Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет91/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

ӘОЖ 94(574)  

 

ИСА - ДОСАН КӨТЕРІЛІСІ ҰЛТ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС 

 

Өтесова Г.Е. 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг  университеті, 

Қазақстан 

 

Андатпа.  Мақалада Маңғыстау тарихында ерекше орын алатын  1870жылы Маңғыстауда 

болған  Иса  Тіленбаев  пен  Досан  Тәжіұлы  бастаған  патшалы  Ресейдің  отаршылдық  саясатына 

қарсы  бағытталған  ұлт-  азаттық  көтерілістің  себептері,  жүру  барысы  және  нәтижесі  мен  тарихи 

маңызы туралы баяндалады.   

Түйінді сөздер:тәуелсіздік, көтеріліс, реформа,салық,Форт-  Александровск. 

  

Тарихи деректерге көз салсақ еліміз тәуелсіздік алғанға дейін туған жер,ел үшін,үш жүзден 



астам  көтеріліс  болғанын  көреміз.Солардың  қатарында  1870  жылы  Маңғыстау  өңірінде  болған 

көтерілістің орны ерекше. Күні бүгінге дейін бұл көтеріліс өз зерттеушісін күтіп ашылмай жатқан 

ақтаңдақ тұстарының жетерлік екені баршамызға мәлім. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің өріс 

алуына ықпал еткен және халықтың  бұрыннан буырқанып әбден ширатылып,шегіне жетіп тұрған 

ашу-ызасын  өртке  айналдырған  оқиға-Маңғышлақ  приставында  Адай  руын  басқарудың  жаңа 

ережесін  енгізудегі  пристив  бастығы  подполковник  Рукиннің  бас  көзге  қарамай  еріксіз  күштеу 

әрекеті  болды.Ал  Рукинге  жел  берген  сол  кездегі  жоғарғы  және  төменгі  деңгейдегі  басшылар-

Баймамбет  Маяев  пен  Ғапур  Калбин  еді.  Аталмыш  көтерілістің  тұтануына  осы  екі  билеушінің 

Орал  обылысының  басқармасына  шақырылуы  түрткі  болды.  Орыс  шекара  үкіметі  оларды  1868 

жылғы  қазақ  өлкесін  билеу  туралы  алынған  жаңа  ережелермен  таныстырды.  Бұл  жаңа  реформа 

түтін  басына  3сом  50  тиыннан  салық  жинауды,үй  санын  дәл  есепке  алуды,ел  билеушілерді    

сайлап  қоюды  ,уездік  соттарды  тағайындауды,ру-рудың  орнына  болыстар  мен  ауылдарға 

бөлінуді,паспорт  жүйесін  енгізуді  талап  етті.  Баймамбет  Маяев  пен  Ғафур  Қалбин  генерал-

губернатор алдында берген уәделерін орындау әрі патша ағзамның сенімді генералының қолынан 

алған лайықты шен-шекпен мен сыйлықтарына іспен жауап беру үшін жаңа ережені  қабылдауға 

елдің қарсылығы болмайды деп жоғары жағыларды сендірді.[1,2] 

Мұндай хабар ел арасында толқу туғызып Маңғыстау қазақтары түгел дерлік атқа қонды. 

Маңғыстау  приставы  подполковник  Рукин  Маяев  пен  Калбин  сияқты  ел  басқарушылардың   

,билердің  көмегімен  салықты  1869-1870  жылдарға  бір-ақ  жинамақ  болады.  Рукин  1870  жылы  15 

наурызда  көмекші  есаул  Логинов,Хорунжий  Ливкин,дистанция  бастығы  зауряд  хорунжий 

Маяев,урядниктер  Багайдинов  пен  Макаров,  тілмаш  зауряд  хорунжий  Бекшеров,бөлімше 

меңгерушілері  Аманжол  Сатыбалдиев,Құлат  Орақов,Қосым  Мырзабев  ,Қосшы  Ембердиев,Көпей 

Жүзбатыров,  Орақ  Жаулинов,  Атандық  Жұмаболов  ,молда  Бура  Есенаманов  және  5  қызметші 

қазак,  38  казактан  тұратын  конвой  командирі  хорунжий  Ливкин,қарулары  әрқайсысының  40 




196 

 

патроны  бар  винтовка,көліктері  36  түйе,45  күндік  жол    азықтарын  алып  салық  жинауға  шықты. 



1870  жылы  24  наурызда    сағат  5-те  көтерілісшілер  Үшауызда  Рукин  тобын  қоршады.Рукин  алға 

урядник  Багайдиновты бас етіп 5-6 казакты жібереді. Қазақтар  Багайдиновты  қылышпен шауып 

өлтіреді.  Жан-жақтан  қаруланған  Рукин  отрядына  бірінші  Досан  бастаған  топ,содан  кейін 

Алғи,Иса,Орақ,Дихан  бастаған  4  топ  төрт  жақтан  бір  мезгілде    шауып  көзсіз  ерлік 

көрсетті.Тұтқиылдан  жасалған  бұл  шабуылға  патша  солдаттары  мылтықты  болуларына 

қарамастан  ешбір  қайрат  жасай  алмады.  Рукин  қолға  түсу  қаупі  туған  кезде  өзін-өзі  атты. 

Ереуілдің нәтижесі подполковник Рукиннің,оның жәрдемшісі Баймамбет Маяевтың және 17 казак 

,1урядниктің өлімімен аяқталды.  [2,2] 

Үшауыздағы  жеңіс  көтерілісшілер  үшін  үлкен  жеңіс  болып  көрінді.  Үшауыздағы  жеңіс 

қанаттандырған көтерілісшілер жаңа шешуші шайқасқа даярланды. Бұрын жеңілместей көрінетін 

орыс  әскерінің  де  сүйек,еттен  жаратылған,оған  да  қылыш,найза  өтетінін  көріп,  қаһарға  мінді 

Рукинге  көмеккке  келе  жатқан  есаул  Колесников  қолының  Сарытастан  қорқып  кері  қайтуы  да 

жігерлендірді. Бүкіл  елге көтерілісшілердің атақ-даңқы жайылып,ереуілшілер тобының көбеюіне 

едәуір  ықпал  жасады.  Ауылдан  ауылға  көтерілісшіер  тобын  көбейтуге  беделді  адамдардан 

ұйымдастырушылар  жіберілді.  Сәуір  айының  басында  көтерілісшілердің  жалпы  саны  10.000  ға 

жетіп жығылды. Бұл күш ереуілшілерге үлкен шабытберіп,қанаттандырып оларды   рухтандырды.   

Көтерілісшілер  Таушық,Ұланақ,Сарытас,Ақшұқыр,Тортының  ойларына  топтастырылды.  [3,3].Әр 

қолдың басында өз батырлары, билері тұрды. Сарбаздардың азық-түлігін,көлігін керек жарағын өз 

рулары  көтереді.  Хабар  жеткен  ауылдардың  қару  ұстауға  жарайтын  ер  азамматары  бар  қаруын 

алып,жоғы  сойыл,қырағашын  тақымына  басып,  дойыр  қамшыларын  білеп,топ-тобымен  келіп 

қолға  қосылып  жатса,  ел  арасындағы  ұсталар  тез  қылыш,  найза  соғып  көтерілісшілерге 

көмектеседі.  Алғашқы  жеңіс  нәтижесінен  қуат  алған  көтерілісшілер  енді  Сарытастағы 

балықшылар қонысын қиратып оны өртеп жібереді. Бейбіт 21 орыс балықшылары  қарсыласамыз 

деп босқа опат болды. Сарытаста қолға түскен балықшы қайықтары да әжетке жарап,қайықтардан 

кіші  флотилия  құрып  теңіз  бетті  торуға  кіріседі.  Көтерілісшілер  1  сәуір  күні  Форт-

Александровскіге  аттанды.  2  сәуірде  олар  Николаевскі  поселкасын  талқандап,87  үйді  өртеп,8 

штаб-офицерді,4  обер-  офицерді,2  урядникті  38  казакты  тұтқындайды.  Бұлардың  ішінен  кейін  2 

обер-офицер,2 урядник,17 казак өлтірілді. 1870 жылы 5 сәуірден-9 сәуірге дейін   көтерілісшілер 

Форт-Александровскіні қоршайды. Қазақтар маяк пен 40 үйлі селоға,жағада жүк тиеулі кемелерге 

шабуыл  жасап  өртеп  жібереді.  5  сәуірде  көтерілісшілеро  жеті  матросымен  қараушысы  бар 

жоғарыдағы  маякқа  шабуыл  жасады.  [4,3]  5сәуірден  9-сәуірге  дейін  көтерілісшілер  Форт-

Александровскіні 

қоршауға 

алса 


да,қарапайым 

құс 


мылтықты,найза,қылышпен 

жарақтанғандықтан  соғыс  техникасымен  қаруланған  аздаған  орыс  әскерінің  күшін  жоя  алмады. 

Адам  санының  басымдығына  соғыс  техникасының  басымдығы  төтеп  берді.  Оның  үстіне 

орыстардан қырғыздар не ілгері ,не кейін жүруге мүмкіндік бермейді, шұғыл түрде 20 казакпен бір 

зеңбірек комплект патронымен жібер деген хабар алған бекініс капитаны Зелиннінің Астраханға 

жіберген жедел хабарының нәтижесінде 9 сәуірде фортқа 2 зеңбірекпен жарақтанған 2 рота жаяу 

әскер пароходпен келіп,бекіністің қорғаныс күшін нығайтады. Осыған қарамастан көтерілісшілер 

жеңістен күдер үзбей 20 сәуірде Форт-Александровскі бекінісіне қайтадан шабуыл жасайды. Бірақ  

өкінішке орай бұл кезде бекіністі қорғауға жан-жақтан келген қарулы әскер мен зеңбірек оқтарына 

көтерілісшілер шыдап тұра алмады.Оның үстіне майор Зелениннің алғашқы мәлімдемесі теңіздің 

арғы  бетіне  барып  жетісімен    телеграф  арқылы  форт  хабары  әрі  асты.  Қалыптасқан  дәстүр 

бойынша  бұл  хабар  әуелі  Кавказ  әскери  округінің  қолбасшысына,патшаның  Кавказдағы  

наместнигі ұлы князь Михаилге,одан соғыс министріне генерал адьютант Милютин 12 сәуір күні 

Кавказ  армиясының  қолбасшысына  төмендегідей  жеделхат  жолдады.  «Маңғыстаудан  келген 

соңғы  хабарға  қарағанда  ондағы  жағдай  тым  шұғыл  шешімді  шаралар  алуды  қажет  етіп  тұр. 

Патша  ағзам  онда  жіберілген  отрядты  әсіресе  атты  әскермен  күшейту  қажет  деп  есептейді.Олай 

қарай  тайланған  пішен  жіберудің  мүмкіндігі  барма.  Маңғыстауға  қатысты  барлық  істі  тек,ұлы 

мәртебелім,өзіңізге  жүктеледі.Өзіңіз  мақұл  деп  тағайындаған  адамға  Маңғыстау  уезін  түпкілікті 

тапсыру жөнінде генерал Крыжановскиймен телеграф арқылы сөйлесуге мархабат етіңіз». 

[5,3]Ген адьютант Милютин Кавказдағы патша өкілі Михаил тез арада Терек казактарының 

жүздігін  атқа  қондырып  Петровск  портына  жөнелтті.  8  сәуір  күні  осы  форттан  линиялық 



197 

 

батольонның  екі  ротасы  2  зеңбірегімен  «  Түрікмен»  пароходына  отырды.  Соның  артынша 



Астрахань  губернаторы  мен  Орынбор  губернаторы  Крыжановскийден  Маңғыстау  бүлігінің 

жалпылық сипат алып кетпеуі үшін тез әскер жібергелі жатқандары туралы хабар түсті. 10 сәуір 

күні  Шах  пароходымен  атқыштар  батольонының  роталары  аттанды.  Жаңа  жасақталған  отряд 

бастығы  етіп  Михаил  бас  штабтың  полковнигі  граф  Кутайсовты  тағайындады.  Оған  және 

Маңғыстау приставтығының міндеті,барлық әскерге қолбасшылық, «Түрікмен»,« Шах» басшылық 

сияқты  төтенше  өкілдік  берілді.9  сәуірде  Маңғыстауда  көрінген  жазалаушы  отрядттың  бұл  басы 

еді. [6,3] Михаил бұл  әскердің артынан тағы  Дағыстан  атты әскерінің бір жүздігін,атқыштардың 

екі ротасын,жоғарыдағы Терек казактарының жүздігін де Маңғыстауға жіберуге дайын қылды. 15 

сәуір  күні  олар  аталған  кемелерімен  жолға  шықты.  Сәуірдің  аяғында  Дағыстаннан  тағы  бір 

жүздік,терек  казактарынан  бір  жүздік  жасақталып  алдыңғысы  Маңғыстауға,соңғысы 

Красноводскіге  жіберілді.  Михаил  бұларға  қосымша  өзінің  адьютанты  полковник  барон 

Мейендорфты да Маңғыстауға іс сапармен жіберді.Сөйтіп Кавказдан Маңғыстауға әскер жеткізу 

шығыны  қазынаға  400  мың  сомға  түсті.  Маңғыстаудағы  көтерілісті  басуға  Орынборда  өз  үлесін 

қосты.  Орынбор  Жем  бойындағы  бекіністі  күшейту    үшін  қосымша  әскер    күшін  шығарды. 

Осылайша Маңғыстау әскер қоршауында қалды. 1870 жыл мамыр айы көтерілісшілер үшін қаралы 

да  қайғылы  ай  болды.Көтерілісшілер  жазалаушы    отрядының  қуғындауына  ұшырады. 

Оңтүстігінде  Красноводскінің,солтүстігінде  Орынбор  округінің  батысында  граф  Кутайсовтың 

отрядтары  ауылдарды  шауып,малдарды  топ-тобымен  айдап  алды.  Көтеріліс  жанышталды.  

Көтеріліс   жеңіліс тапқаннан кейін елдің басып көшуі кең етек алды. Досан бастаған 3000 үй адай 

1870  жылдың  желтоқсан  айында  Хиуа  жеріне  өтіп  кетеді.  Ауа  көшіп  барған  қазақтарды  Хиуа  

ханы  қоныстандырады.  Досанға  ерген  үш  мың  үйді  Көнеүргеніш  пен  Хиуаның  арасына 

орналастырды. Досан Хиуа жеріне өтіп кеткенмен ,қолға түскен 1874 жылға дейін отаршылдарға 

қарсы  күресін  бір  сәт  тоқтатпаған.  Хиуа  мен  Аралдың,Үстірт  пен  Сам  құмының,  Ақтөбе  мен 

Доңызтау, Аяққұм, Шалқар,Ойыл мен Жем бойында патша отрядымен әлденеше рет қақтығысқа 

түскен. 1873 жылы тамыздың басында Александровскі Фортының пристав бастығы генерал Н.П. 

Ломакин    бастаған  патшалық  Ресейдің  басқыншы      әскері  Хиуа  хандығын  да  бағындырады.  

Хиуаны  бағындырғаннан  кейін  патша  әкімшілігі  баяғы  әдісіне  салып  бір  халықты  екіншісіне 

қарсы  қоя  бастады.  Хиуалықтардың  орыс  отаршылдарына  бас  көтерерлік  қауқары  жоқтығын 

түсінген  Досан  Тәжиев  Маңғыстауға  қайта  оралып  өзінің  бұрынғы  серіктерімен  байланыс 

орнатып,оларды қолға қару  алуға шақырды. Бірақ  Маңғыстау қоршауда қалған болатын.Үш айы 

бойы патша әскерлері  Маңғыстаудан кетпеді. Орынбор генерал губернаторы Н.А.Крыжановский 

әскери  министр        Милютиннің  бұларды  келістіріп  жазалау  керек  деген  нұсқауына  сай 

көтерілісшілерді  қудалаудан  аянған  жоқ.  1870  жылғы  көтеріліс  жеңіліске  ұшырады.    Көтеріліс 

қатысушыларды жазалау басталды. Дағыстан облысы әскери штабының обер-аудитор прокуроры, 

кеңесші Карачевтің,  Темірхан-Шора әскер басшының аудитор іс жүргізушісі, лауазымды кеңесші 

Прилисийдің қатысуымен Форт-Александровскі әскер басшысы, подполковник Архангельскийдің 

басқаруымен сот ісі 1876 жылы 8 наурызда басталып, 12 наурызда аяқталады. Тексеру барысында 

жинақталған 5 томдық 110 парақ құжат бойынша Досан бастаған көтерілісшілердің тағдыры бас-

аяғы  4  күнде  шешіледі.  Далалық  әскери-сот  Алғи  (Алдоңғар)  Жәлімбетовты  10  жылға  каторгіге 

жер аударуға, Тілеуберген Орақовты дарға асуға, Дихан Өтеповты, Шурен Имановты әскери сотқа 

тартуға,  Демесін  Жиенбаевты,  Әлібай  Сүтімбаевты,  Өтеген  Итемгеновті  Сібірге  әкімгершілік 

жолымен жер аударуға үкім шығарды. Қарасай Мыңбаевтың ісін ол Досан туралы дереу беруден 

бас  тартқандықтан  және  Горячинскідегі  қанды  оқиғаны  тексеру  ісі  әлі  аяқталмағандықтан  Орал 

облыстық  бастығының  шешіміне  қалдырады.  Кінәлері  жеткілікті  дәлелденбегендіктен  Табан 

Досанов,  Жарас  және  Жаманбала  Тәжиевтер  қоғамдық  бақылауға  берілсін  делініп,  ал  Табынай 

Бегешев  пен  Шолтан  Досанов  қылмысты  істен  ақталды,  Табынай  Бегешевті  тұтқыннан,  ал 

Шолтанды кепілдіктен босату туралы үкім шықты.  [7,1] 

 Алғи (Алдоңғар) Жәлімбетов 1870 жылғы көтерілісшілердің басшысы болмағандығы және 

оның  1873  жылғы  Хиуа  экспедициясына  өз  еркімен  келіп  қатысқандығы  ескеріліп,  империя 

губерниясының алыс түкпірінің біріне 7 жылға жер аударуға,  Дихан Өтепов, Шурен Иманов көп 

уақыт тұтқында отырғандықтан олардың ісін әскери сотқа бермеу, олардың өздерін империяның 

алыс  түкпіріне  5  жылға  әкімгершілік  шарамен  жер  аудару  туралы,  Демесін  Жиенбаев,  Әлібай 




198 

 

Сүтімбаев, Табан Досанов, Жарас Тәжиев, Табынай Бегешев және Шолтан Досановтар жөніндегі 



Далалық әскери соттың үкімімен келісу жайында бұйрық шықты. [8,1] 

 Көтеріліс кезіндегі және онан кейінгі көтеріліске қатысқандардың келтірген зияндары мен 

шығындары  айыпкерлердің  дүние-мүлкі  есебінен  төленсін,  егер  олардың  мал-мүлкі  ол 

шығындарды  өтеуге  жетпесе,  онда  олардың  ауылы,  не  руы  есебінен  өндірілсін  деген  шешім 

қабылданды. Осылайша Маңғыстау көтерілісі жеңіліспен аяқталды.  

Маңғыстаудағы  көтерілісте  антифеодалдық  сипат  әлсіз  болды.  Оның  бір  себебі 

адайлықтардың  өзге  аймақтардан  алшақ  орналасуына  орай  олардың  арасында  рулық-

патриархалдық құбылыстар әлі де болса күшін сақтап қалған еді. Сонымен ,көтерілісшілер жеңіліс 

тауып,  аяусыз  басып  жаншылды  Көтерілістің  жеңіске  ұшырауының  да  заңды  себептері  бар. 

Көтерілісшілердің  сенімді  тылы  болмады,  экономикалық  базасы  да  жоқ  еді.  Көтерілісшілер 

ауылдарынан қол үзіп кете алмайтын. Олардың шегінетін жалғыз жолы-патша әскерлері тұрақты 

басып  ала  қоймаған  жартылай  шөл  аймақ  Үстірт  болатын.  Көтерілісшілерде  алдын  ала 

ойластырылған саяси бағдарламада болған жоқ. Тарихта болған 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі  

шын  мәнісінде  тек  Маңғыстау  өлкесін  мекендегендердің  ғана  патшалық  режимге  қарсы  бас 

көтеруі  емес,  бұл  сонымен  қатар,бүкіл  қазақ  қауымының  Ресей  империясының  отарлаушылық 

тойымсыздығына  қарсы    тойтарыс  беруді  мақсат  еткен    ең  ірі  де,  ең  ақырғы  да  айқас  болатын. 

Өйткені  мұнан  кейін  Ресей  патшалығының  отарлық  құрығына  амалсыздан  мойынсұнған  бүкіл 

қазақ ұлысында бұдан әрмен қарай ел болып көтеріліп,зеңбіректі әскермен айқасардай      қайрат 

қалмаған  еді.  Олай  болса  бір  жарым  ғасыр  бойы  жартылай    тәуелсіз  бодан  болып  өмір    кешіп 

келген елдің сол күйінен айырылып қалмауды мұрас біліп, тұяқ серпер ақырғы айқасының бүкіл 

ұлт тарихында ерекше орны болуы заңды. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.Ақиқат. 1996, №3.   

2.Маңғыстау энциклопедиясы 1997. 

3.Спан  Ә.    Иса    Тіленбайұлы  :  Тарихи      танымдық      баян    –    Алматы:  «  Нұрлы      әлем  » 

баспасы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет