Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет88/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   218
Түйінді сөздер: көші-қон, механикалық өсім, уезд, санақ, демография. 

 

Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  кезеңде  елдегі  қалыптасқан  демографиялық  ахуалға  орай 



тарихи-демографиялық  мазмұндағы  зерттеу  жұмыстарының  маңызы  арта  түсті.  Ел  президенті 

Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында еліміздің демографиялық даму 

мәселелеріне баса назар аудара отырып  «ұлттық  қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты 



189 

 

демографиялық  және  көші-қон  саясаты  шығарылуы  тиіс»,-деп  еліміздің  демографиялық  және 



көші-қон  саясатын  жетекші  басымдықтар  қатарына  жатқызады  [1].   Қазіргі  кезеңдегі  еліміздің 

демографиялық  даму  жағдайы  өткен  тарихымызбен  тығыз  байланысты.  Себебі  әлеуметтік-

экономикалық  және  саяси  дамуымыз  секілді  этнодемографиялық  даму  тарихымызда  бір-бірімен 

сабақтас. Халықтың сандық өсімі, табиғи және механикалық өсімі, ұлттық, әлеуметтік құрамы мен 

жыныстық-жастық құрылымындағы өзгерістер тарихы бір-бірімен сабақтас. Сондықтан да қазіргі 

таңдағы демографиялық ахуалды талдау, осыған орай демографиялық дамуды бағдарлау міндетті 

түрде өткен тарихты білуді, терең де жан-жақты саралап, зерттеуді қажет етеді.  

Көші-қон  процестері  ХХ  ғасырдағы  Қазақстанның  этно-демографиялық  дамуында, 

халықтың  көп  ұлттануында  ерекше,  басты  рөл  атқарды.  Халықтың  жалпы  санының  өсуі  табиғи 

қозғалыспен қатар көші-қон  процестеріне тікелей байланысты. Қазақстан жеріне көші-қоншылар 

ХVІ  ғасырдан  бастап-ақ  аяқ  басқан  1861-1919  жылдары  1544049  адам  көшіп  келген  екен.  І-

Петрдің  Шығысқа  байланысты  жоспарларының  тұсауын  кескен  жері  де  –  Маңғыстау.  Орыс 

әскерлері  І  Петрдің  бұйрығымен    түбекте  Қарағантүп,  Кендірлі  қамалдарын  да  сала  бастаған. 

Алайда, құрылыс аяқсыз қалған. Каспий теңізіндегі алғашқы орыс параходтары 1846 жылы пайда 

болды. 1846-1858 жылдары аралығында Маңғыстауға барлығы 49 отбасы көшіп келді. 1852 жылы 

15 отбасы балық аулауды кәсіп етсе, 1868 жылы 25 отбасы балық аулаумен айналысты. 

ХІХ  ғасырдың  2-жартысынан  бастап  орыс,  украин,  поляк  және  т.б.  шаруалары  да  көшіп 

келе бастады. Мұны 1870 жылғы және 1897 жылғы санақтары аралығындағы Маңғыстауды мекен 

еткен  шаруалар  санының  өскендігінен  байқаймыз.  Олардың  бірқатары  еркіндік  алғанымен  жері 

болмағандықтан амалсыздан қалаға келіп, болашақ жұмысшы табының негізін құрады. 1897 жылы 

санақта көші-қоншылар туылған жеріне байланысты жіктелінеді. Мысалы, Маңғышлақ  уезіне 20 

адам  Каспий  сырты  облысының  басқа  аймақтарынан,  1443  адам  басқа  губерниялардан,  ал  655 

адам шетелдерден келіп қоныстанған. Көші-қоншылар көбінесе Форт-Александровскіні мекендеді. 

Көші-қоншыларды сословиелік ерекшелігі мен туылған жерлеріне байланысты нақтыласақ, шаруа, 

казак  және  шетелдік  қоныстанушылары  бар  ауылда  есептелінген  18  адам  губернияның  басқа 

уездерінен келген, 1191 адам басқа губерниялардан келген [2]. 

1897  жылғы  санақ  бойынша,  Маңғышлақ  уезінде  барлығы  1669  адам  (1007  ер,  662  әйел) 

жергілікті  тұрғын  емес,  сырттан  көшіп  келгендер  тіркелді:  Хиуа  хандығынан  –  650  адам 

(түрікмендер),  Европалық  Ресейден  1301  адам  (864  ер,  437  әйел)  және  т.б.  Тамбов  (277), 

Нижегородск  (2005  адам)  және  Астрахань  (328  адам)  облыстарынан  Маңғыстау  жеріне  көшіп 

келгендер,  саны  Ресейдің  басқа  облыстарынан  келгендерге  қарағанда  салыстырмалы  түрде  көп 

болды.  Сонымен,  ХІХ  ғасырдың  соңына  қарай  Маңғыстауда  полиэтникалық  халық  құрамының 

негізі  қаланып,  көші-қон    процестері  белсендіріле  бастады.  Көші-қон  халықтың  демографиялық 

құрылымына  ғана  өзгеріс  әкелген  жоқ,  ең  бастысы,  жергілікті  халықтың  шұрайлы  жерлері  мен 

балық  кәсіпшілігіне  ыңғайлы  суларын  алып  қоюмен  қатар  жерді.  Алайда,  көші-қондық  ағымдар 

белең ала бастағанымен бұл санақта қазақтар негізгі көпшілік қалпында қалды. 

1900  жылғы  Маңғышлақ  уезіне  көшіп  келген  ұлттар  туралы  мәліметке  сүйенсек,  сырттан 

келгендердің  жалпы  саны  1462  адам  болды.  Олар  Маңғышлақ  уезінің  Форт  Александровск 

маңындағы слободада (297 адам), Николаевск поселкесінде (893 адам), Долгий селениесінде (247 

адам), Заворот селениесінде (23 адам) тұрақтаған. Негізгі көпшілігі орыстар 1199 адам. Сондай-ақ, 

85  түрікмен,  76  қырғыз,  54  армян,  24  текиндік,    14  татар,  8  парсы,  2  поляк  тіркеліпті.  Орыс 

ұлтынан өзгелері Форт-Александровскі жанындағы слободада ғана кездеседі. Діни сеніміне сәйкес 

сұрыптасақ,  олардың  1199-православ,    207-мұсылман,  54-армян-григорян,  1-протестант  және  1 

католик екен. Сословиелік ерекшелігіне сәйкес бөлгенде көпшілігі ауыл тұрғындары – 1248 адам, 

153-мещан, 27-діни атақтағылар, 9-дворян, шенеуніктер және 41-төменгі шендегілер мен казактар 

[3].


 

ХІХ  ғасыр  соңында  қазақ  жерінде  қоныстандыру  саясатын  мемлекеттік  тұрғыдан  жүйелі 

түрде жүргізу ниетімен ішкі істер министрлігі жанынан қоныс аудару басқармасын ашты. Қоныс 

аударушылардың  құқықтары  кеңейтілді,  жеңілдіктер  мен  көмек  ақылар,  несие  беру,  дәрігерлік, 

азық-түлік  көмектерін  беру  т.б.  шаралары  заңдандырылды.  Бұл  заңдар  қазақтарды  өздерінің 

жерлеріне  деген  құқықтарын  қорғаудан  айырды.  Осы  қоныс  аудару  басқармасының 

басшылығымен  1896-1905  жылдар  аралығында  Қазақстанның  4  облысына  қоныс  аударылғандар 



190 

 

мен мемлекеттің жәрдемінсіз өз беттерімен келушілер саны: қоныс аударушылар – 234134 адам, өз 



беттерімен  келгендер  96980  адам,  барлығы  291114  адам.1904-1905  жылдары  үкімет  орындары 

Қазақстанды  қоныс  аударатын  бес  ауданға  бөлді.  Олар  Торғай-Орал,  Ақмола,  Семей,  Сырдария 

және Жетісу аудандары еді, Көріп отырғанымыздай, Маңғыстау жері бұл тізімге ілікпеген. 1904-

1906 жылдары бұл аталған облыстардың бәрінде аудандық қоныстандыру мекемелері ашылды [4].

 

Столыпиннің  аграрлық  саясатының  құрамдас  бөлігі  1907-1917  жылдар  аралығында 



Орталық  Ресей  аудандарынан  шет  аймақтарға  шаруаларды  қоныстандырып,  отарлау  саясатын 

тереңдету  болды.  Осы  саясаттың  барысында  Қазақстанға  1907-1914  жылдар  аралығында  714395 

адам қоныстандырылған болатын [5]. 

Маңғыстау 

жері 

табиғи-географиялық 



ерекшелігіне 

байланысты 

шаруаларды 

қоныстандыруға  лайықты  аудан  есебінде  қарастырылмады.  Тіпті,  мұнда  1910  жылға  дейін 

қоныстандырушыларға  арналған  қор  ұйымдастырылған  жоқ.  1910  жылдан  бастап  сенатор 

К.К.Полен бұл өңірге шаруа-мұжықтарды қоныстандыру мүмкіндігін анықтау мақсатында алдын-

ала тексеру жүргізді. Маңғыстау өлкесіндегі түтін басылық есептің болмағандығына қарамастан, 

көшпелі мал шаруашылығымен айналысушы жергілікті халықтың мал басының санын, күн көріс 

мөлшерін  анықтау  кезінде  адамдар  санын  да  қарастырып  кетті.  Қоныс  аударушы  шаруалар, 

казактар Маңғыстау жеріне арнайы бөлінбегенімен біртіндеп көшіп келіп, тұрақтана бастады. 1897 

жылғы  санақта  да,  одан  кейінгі  жүргізілген  санақтарданда  Маңғыстау  жерінде  орыс,  украин, 

белорус  т.б.  ұлттың  енгендігін,  саны  мен  үлесінің  өсе  бастағандығын,  әлеуметтік  топтар  ретінде 

шаруалар, сондай-ақ казактар, мещандар т.б. сословиелік топтардың саны өсе бастағанын көреміз.  

Қоныстандыру  әлсіз  жүрген  аймақтарға  басқа  облыстардан  жерінен  қуылған  қазақтардың 

келуі Гурьев (177%), Маңғышлақ (113%), Темір (155%) уездеріндегі қазақтардың саны да үлесі де 

өскен.  Қоныстандыру  басқармасы  қазақтардың  «артық»  жерлерін  тартып  алып,  өздерін  қуып 

жіберу арқылы қазақтарды мәжбүрлі түрде орын ауыстыруға әкелді. Бұл кезеңдерде ішкі-сыртқы 

көші-қон ерекше белсенді түрде жүрді. Көші-қон айырымы оң сипатта болды. Республикадан тыс 

жерлерге  кетушілерден,  республикаға  сырттан  келушілер  саны  63898  мың  адамға  артық  еді. 

Республикаға  келуші  көші-қоншылар  Украина,  Волга  бойынан,  РКФСР-дың  орталық 

аудандарынан, Сібірден, Қиыр Шығыстан, Белоруссия мен Орта Азиядан келген [6]. 

ХХ  ғасыр  басындағы  саяси  оқиғалар  Қазан  төңкерісінің  жеңісі,  оның  алғашқы  декреттері 

мен    социалистік  қайта  құрулар  халықтың  орналасу  географиясындағы  өзгерістерге  әкеп 

соқтырды. Патша үкіметі кезіндегі отарлық саясат тұрғылықты халықты мекендеген жерлеріндегі 

құнарлы бөліктерінен айырып, тықсырғаны белгілі.  Төңкерістен кейін жергілікті халықты қоныс 

аударушылармен бірдей құқықтарын теңестіру  шаралары жүргізілді.  1920 жылдары қазақтардың 

суармалы  және  жауынды  жер  шаруашылығымен  айналысатын  аудандарға  экстенсивті  мал 

шаруашылығымен  айналысатын  аудандардан  көшіп,  орын  ауыстырғандығы  туралы  мәліметтер 

бар.  Әсіресе,  олардың  Орал,  Сібір,  Жетісу  және  Орынбор  казак  әскерлері  мен  отаршыл-

кулактардың жерлеріне қоныс аударғаны байқалды. 

Көші-қон  халықтың  кеңістіктегі  қозғалыстарға  икемділігін  көрсетеді.  Көші-қонға  саяси, 

табиғи-климаттық,  экологиялық,  этнографиялық,  тарихи  және  т.б.  факторлар  жиынтықта  және 

әртүрлі  қосынды  құбылыста  әсер  етеді.  Көші-қон  өткен  мен  қазіргі  кезеңдегі  және  болашақтағы 

тарихта маңызды рөл атқарады. 

1914-1917 жылдар аралығында Маңғышлақ уезінің халқы 72,4 мыңнан 73,1 мыңға (0,7 мың 

адамға) өскен. Қазақстан бойынша осы жылдары қазақтар саны 349 мың адамға, Батыс Қазақстан 

аймағы  бойынша  халық  саны  144,6  мыңға  кеміген.  Бұдан  көретініміз,  Қазақстан  бойынша  да, 

Батыс Қазақстан аймағы бойынша да алғанда халқы өскен Маңғышлақ уезі екен. 

Халықтың, соның ішінде қазақтар санының күрт кемуіне 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс 

кезіндегі  өлім-жітіммен  бірге  жазалаудан  қашқандардың  көші-қоны,  соғысқа  мобилизация-

ланғандар  мен  олардың  кері  қайту-қайтпауы  да  әсер  етті.  Маңғыстауда  1916  жылы  көтеріліс 

толқыны болды, алайда, ерекше тегеурінді жүрмеді. Жаппай қырғынға ұласқан жоқ. Сол себепті, 

керісінше, осы жылдары Маңғыстауға жазалаудан қашып келгендер де болды деуге болады. Мұны 

1914-1917  жылдар  аралығындағы  өңір  халқының  0,7  мыңға  өскенінен  байқаймыз.  Маңғышлақ 

уезінен 1916 жылы күзі мен қысында 3 мың адам реквизицияланғанын есепке алсақ, 1917 жылы 



191 

 

өңір  халқының  өсімі  тек  табиғи  өсім  арқылы  емес,  басқа  өңірлерден  келушілердің  механикалық 



қозғалысы арқасында деген ұғым шындыққа сәйкес келеді. 

Қазақ АКСР-іне 1920 жылы енгеннен кейін Маңғыстау халқының экстенсивті көшпелі мал 

шаруашылығымен  айналысу  ерекшелігі  бір  орыннан  екінші  орынға,  үш  республиканың  –  Қазақ 

АКСР-і, Хорезм республикасы және Түркістан республикасы жерлерінде малға жайылымдық жер 

іздеп  көшіп-қонып  жүруіне  әкелді.  1916  жылғы  қозғалыс,  азамат  соғысы,  1921-22  жылдардағы 

ашаршылық  кезіндегі  өздерінің  тарихи  отанына  кері  қайтуы  негізінде  Маңғыстау  өңіріндегі 

түрікмендер саны 178 адамға (0,1%-ға) кеміді. Сондай-ақ, 1920-1923 жылдар аралығында уездегі 

қазақтар саны 220 адамға төмендеді. 

1926 жылы республикада да, Маңғыстауда да қазақ емес ұлттардың  көші-қоны арқасында 

өзгеше  этнодемографиялық  жағдай  қалыптасты.  Орыс,  украин  ұлты  өкілдерінің  саны  мен  үлесі 

өсті. Маңғыстаудағы ерекшелік – қазақтар абсолюттік көпшілік статусын сақтап қалды. 1926-1939 

жылдар аралығында Маңғыстау өңіріндегі халықтардың саны ғана өзгеріске ұшырап қойған жоқ 

оның  әлеуметтік,  ұлттық  құрамында  да  ірі  өзгерістер  болды.  Ол  өзгерістердің  негізгі  себебі  – 

көші-қон  процестеріне  тікелей  қатысты.  1928  жылы  басталған  байларды  тәркілеу  де  жер 

аударулармен байланысты көші-қонды туғызды. 

1927-28  жылдардағы  Маңғыстаудағы  жұт  зардабын  апат  деп  атаймыз.  Ашаршылыққа 

ұшырап күйзелген Маңғыстау халқы Түрікменстан жеріне дендеп кіріп, одан ары Иранға жұмыс 

іздеп,  тамақ  табудың  амалын  қарастыруға  кірісті.  1928  жылы  жұтта  біршама  отбасылардың 

Түрікменстан  мен  Тәжікстанға  барып  паналағаны  жөнінде  мәліметтер  бар.  Қазақтардың  шет 

жерлерге ауа көшуі 1927 жылдан кейін көпшілік сипат алды. Біраз қазақтар Красноводск, Жебелі, 

Байрамәлі,  Тедженде,  Чарджоу  округы  мен  Өзбекстанға  барып  орнықты.  Мұрағат  құжаттарында 

Красноводскіге – 1000, Байрамәліге – 500, Тедженге – 100 шаруашылық кеткендігі айтылды [7].  

Форт-Александровск  қаласы  тұрғындарының  саны  1927-1931  жылдары  аралығында  2,1 

мың адам деп есептелінсе, 1932 жылы 3,1 мың, 1933 жылы  – 5,7 мың 1934 жылы – 4,9 мың, 1935 

жылы  –  4,9  мың,  1936  жылы  –  4,9  мың,  ал  1937  жылы  –  3,0  мың  болып  өзгергенін,  кемігенін 

көреміз.  Сандық  динамикасына  келсек,  1927-1933  жылдар  аралығындағы  күрт  өсуін  табиғи  

өсіммен бірге механикалық өсімнің жоғары болғандығынан деп түсіну керек. Осы облысқа көшіп 

келушілердің негізгі  бөлігі  Қазақстан халық шаруашылығын  социалистік жолмен қайта құрудың 

алғашқы  жылдарында  «интернационалдық»  көмек  көрсетуге  келгендер  еді.  Көмектерін  бағалай 

отырып,  олардың  барлығын  өз  істерінің  мамандары  деп  айту  қиын.  Мысалы,  Қазақ  АКСР-інің 

Бүкілодақтық  Атқару  Комитетіндегі  өкілі  1927  жылы  11  мамырында  Ресей  Федерациясы  халық 

комиссарлар Кеңесіне Қазақстанға мамандарды жібергенде берілетін жеңілдіктерді өзгерту туралы 

жіберілген  ұсынысында  былай  деп  мәлімдеген:  «...Қазақстанға  қызметке  келетін  мамандардың  

көпшілігінің  не  біліктілігі  нашар,  не  олар  Қазақстанға  өз  еріктерімен  келмейді  немесе  жалған 

мамандар болып табылады» [8].

 

Халық санының бірде кеміп, бірде өсуі көшпелі халықтың нақты тұрақтауы мен адамдарды 



шаруашылық  белгісіне  байланысты  орналасуы  мен  территориялық  өзгерістерге,  сондай-ақ,  1937 

жылғы  санақты  өткізу  кезіндегі  адам  санын  тіркеу  кезіндегі  тиянақтылыққа  байланысты  деп 

ойлаймын.  Сонымен,  1926-1939  жылдар  санақтары  арасындағы  кезең  халық  қозғалысының 

белсенділігімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде Қазақстанға өзге республикалардан келгендер туралы 

ғана мағлұматтарды көруге болады (кулактық жер аудару, ұйымдастырылған және стихиялы түрде 

жүргізілген  аграрлық  қоныс  аудару,  депортацияның  алғашқы  кезеңі).  Жаңашаландыру 

(модернизация)  дәуіріндегі  шаруаларды  күштеп  ұжымдастыру  науқаны,  көшпелі  және  жартылай 

көшпелі  аудандардағы  шаруаларды  отырықшылыққа  мәжбүрлі  көшіру  шаралары  дәстүрлі 

шаруашылық  түрін  өзгертумен  байланысты  болғаны  белгілі.  Демографиялық  апатқа  ұшыратқан 

ашаршылық  Маңғыстау  жерінде  Қазақстанның  өзге  өңірлеріне  қарағанда  ерте  басталды.  1927-

1928  жылдардағы  «Аққоян»  жұты  Маңғыстау  халқын  жан-жаққа  босытты,  мал  қырылып, 

адамдардың жаппай өлуі белең алды. Қай санақ материалдарын қарамасақ та, Қазақстан бойынша 

халық  санының  төменгі  өсімін  Маңғыстау  өңірі  бергенін  байқаймыз.  1897  ж.,  1920  ж.,  1926  ж., 

1939 ж. және 1959 ж. санақтар бойынша Маңғыстау өлкесінің халық өсімінің Қазақстанның өзге 

аймақтарына  қарағанда  төмен  болуының  себептерінің  бірі-сыртқы  көші-қон  процестерінің  бұл 



192 

 

аймақты  терең  қамтымағандығы  мен  табиғи  өсім  есебінен  халық  өсімінің  баяу  қарқында  дамуы 



болды. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі 

мен әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы: Білім, 1998. - 

96 б.  


2.  Первая  Всеобщая  перепись  населения  Российской  империи.  1897  г.  т.LХХХІІ. 

Закаспийская область.  -С.2-3. 

3. ҚРОМА. 40-қ., 14-тізбе, 824-іс,4-п.  

4. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. - Алматы: Санат, 1995. 35-б. 

5.  Алексеенко  Н.В.  Население  дореволюционного  Казахстана;  (Численность,  размещение, 

состав 1870-1914 гг.) Алма-Ата: 1981. -С.69. 

6. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-

1980). Алма-Ата: Ғылым, 1991. -С.50.  

7. К.Жаулин. «Аққоян жұты» // Отан тарихы. 1999, №2. 43 б.  

8. ҚРОМА., 196-қор, 1-тізбе, 663-іс, 52-п.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет