Шай – шәй, жай – жәй, жайлы – жәйлі, жайымен – жәйімен, жайлап – жәйлеп, жайылым – жәйілім, жайлау – жәйлеу, жайбарақат – жәйбарақат сияқты сөздердегі
а-ә алмасуын түркологтар ш, ж және й ды-
быстарының алмасуын жұмсартушылық қа-
сиетінің әсері деп түсіндіреді. Осыған ұқсас
құбылыс басқа түркі тілдерінде де кездеседі.
Б.А. Серебренников пен Н.З. Гаджиева а-ә алмасуын а дыбысының тұрақсыздығынан деп
[10], ал М. Рясенен а-ның жіңішкеруін ж және
й дыбыстарының ортасында келгенде көрші
дыбыстардың ықпалынан деп түсіндіреді.
Аталған құбылысты профессор А. Айға-
былов фонетикалық өзгеріске жатқызбайды,
себебі ж, ш, й дыбыстарының «ықпалы шексіз
емес, бір сөзде әсері болса, екінші сөзде әсері
жоқ. Бұл дыбыстардың арасында келген о, ұ, ы дыбыстары тіпті жіңішкеріп ө, ү, і түрінде
дыбысталмайды. Мәселен, жой, шойын, сой, сый сияқты сөздердің жіңішке айтылуы кез-
деспейді. Демек, бұл құбылыстар – сөйлеу
барысында қалыптасқан морфонологиялық құ-
былыстар» [4, 38].
Қорыта келгенде, дыбыс алмасулары фоне-
тика мен морфология салаларының заңдылық-
тарына көне бермейтін, сөзжасам тәсілінің де
талаптарына жауап бере бермейтін аралық (фо-
нетика, морфология, семантиканың үшеуіне де
белгілі бір дәрежеде қатысты) құбылыс болып
табылады. Дыбыс алмасуларына байланысты
құбылыстардың барлығы тілдің даму тарихы-
мен тікелей байланысты болғандықтан, көп
жағдайда фонологиялық шарттылық орын
алады. Морфонологиялық құбылыстар арти-
куляция мен акустикаға байланысты болмаған-
дықтан, оны фонетика ережелерімен түсініруге
келмейді. Бір позицияда түрлі өзгеріс пайда
болып, ауытқу жиі кездеседі. Сондықтан ды-
быс алмасулары таза фонетикалық себептер-
мен жүзеге аспайды және олардың өзгеруіне
басқа да факторлардың әсері болады, олардың
морфонологиялық құбылыс ретінде қарасты-
рылуының басты себебі осы.