Түркі тілдерінің жазба ескерткіштері және олардың лингвистикалық с ипатт



бет1/8
Дата25.11.2023
өлшемі370,58 Kb.
#128121
  1   2   3   4   5   6   7   8

Тема: Түркі тілдерінің жазба ескерткіштері және олардың лингвистикалық сипаттамасы
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Көне түркі жазбалары және зерттелуі
2.2. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
2.3. Көне Түркі жазуларының мазмұны
2.4. Орхон-Енисей жазбалары
2.5. Көне түркі жазба ескерткіштері
ІІІ. Дереккөздер


Кіріспе
Бүкіл түркі дүниесінің алтын діңгегі, ортақ қазынасы саналатын көне түркі жазба ескерткіштері ата-бабаларымыздың ұрпақ болашағы, ел келешегі үшін артына қалдырған баға жетпес асыл мұрасы екені баршаға аян. Тарих қойнауында сан ғасырлар бойы сырын ішіне бүктеп, құпиямды, қасиетімді кім білер, бойымда жатқан ел мен жер тарихы сияқты құнды деректерді ұрпағыма кім паш етер екен деп түркінің сары даласында мүлгіп тұрған таңбалы тастар мен өрнекті кескіндер қаншама. Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі мемлекеттері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырылған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Сондықтан да біз мақалада осы көне көз жазбаларды тас бетіне түсіріп кеткен түркі қағанатының қайнар көзі, түп-тамыры саналатын ғұндар мен сақтар деп білеміз.Осы көне түріктік руникалық жазбаларды зерттеу, олардың тарихын, қайнар көзін, географиялық мекенедерде таралуын білу әр бір түркі халық үшін міндетті.
2.1. Көне түркі жазбалары және зерттелуі
Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет