Түркі империясы-көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі492,69 Kb.
#92685
1   2   3
Байланысты:
Түркі империясы-көшпенділер мемлекеттілігінің классиикалық үлгісі

Қалыптасуы


Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси қартасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанады, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жеткен.
VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Гәңсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан.
Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужандарға қарсы күресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп, жужан мемлекетін талқандайды.
Түркі қағанаты
Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.
Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады».
Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы ИЕштеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Иштеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.
Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 аймаққа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара будундар (жалпы халық), таттар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.
581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы рөлі азаюға бастады. Тобо хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді.
604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Тардуш (Дато) сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып сайланды.
Сыртқы саясаты
Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді. Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванга Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұксат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарганда, бұл елшілікті соғды көпесі Маннах бастап барғанына таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуга бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердін жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетгі. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қаганымен келіссзөде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады. Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Каған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек. Солай болып шықты. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанатгың істеріне ықпал жасай алмады.
Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вассалдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.[3]
Түркі тайпаларының діні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет