 

Күн жауарға ұқсайды, 

Көлдерде қулар шулайды –  

Көкшіліден ол айуан 

Соққы жегенге ұқсайды, 

Көп ішінде бір жалғыз –  

Көп мұңайып жылайды –  

Күйбеңдескен көп жаман 

Сөзі тигенге ұқсайды! [2, 23] 

Халық  ауыз  әдебиетімен  сусындаған  ақынның  сөз  қолданыстары  өзіндік  бетін,  өзіне  тән 

шеберлігін де айқын танытады.   Ақын психологиялық параллелизм тәсілі арқылы  «көп ішіндегі 

бір  жалғыздың»  мұңын  білдіреді.  Бұл  жердегі  «көп  ішіндегі  жалғыз»  –  ақын    бейнесі.  Жырау 

жалғыздықтан жапа шеккен күйін ашық бейнелейді. Моральдық-психологиялық толғаныстарымен 




392 

 

ерекше  көзге  түсетін  философ-ақын  Асан  қайғы  толғауларының  да  поэтикалық  тілі  бай.  Асан 



қайғы мен Әз Жәнібек хан арасындағы қайшылықтарды мына төмендегі жолдардан көреміз: 

Құладын құстың құлы еді... 

Аққу – құстың төресі. 

Ақ мамығын тараған. 

Тұңғиыққа қараған. 

Аққу көлдің көркі еді, 

Ерте-кеш көлде әндеген. 

Әнімен көлді сәндеген, 

Қу көлдегі ерке еді. 

Құладынға ілдіріп, 

Ақ мамығын жұлдырдың...! [3, 61] 

Ақын  Жәнібек  ханның  ел  басшысына  лайық  істермен  айналыспайтынын  бетіне  басып, 

батыл  сынайды.  Аққудай  момын  құстың  жыртқыш  құсқа  зәбірленуін  озбырлықтың  символы 

ретінде ұтқыр бейнелеген. Сұлуды өз теңіне бермей, өзі сүймеген жетесіз жанға қосқанына ақын 

қатты наразылық білдіреді. Құстың төресі,  еркесі,  аруы  – аққудың ақ мамығын жұлдырған, яғни 

панасыз ару жанды аяусыз зәбірлеген хан ісіне, әділетсіздігіне күйінеді. 

Бұқар жыраудағы: 

 

Көкте бұлт сөгілсе, 



Көктеп болмас, не пайда; 

Көкіректен жан шықса, 

Қайтып келмес, не пайда?! [2, 80]. 

 

немесе 



Бұл жалғанда бір жаман- 

Ағайынның аласы [2, 81]. 

 

немесе 


Ақсам батпай күн шықпас, 

Ажал жетпей жан шықпас... 

Қара қойдың терісін, 

Сабындап жусаң ағармас, 

Қалған көңіл табылмас... [2, 100]. 

Өмір  жалғандығы,  ағайын  татулығы,  ел  бірлігі,  адамның  көңіл-күйі,  сезімдері  туралы 

бейнелі ақыл-нақылдар бүгінгі ұрпаққа ғибрат болып қалған. Жыраудың әр жастағы адамдардың 

ішкі сезімдері, мінез ерекшеліктері, әдет-дағдылары түрлі-түрлі болып келетіндігі туралы толғаған 

ойлары  қызықты.  Жігіттік  шақ  пен  кәрілік  шаққа  айрықша  көңіл  бөле  толғанады.  Кәрілік 

құпиясына ерекше үңіліп, қарттықтың сырын аңғартады. 

Жақындап ажал тұрса да, 

Жанына қылыш ұрса да, 

Қалжырап, көңілі қарайып, 

 

Қарауытып көзі тұрса да- 



Үмітін қоймас адамзат! [2, 104]. 

Қалжыраған,  қарайған  көңіл,  қарауытқан  көз  арқылы  адам  жанының  бір  қалыпта  тұрмай, 

үнемі  қозғалыс  үстінде  болатынын  айтады.  Өмір  өзгеріп,  уақыт  озып,  адам  жанын  құбылтып, 

жастықты  кәрілік  жеңетінін  көрсеткенімен    адам  баласы  өле-өлгенше  үміт  отын  өшірмейтінін 

тамаша жеткізеді, яғни адам баласының оптимистік рухын баса көрсетеді. 

Терең ойға құрылған ғибратқа толы жолдар Шал ақында да көп-ақ. 

Жаманнан көрген қорлығың 

Көкірекке біткен шермен тең [2, 115]. 




393 

 

Мұндағы ақын жаны дұшпаннан көрген қорлығының жүрекке сары су болғанын көрсеткен 



жоғарыда мысалда келтірілген Ақтамберді жыраудың жан-дүниесімен қатарласып тұр. Шал ақын 

сезінген көкірекке біткен шер – жалпы адам баласының ішкі психологиясына тән жан күйі. 

Бір қалған соң көңілің 

Қаңтарда қатқан мұзбен тең [2, 115]. 

 Қалған көңілді қаңтарда қатқан мұзға балау да – адам жан күйінің бір ғана сәтін бейнелеу. 

Адам психологиясын дәл көрсете білген ақын қартайған шағында: 

Өткен еске түскенде құлазимын, 

Ақ киіктей айрылған ордасынан [2, 152]. 

Бірақ  жыр түйіндерінде құр қайғырудың зиянды екендігі айтылып, адам баласын сабырға 

шақырады. 

Махамбеттің  жалынды  жырларынан  күрескер  ақынның  «халқым»  деп  соққан  жүрегінің  

дүрсілін  естіп,  хан-сұлтандарға  деген  күндей  күркіреген,  найзағайдай  жарқылдаған  ашу-ызасын 

байқаймыз,  өз  кезеңінің  кескілескен  күрес  дүбірін  көреміз.  Ақын  толғаулары  еш  қоспасыз, 

реалистік  тебіреніспен  суреттеледі.  Қай  шығармасынан  да  заманының  озық  ойлы,  терең  сырлы 

табиғи талант иесінің психологиясы көрінеді. Ақындық «Меніне» ел мұңы, халық арманы, ерлігі, 

халықтың  асыл  қасиеттері  –  бәрі-бәрі  сыяды.  Махамбет  ақын  «Қызғыш  құс»  өлеңінде  өз 

басындағы  күйінішін  егіздеу  тәсілімен  жеткізген.  Исатай  өлгеннен  кейінгі  өз  басындағы 

ауыртпалықты,  жалғыздығын,  құсалықпен  өткен  күндерін  лашын  құстан  зәбір  көрген  қызғыш 

құспен қатар бейнелейді: 

 

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, 



Қанатың қатты, мойның бос. 

Исатайдан айрылып, 

Жалғыздықпен болдым дос. 

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! 

Ел қорыған мен едім, 

Мен де айрылдым елімнен, 

Көл қорыған сен едің

Сен де айрылдың көліңнен. 

Аспандап ұшқан қызғыш құс! 

Сені көлден айырған – 

Лашын құстың тепкіні. 

Мені елден айырған – 

Хан Жәңгірдің екпіні [5, 192]. 

«Поэзияда  тұрақты  образдар  жүйесі  мен  символдар  қалыптасып,  кейінгі  әдебиеттің 

дамуына,  шарықтап,  кемелденуіне,  толысып,  нығаюына  көмектеседі.  Өлең  өмір  шындығына 

тамырын терең жаяды да, өнерлік сипаттарды молынан қамтиды. Ол ұқсастыру мен шендестіруге 

салыстыру  мен  әсірелеулерге  т.б.  поэзиялық  амал-тәсілдерге,  яғни  синтездік  құдіреттерге 

сүйенеді» [6, 24], - дейді зерттеуші С.Негимов.  Ғибраттық,  даналық  сазы  басым,  философиялық  

толғамдары  мол  кестелі  ойларға  құрылған  жыраулар  поэзиясы  –  әдебиетіміздің  даму  деңгейін 

білдіретін өзіндік ерекшелігімен дараланатын біртұтас әлем. 

«Әрбір  елдің  тарихы,  оның  мәдениеті,  әдебиетінің  шежіресі  жалаң  ойдан  жасалмайды, 

ежелгі  жазба  мұраларға,  шежірелерге  сүйеніп  жасалады»  [7,  108],  -  деген  зерттеуші 

М.Жолдасбеков тұжырымына сүйеніп, психологизмнің де алғашқы элементтері сонау көне заман 

туындыларын жатқанына көз жеткіздік.  Психологиялық  талдау,  ішкі  монолог,  жан  әлеміндегі 

арпалыс, тебіреніс, кейіпкер ойының жан-жаққа жүгіруі, бір адамның өз-өзімен бір мәмілеге келе 

алмай жанталасуы, адамның  соны шешімге, характерге бой ұруы, яки жан диалектикасы, әдебиет 

зерттеушісі Ш.Елеукеновтің айтуынша, қазақ әдебиетінде алдымен лирика жанрында өріс алды [8, 

187].  Қазақ    поэзиясы  әлемдік  поэзияға  тән  ортақ  арнада  тоғысқанмен  де,  қазақ  өлеңі  кейбір 

өзіндік  сипаттарымен  ерекшеленеді.  Ол  ерекшеліктер  психологизмнің  бүгінгі  деңгейіне  көтерілу 

сипатында көрінеді. 




394 

 

Ақын-жыраулардың терең астарлы, ұшқыр да ұтымды, тағлымды нақылдары бүгінге өлмес 



мұра  болып  келді,  әлі  де  жасай  бермек.  Жыраулар  толғауларының  өміршеңдігі  өлеңнің 

поэтикалық  қуатында,  ой  тереңдігінде,  психологиялық  мазмұнға  толы  сыршылдығында  жатыр. 

Жыраулар поэзиясы сол дәуір талабы тұрғысынан қарап, баға беруді талап етеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1 Сыдиқов Қ. Көркемдік өрнектер. – Алматы: Рауан, 1992. – 80 б. 

2 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 176 б. 

3  Алдаспан. Қазақ ақын-жырауларының шығармалар жинағы.  – Алматы: Жазушы, 1971.  – 

279 б. 

4 Бекмұхамедов М. Жақсы үгіт. – Қазан: Ағайынды Наримановтар баспасы, 1908. – 24 б. 

5 Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. 1-том. – Алматы: Жазушы, 1989. – 384 б. 

6 Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі 

7 Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Жазушы, 1986. – 328 б. 

8 Елеукенов Ш. Мағжан шығармаларындағы психологизм. // Жұлдыз, 1994, № 10-12. – 187-

198-бб. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет