Түркістан облысы Шардара ауданы “Жаушықұм” мектеп-лицейі Баяндама



бет2/3
Дата20.02.2023
өлшемі5,3 Mb.
#69443
1   2   3
Жаушықұмтөбе” жәдігерлері

«Жаушықұмтөбеден» бастап, барлық төбешіктердің басына күні бұрын ағаш жинап үйіп қоятын болған. Егер тұтқиылдан жау шапса, қорым басындағы шырақшы отты тұтатып келесі төбелерге белгі бергенде күндіз оты мен түтіні, түнде оты, жарығы көрініп Түркістан бағытындағы шаһарлардың барлығына хабар беретін болған.
Демек, Жаушықұмтөбенің стратегиялық маңызы кезінде өте зор болған. Бұл тарихи шаһарда кезінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, ғылыми мәліметтер алынған



Қазыбек әулие. Өмірінде ешқайда көшпей отырған, барынша қарапайым, әулие кісі екен. Қазір де бұл кісінің ұрпақтары осы маңда тұрады. Мырзадинов Серікбай деген кісі Ұлы Отан соғысына қатысып келіп, қартайғанша осы маңда бала оқытып өткен педагог болған кісі.
Ол кісінің бір кереметі - мал атаулының пірі болған деседі. Менің бар құдіретім сол- менің кейінгі ұрпақтарым менің басыма малын бір түнетіп кететін болса, малы ылаңнан айығып, мал басы өсіп – өнеді дейді екен. Малы ауырып қалған шаруалар малдарын әкеліп, әулиені бір айналдырып әкетсе, малы кеселден жазылып, отанына береке кіріп жатады. Ол кісі көзі тірісінде, «Мені дүниеден озғанда мені ешқайда апармаңдар, мына жерге жерлейсіңдер» деп, қазіргі өзі жатқан жерді көрсетіп өсиет айтып кеткен екен. «Көке, бұл жерде мазар жоқ, айдалаға сіздің жалғыз өзіңізді қалай жерлейміз десе,» Оны уайымдамаңдар, мен қайтыс болған кезде бір қыздың сүйегі дариядан ағып келеді, соны шығарып, менің қасыма жерлейсіңдер, бұл жер кейін үлкен зиратқа айналып кетеді екен деген екен. Сөйтсе дариядан шынымен – ақ бір қыздың ағып келе жатқанын көріп ұстап, осында бірге жерлеген екен деседі. Оның әулие екенін ел сол кезде барып біледі. Қазір сол айтқанының бәрі келді, басында шырақшысы бар, әулиелі жерге айналды. Ауру сырқаулар келіп аруағына құран бағыштап, суынан ішіп ем алады.
.
Мақсатым
Жусан өсімдігінің
түрлер мен қасиеттерін
анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет